Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01501 Химия және биология мұғалімі в Мирас

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Жалпы білім беру пәндері саласында білімдерін, іскерліктерін, дағдылары мен құзыреттерін көрсетеді
  • Студент үшін бейінді емес даярлық бағытының қосымша білімі мен құзыреттілігін, студент үшін бейінді емес даярлық бағытының іскерліктері мен дағдыларын қолдануды, студент үшін бейінді емес даярлық бағытының тиімді қызметін жүзеге асыруды көрсетеді
  • Балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, бала ағзасының өсуі мен дамуының негізгі биологиялық заңдылықтарын анықтауға, гигиеналық талаптарға сәйкес мектепте қоршаған ортаны ұйымдастыруға, өмір мен денсаулықты қорғауды қамтамасыз етуге қабілетті
  • Химия және биологияны оқыту әдістері мен тәсілдерін, зертханалық тәжірибелерді, практикалық сабақтар мен эксперименттерді жоспарлау мен қоюды, талдау мен синтездеуді; сабақты жоспарлау мен өткізу әдіснамасын, технологиялық схемаларды жасауды, физика-химиялық есептеулер әдістерін және теориялық және практикалық міндеттерді шешуді меңгерген, талдаудың жаңа әдістерімен жұмыс істеу кезінде ақпаратты синтездейді.
  • Жеке және кәсіби дамудың өзіндік траекториясын құруға қабілетті, жеке және кәсіби өзін-өзі жетілдіру қабілетін көрсетед
  • Ғылыми зерттеу әдістерін меңгергенін, Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, жобаларды орындау біліктері мен дағдыларын көрсетеді, академиялық жазуды және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгерген
  • Ұжымда жұмыс жасай алу қабілеті, өндірістік үдеріске қатысушылармен диалог жүргізе алу, адамдармен тікелей қарым-қатынаста сындарлы қарым-қатынас орната алу, іскерлік қарым-қатынас дағдыларына ие
  • Тұлғааралық және кәсіби қарым-қатынасты қазақ, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде жүзеге асыруға қабілетті
  • Қазіргі генетика, микробиология, вирусология, иммунологияның негізгі бағыттары туралы білімді меңгерген, микроорганизмдердің маңызды қасиеттері және олардың табиғаттағы рөлі, сондай-ақ адам қызметінің әртүрлі салаларындағы орны туралы білімдерін көрсетеді
  • Зертханада омыртқасыздармен және омыртқалы жануарлармен жұмыс істеудің негізгі әдістерін меңгерген, жануарлар мен өсімдіктердің физиологиялық процестері туралы білімді, сондай-ақ Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар әлемі ресурстарының маңыздылығы туралы білімді меңгерген
  • Педагогикалық қағидаттар негізінде, сондай-ақ әлеуметтік, жас, психикалық, психофизикалық және жеке ерекшеліктерді ескере отырып оқытуды, тәрбиелеуді және дамытуды жүзеге асыруға қабілетті, жалпы және жас ерекшелік психологиясының ұғымдық аппаратын және оқу-тәрбие үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге әзірлікті меңгеру
  • Арнайы педагогикалық ғылымның ұғымдық-категориялық аппаратын, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды дамыту, оқыту, тәрбиелеу және педагогикалық сүйемелдеу туралы білім жүйесін меңгерген
  • Қазіргі заманғы бағдарламалардың көмегімен компьютерде жұмыс істеу кезінде мультимедиялық жүйелерді қоса алғанда, мектепте биология кабинетінде оқу жабдықтарымен және техникалық құралдармен жұмыс істей алады; өсімдік жасушаларының, ұлпалар мен мүшелердің құрылымын, өсімдіктің репродуктивтік органдарының рөлі мен функцияларын біле алады; қазіргі заманғы және қазбалы жоғары өсімдіктердің бөлімдерінің, класстарын, кіші кластарының, орналасу ретін, тұқымдастарының жіктелуін түсінеді.
  • Ақпаратты жинау және өңдеу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру, оның ішінде кәсіби мәселелерді шешу дағдыларын көрсетед
Top