Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04106 Бизнес-құрылымдардың есебі және аудиті в Yessenov University

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • "1С:Бухгалтерия. 8 нұсқа" бағдарламасында жұмыс істеу дағдыларын игере отырып, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтердің, меншікті және қарыз мүлік көздерінің, сондай-ақ кірістер мен шығыстардың жай-күйін сипаттау үшін ақпаратты қалыптастыру процесінде туындайтын қаржылық, басқарушылық және салықтық есеп, аудиторлық тексеру мәселелерін шешудің әдістері мен тәсілдерін қолдану.
  • Ақпараттық өзара іс-қимылдың, ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің, түсіндірудің негізгі тәсілдері мен құралдарын, қойылған экономикалық міндеттерді шешу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын қолдану.
  • Командада жұмыс істей отырып, эмоциялық интеллект, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, қоғамға қызмет білуін пайдалана отырып, ауызша, жазбаша коммуникативтік дағдыларды көрсете отырып, кәсіби және әлеуметтік салада тиімді өзара іс-қимыл жасау.
  • Ұйым активтерінің, міндеттемелерінің және капиталының болуы мен қозғалысының есебі мен аудиті және оның шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижелерін анықтау жөніндегі іс-шараларды орындау.
  • Бухгалтерлік есептің жүргізілуін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және халықаралық аудит стандарттарының қағидаттарына сәйкес бағалау.
  • Қаржылық-есептік талдаудың автоматтандырылған жүйелерінде өзекті міндеттерді шешу үшін экономиканы цифрландыруды қолдану.
  • Жаһандық және ұлттық рухани-адамгершілік, мәдени құндылықтарға, әлеуметтік, құқықтық және корпоративтік жауапкершілікке, ақпараттық сауаттылыққа ие бола отырып, өзінің азаматтық ұстанымын білдіру.
  • Әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомстволардың және т. б. есептілігінде қамтылған қаржылық, бухгалтерлік және өзге де ақпараттың жасалуын түсіндіру.
  • Экономика және бизнес, экономикалық-қаржылық технологиялар саласындағы білімді, экономикалық ақпаратты іздеу, бағалау, іріктеу және пайдалану біліктері мен дағдыларын қолдана отырып, оңтайлы шешім табуға мүмкіндік беретін стандартты емес ойлауды пайдалана отырып, кәсіби міндеттерді шешу.
  • Экономикалық теория, кәсіпкерлік, ойлау дизайны, шет тілі, құқық негіздері, практикаға бағдарланған арнайы курстар негіздерін білуін пайдалана отырып, өз ісін ұйымдастыру мүмкіндігімен одан әрі кәсіби даму бағыттарын айқындау
  • Деректерді жинау, талдау және өңдеуді жүзеге асыра отырып, зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүргізу.
  • Өндірістік шығындар туралы деректерді жүйелеу, өндірілген өнімнің өзіндік құнын бағалау және пайданы анықтау үшін басқару есебінің принциптері туралы білім жүйесін пайдалану.
Top