Жаңа білім беру бағдарламасы

6B07305 Құрылыстағы ВІМ технологиялар в Yessenov University

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Негізгі жаратылыстану-ғылыми пәндер, экономика негіздері және тіршілік әрекеті мен процестерінің қауіпсіздігі туралы білімді, оңтайлы шешім табуға мүмкіндік беретін стандартсыз тұжырымдамаларды қолдана отырып, еңбек қызметі процесінде кәсіби міндеттерді шешеді.
  • Әлемдік құрылыс индустриясындағы серпінді өзгеретін құбылыстар мен процестерге бейімделу мақсатында қазіргі заманғы ақпараттық ағымдарды қолданады.
  • Жоғары технологиялар, энергия үнемдейтін технологиялар, құрылыс жүйелерін жобалау және талдау, зерттеу нәтижелерін жазбаша ұсына алады, зерттеулерді жоспарлайды және жүргізеді.
  • Жаһандық және ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарға, құқықтық, тілдік білімге және ақпараттық сауаттылыққа ие өзінің азаматтық және адамгершілік ұстанымын білдіреді.
  • Энергия үнемдеу саласындағы заманауи инновациялық әзірлемелерді пайдалана отырып, инженерлік жүйелерді, механикалық және электр жабдықтары мен механикаландыру құралдарын жобалауға ВІМ технологияларды қолдана отырып, ғимараттар мен құрылыстарды салу және реконструкциялау бойынша жобалау-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асырады.
  • Құрылыс конструкцияларын, ғимараттар мен құрылыстардың негіздерін, жылумен, газбен жабдықтау, желдету, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін есептеу, жобалау, құрылыс өндірісін ұйымдастыру бойынша жобалардың негізгі нормативтік және анықтамалық құжаттарына сәйкестігін талдайды.
  • Әзірленетін жобалар мен техникалық құжаттаманың стандарттарға, техникалық шарттарға және жобалау мен құрылыс жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
  • Пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында құрылыс материалдарының негізгі физика-механикалық қасиеттерін, оларды дайындау технологиясын, зерттеудің заманауи әдістерін талдайды.
  • Құрылыс объектілерінің конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын, кәсіпорын шығаратын өнім үлгілерін монтаждау, баптау, сынау және пайдалануға беру қағидалары мен технологияларын тиімді қолданады; құрылыс саласында ҚНжЕ және Еврокодтарды пайдаланады.
  • Құқық, экономикалық теория, кәсіпкерлік және ойлау дизайны негіздерін қолдана отырып, өз ісін ұйымдастыру мүмкіндігімен кәсіби дағдыларды одан әрі жетілдіруге қабілетті.
  • Ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларын, олардың негіздері мен іргетастарын, инженерлік жүйелерді, оның ішінде заманауи бағдарламалық өнімдерді пайдалана отырып есептеуді орындайды.
  • тілдік білімдерін, академиялық жазу негіздерін, эмоциялық зиятты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті пайдалана отырып, кәсіби және әлеуметтік ортада тиімді өзара іс-қимыл жасайды.
Top