Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05146 Биология в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
  • Оқу-далалық және зертханалық жағдайда заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланып, биологиялық тәжірибелер және зерттеулер жүргізеді.
  • Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады.
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды.
  • Бақылау, салыстыру, суреттеу біліктерін көрсетіп, компьютерлік анықтағыштарды қолданып, биологиялық түрлерді жіктейді.
  • Биоресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау іс-шараларын жоспарлап және жүзеге асырып, биоалуантүрлілікті сақтау мәселелерін шешеді.
  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады.
  • Кәсіби қызметте биология саласындағы озық теориялық және практикалық білімін қолданады.
  • Биологиялық объектілер мен жүйелерді зерттеулердің статистикалық нәтижелерін компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып, сауатты тұжырымдайды.
Top