Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07107 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы в Торайгыров университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Өнеркәсіптің химиялық және мұнайхимиялық салалары үшін, химиялық технология аймағында тереңдетілген арнайы және фундаменталды білімдерге, арнайы құзыретке ие, химиялық процестердің жүруін түсінетін, технологиялық процесті жүргізудің нормалары мен талаптарын және оны бақылауды түсінетін, алдарына мақстат қоюды және оған қол жеткізуді білетін біліктілігі жоғары деңгейлі мамандар дайындау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B060 Химиялық инженерия және процестер
  • ҰБТ-дағы пәндер Химия және Физика

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Бақылау, интерпретация, талдау, қорытынды шығару қабілеті, баға беру қабілеті, сыни ойлау дағдылары, креативтілік, өзін-өзі дамытуға қабілетті
  • Әртүрлі әлеуметтік жағдайларда дұрыс бағдар ала алады, командада жұмыс істей алады, өз көзқарасын дұрыс қорғай алады, жаңа шешімдер ұсына алады
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін ескере отырып, кәсіби қызмет бағыты бойынша, оның ішінде экология және табиғатты пайдалану саласында стартап-жобалар әзірлейді
  • Стандартты кәсіби міндеттерді шешу және жұмысты ұйымдастыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген
  • Математикалық ойлау тәсілдерін қолдана отырып, күнделікті жағдайларда кәсіби міндеттерді шешеді
  • Техникалық ғылымдар аймағындағы базалық білімдерін бейорганикалық заттарды өңдеудің технологиялық процестерін есептеу үшін қолданады
  • Қызметкерлерді басқарады және еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді
  • Сапа менеджменті жүйесінің, экологиялық менеджмент жүйесінің талаптарын орындайды
  • Бейорганикалық заттарды өндіруде және химиялық өңдеуде технологиялық процестерді жүргізуді ұйымдастырады
  • Бейорганикалық заттарды өндіруде және химиялық өңдеуде инновациялық және рационализаторлық қызметке қатысады
  • Университеттік, аймақтық, республикалық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу кезінде азаматтық және патриоттық, рухани Жаңғыру-қоғамдық сананы жаңғырту, Қазақстанның Үшінші жаңғыруы идеяларының негізінде көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді
  • Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде (В1, B2, С1 деңгейі), оның ішінде кәсіби салада коммуникацияның негізгі дағдыларын меңгергендігін көрсетеді
Top