Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01701 Шетел тілі: екі шетел тілі (ғылыми-педагогикалық) в Мирас

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Магистранттардың коммуникативтік, кәсіби, лингвистикалық, прагматикалық, дискурстық және әлеуметтік-мәдени құзыреттерін қалыптастыра орытырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, шет тілінде білім берудің жаңартылған парадигмасының талаптарына сәйкес шет тілін оқытудың заманауи әдістемелерін меңгерген жоғары білікті әдіскер-зерттеуші оқытушыларды даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M019 Шет тілдері педагогтерін даярлау
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ғылым тарихы мен философиясы саласындағы білімдерін көрсетеді; ғылым философиясының ұғымдық аппаратын, зерттеу жұмысының логикалық талдау әдістері мен тәсілдерін меңгерді
  • Қазақ, орыс және шет тілдеріндегі әртүрлі ғылыми және ғылыми-көпшілік мәтіндердегі зерттеу нәтижелерін ұсыну, өз қызметін талдау және бағалау қабілетін көрсетеді
  • Білім беру процесінің мазмұнын анықтау және талдау, курстың мақсаттарына сәйкес оқу сабақтарының нысандарын, әдістері мен құралдарын таңдау және өз қызметіне баға беру қабілетін көрсетеді
  • Педагогикалық менеджмент, педагогикалық мониторингті жүзеге асыру, бақылау мен бағалау материалын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіру, адекватты өзін-өзі бағалау және өзін-өзі бақылау саласында білім алу дағдыларын меңгерген
  • Оқу және ғылыми қызметті жүзеге асыру құралы ретінде шет тілдерін пайдалану дағдыларын меңгерген
  • Тіл білімі саласында зерттеу, талдау жүргізуге және жаңа білім алуға қабілетті
  • Жоғары мектепте шет тілін оқытудың заманауи технологияларын зерттеу, талдау және қолдану дағдыларын меңгерген
  • Қазіргі заманғы әлемдік үрдістерді ескере отырып, білім беру және тәрбие процестерін құру, өз қызметін талдау және бағалау қабілетін көрсетеді
  • Ғылыми-әдістемелік өнімді, оқу-әдістемелік кешендерді зерттеу жұмысы, талдау, өзін-өзі бағалау және әзірлеу дағдыларын көрсетеді
  • Жоғары оқу орындарының дидактикасы, жоғары білім беру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі, сонымен қатар жоғары оқу орындарында сабақ өткізу, өзін-өзі талдау және өзін-өзі бағалау дағдыларын меңгерген
  • Білім беру сапасын басқару құзыреттілігі негізінде кәсіби және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында тиімді шешімдерді қабылдауда, бағалауда және талдауда басқару психологиясының жүйелі білімін қолданады
  • Халықаралық кәсіби ортаға интеграциялануға және кәсіби шетел тілін мәдениетаралық, ғылыми және кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға қабілетті

Ұқсас БББ

Top