Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04201 Жеке құқық в Сулейман Демирель атындағы университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты "Жеке құқық" БББ негізгі мақсаты жеке, корпоративтік құқық саласында білімі бар магистрлерді даярлау болып табылады. Халықаралық коммерциялық арбитражға,патентке, ұйымдарды салықтық реттеуге және корпорация қызметіне байланысты мәселелерді зерделеген мамандарды даярлау. Мақала жазу әдістерін, магистрлік диссертацияны оқыту арқылы зерттеу дағдыларын, сондай-ақ заңгерлік кеңес беру мен заң бизнесін ұйымдастырумен байланысты кәсіби дағдыларды алуға ықпал ету.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M078 Құқық
  • Дайындық бағыты 7M042 Құқық

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қажетті ақпаратты талдау, мәліметтерді жүйелеу және қорытынды жасау; оқытудың заманауи әдістерін қолдану, оларды оқушылардың әртүрлі қажеттіліктеріне бейімдеу, оқушылармен тиімді қарым-қатынас жасау және дамуға ықпал ететін оқу ортасын құру.
  • Қажетті ақпаратты талдау және өңдеу, сыни тұрғыдан ойлау және қорытынды жасау; кәсіби қызметке қатысты мәселелерді шешу мен шешімдер қабылдаудың оңтайлы стратегияларын әзірлеу; құқықтық мәселелер бойынша қоғамдық пікірталастарға белсенді қатысу.
  • Ағымдағы жағдайды бағалау және оның болашақтағы дамуын болжау; ықтимал зерттеулер үшін қолда бар мәліметтерді алдын ала талдау; мемлекеттік институттардың, оның ішінде құқық қорғау органдарының жүйесін, құрылымын және құзыреттерін зерделеу; әр түрлі құқық салаларының нормаларын түсіндіру.
  • Кәсіби салада нормативтік құқықтық актілерді қолдану; құқықтық және құқықтық сараптаманы қамтамасыз ету; жаңа заңнамалық өзгерістерді меңгеру; логикалық дәлелдер әзірлеу және көзқарастарды негіздеу; компьютерлік және инновациялық технологияларды қолдану.
  • Құжат айналымын сауатты жүргізу; әртүрлі құқықтық құжаттарды ресімдеу; жеке құқық қатынастары саласындағы құқықтық мәселелерді талдау және шешу
  • Ұйымдардың (кәсіпорындардың) заң қызметтерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау, жеке және заңды тұлғаларға заңгерлік көмек көрсету, олардың эмоционалдық жағдайын басқару, есте сақтау қабілеті жақсы, ауызша-логикалық және аналитикалық ойлауы дамыған, төзімділік, жауапкершілік және ұйымшыл болу.
  • Жаңа білім алу үшін қолданылатын негізгі әдіснамалық әдістерді меңгеру, жаңадан бастаған ғалымға құқықтық ғылыми қоғамдастыққа салыстырмалы түрде тез және тиімді бейімделуге көмектесу, оның ғылыми-зерттеу қызметін әдістемелік тұрғыдан дұрыс құру және соңында қызықты ғылыми нәтижелерге қол жеткізу.
  • Тілдерді жетік меңгерген білікті маман қалыптастыра отырып, интеллектуалдық, адамгершілік, этикалық, коммуникативті, ұйымдастырушылық және басқару дағдыларын дамыту
  • Ғылыми конференцияларда алынған нәтижелерді ұсыну және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін отандық және шетелдік жетекші Профильді журналдарда жариялау
  • қорғау механизмін құру және зияткерлік меншік объектілерін тіркеуге өтінімдер беру
Top