Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B01408 Дене шынықтыру және спорт (IP) в Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты "Дене шынықтыру және спорт" білім беру бағдарламасының мақсаты әлемдік стандарттар деңгейінде дене шынықтыру мұғалімдері мен спорт жаттықтырушыларын даярлау арқылы қоғамды сауықтыру және сапалы білім беруді қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу болып табылады.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Шығармашылық емтихан және Шығармашылық емтихан
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Зерттеу нәтижелерін визуализациялау және елестету
Спорттық метрология
Бейімделген спорт теориясы мен әдістемесі
Сауықтыру-рекреативті дене шынықтыру
Гимнастика оқыту әдістемесімен 1 (IP)
Гимнастика оқыту әдістемесімен 2 (IP)
Педагогикалық зерттеулер
Спорттық ойындар оқыту әдістемесімен (баскетбол, волейбол)
Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары
Оқытудың әдісі мен технологиялары (IP)
Дене шынықтыруда және спортта физикалық дамудың және функционалды дайындығының мониторингі
Ғылыми зерттеулер әдістері
Спорт және жарыс этикасы
Бағалау және дамыту
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері (IP)
Балалар-жасөспірімдер спортында спорттық дайындық процесімен басқару
Оқытуды жоспарлау және дербес оқыту (IP)
Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері (IP)
Спортта тестілеу және баптау
Оқыту әдістемесімен шаңғы дайындығы
Дене шынықтырумен және спортпен айналысу процесінде бақылау және өзін-өзі бақылау
Дене шынықтыру жаттығуларының қолданбалы физиологиясы
Дене шынықтырудың балама түрлері
Спорттың таңдалған түрінде дене тәрбиесі және баптау
Спортта өзін-өзі реттеу психологиясы
Экология және өмір сүру қауіпсіздігі (IP)
Оқыту әдістемесімен жүзу
Спорт медицинасы мен оңалту негіздері
Спорттық ойындар оқыту әдістемесімен (футбол, гандбол)
Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі
Шахмат оқыту әдістемесімен (IP)
Мектепте жұмысқа қабілеттілігіне және демалысына арналған дене шынықтыру
Инклюзивті білім беру ортасы
Экономика және құқық негіздері (IP)
Дене шынықтыру және спорт психологиясы
Дене шынықтыруды оқыту әдістемесі
Оқыту әдістемесімен жеңіл атлетика
Қолданбалы кинезиология
Қимылды және ұлттық ойындар
Дене шынықтыруда және спортта қолданбалы зерттеу
Сауықтыру және спорттық нутрициология
Зерттеулер, даму және инновация (IP)
Білім туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары (IP)
Адаптациялық дене шынықтыру
Дене тәрбиесі және спорт түрлері негіздерімен адам физиологиясы
Таңдап алған спорттың техникасы мен тактикалық дайындығы
Адам қозғалысы мен дене шынықтыру жаттығуларының биомеханикасы
Адам мен дене шынықтыру жаттығуларының функционалды анатомиясы
Емдік дене тәрбиесі және уқалау
Кәсіпкерлік дағдылары (IP)
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіруге, Қазақстан тарихы оқиғаларының себептері мен салдарын талдауға, табиғи және әлеуметтік әлемді ғылыми түсінуді, қоғамдық сана мен өнеркәсіптік өндірісті экологияландыруды, табиғатты ұтымды пайдалануды және мемлекеттің тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу мәнмәтінінде қауіпсіз өмір салтын қамтамасыз ететін дүниетанымдық ұстанымдар мен философия білімі негізінде қоршаған болмысты бағалауға қабілетті.
- Әлеуметтік-саяси, экономикалық, құқықтық білім, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен кәсіпкерлік дағдылар негізінде қазақстандық қоғамның әлеуметтік, іскерлік, мәдени, құқықтық және әдеп нормаларына сәйкес өзінің ақылақтық және азаматтық ұстанымын дамытуға, сондай-ақ жеке және кәсіби бәсекеге қабілеттілігін көрсетуге қабілетті.
- Зерттеу әдіснамасын таңдауды жүзеге асыруға, жаңа білім алу үшін әртүрлі ғылыми әдіс пен тәсілді қолдануға және өз қызметінде әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологияның түрін: интернет-ресурстар, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуға арналған бұлтты және мобильді қызметтерді қолдануға қабілетті.
- Тұлғааралық, әлеуметтік және кәсіптік қатысымдылықтың әртүрлі саласында қазақ, орыс және шетел тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда қарым-қатынас жасауға және сындарлы қарым-қатынас құра отырып және жаһандық кәсіптік білім беру қоғамдастығына қатыса отырып, түрлі кәсіптік желілік қауымдастықтарда офлайн және онлайн жұмыс істеуге қабілетті.
- Білім алушылардың әртүрлілігін ескеріп, олардың психологиялық игілігін қамтамасыз ете отырып және оқытуды қолдау үшін әртүрлі цифрлық ресурсты пайдаланып, базалық психологиялық-педагогикалық, жаратылыстану-ғылыми және пәндік-әдістемелік білім негізінде оқыту процесін білім беру ортасының әртүрлі типінде педагогикалық маңызды түрде әзірлеуге, енгізуге, бағалауға және дамытуға қабілетті.
- Адамның физикалық, психикалық, психомоторлық дамуының өзара байланысын, физикалық дайындықтың шаршау мен эмоционалдық күйзеліске орнықтылығына әсерін білу негізінде тұлғаның спорттық іс-әрекеті мен физикалық белсенділігін психологиялық сүйемелдеуді жүзеге асыруға; сабақ барысында және жарысқа дайындық кезінде шұғылданушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеруге; арнайы жаттығу және жарыстық үрдістер кезінде қалжырау, психологиялық зорығу, күйзеліс, эмоционалдық күйіп кету белгілерін анықтауға; психикалық жағдайларды оңтайландыру үшін өзін-өзі реттеудің психотехникасын үйретуге қабілетті.
- Адам ағзасының жұмыс істеуінің анатомиялық, физиологиялық, биомеханикалық негіздерін, жарақаттар мен аурудан кейінгі алдын алу мен оңалтуды білу негізінде олардың тиімді тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін әртүрлі жыныстағы және жастағы адамдардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың игілігін дене шынықтыру және спорт құралдарымен қолдауға қабілетті.
- Спортпен шұғылданатындар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар контингентінің жыныстық-жас және жеке айырмашылықтарын ескере отырып, оқу, сауықтыру және оқу-жаттығу сабақтарын жоспарлауға, ұйымдастыруға және өткізуге, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ететін және сабақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін білім беру және спорттық-жаттығу ортасы мен жағдайларын құруға қабілетті.
- Шұғылданушылардың жыныстық-жас, жеке айырмашылықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, спорт түрлері бойынша жарыстарды, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық-бұқаралық іс-шараларды және басқа да қозғалыс рекреациясының түрін жоспарлауға, ұйымдастыруға және өткізуге, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті.
- Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың оқыту, дайындық және жаттығу нәтижелерін жыныстық-жас, жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне, сондай-ақ спорттық біліктілік деңгейіне сәйкес бағалауға қабілетті.
- Пәнаралық деңгейді қоса алғанда, дене шынықтыру және спорт саласында қолданбалы зерттеулерді өздігінен бастауға және жүргізуге, зерттеу әдіснамасы мен ғылыми әдеп негізінде зерттеулердің дизайнын құрастыруға, спортшылардың дене шынықтыру, техникалық, тактикалық, теориялық және басқа да даярлық түрлерінің көрсеткіштерін өлшеу мен бақылаудың метрологиялық негізделген құралдары мен әдістерін қолдануға, зерттеу нәтижесін жұртшылыққа көрнекілендіруге және ұсынуға қабілетті.
- Өзінің физикалық денсаулығы мен қозғалыс белсенділігіне, нутрициологияға қамқорлық жасаумен байланысты тәжірибеде мақұлданатын және іске асырылатын мінез-құлық нормаларын, дене шынықтыру мен спортқа оң мотивациялық-құндылық қатынасын қалыптастыруға; салауатты өмір салты және дене шынықтырумен өз бетінше айналысу арқылы өзінің толыққанды кәсіби және әлеуметтік қызметін қолдауға және қамтамасыз етуге қабілетті.