Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04203 Құқықтану: қылмыстық-құқықтық бағыт в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасы жоғары, іргелі білімі мен нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен іске асыруда, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, құқықтық оқыту мен тәрбиелеуде кәсіби құзыреттілігі жоғары білікті магистрларды сапалы дайындау болып табылады.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M078 Құқық
  • Дайындық бағыты 7M042 Құқық

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқару құқығының және басқа да байланысты құқық институттарының теориясы мен тәжірибесін құқықтық реттеу мәселелерін ажырата және жіктей білу.
  • қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқару құқығы саласындағы ғылыми еңбектер мен зерттеулерді теориялық және практикалық сегментте талдау дағдыларына ие болу.
  • мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды оқыту мен талдаудың жаңа идеяларын, тәсілдері мен әдістерін жасауға елеулі үлес қоса отырып, теориялық және қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелерді жоғары деңгейде жүргізу;
  • сотқа дейінгі дауларды шешу үшін келіссөз механизмін жүзеге асыра білу.
  • мемлекеттік органдардың қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару құқығы нормаларын қолдану заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін талдау, сондай-ақ осы салаларда сот тәжірибесін талдау.
  • психология, философия және педагогика саласындағы іргелі білімдер мен дағдыларға негізделген көптілді ортада тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынаста белсенді азаматтық ұстанымды көрсету;
  • қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару құқығының нормаларын талдау, түсіндіру және қолдану, сондай-ақ осы саладағы заңнамадағы олқылықтар мен қайшылықтарды анықтау дағдыларына ие болу.
  • арнайы білімдерді, техника мен әдістерді пайдалана отырып, қылмыстарды тергеу және ашу дағдыларына ие болу;
Top