Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B04102 Экономика в Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Нарықтың әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері қызметінің экономикалық процестерін экономикалық талдауды, жоспарлауды және болжауды жүзеге асыруға қабілетті экономика және басқару саласындағы еңбек нарығында жоғары білікті және сұранысқа ие мамандарды даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B044 Менеджмент және басқару
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және География
-
Білім беру саласы 6B04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Экономикадағы математика
Қаржылық сауаттылық негіздері
Микроэкономика
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері модулі (Құқық негіздері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)
Экономика және кәсіпкерлік негіздері модулі (Экономикалық теория негіздері, Кәсіпкерлік негіздері)
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздерімен ғылыми зерттеу әдістерінің модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау, ғылыми зерттеу әдістері)
-
2 Оқу жылы
Менеджмент
Экономиканы мемлекеттік реттеу
Бухгалтерлік есеп негіздері
Макроэкономика
Маркетинг
Қаржы
Статистика
Аймақтық экономика және басқару
Қазақстан экономикасын басқару
-
3 Оқу жылы
Кәсіпорын экономикасы
Сапаны басқару
Компаниялардың ақша ағымдарын басқару
Әлемдік валюталық жүйе
Қазақстандық бизнестегі заманауи үрдістер
Халықаралық экономика
Инвестициялық стратегия
Мемлекеттің инвестициялық саясаты
Шағын бизнес экономикасы
Шығындарды басқару
Ревизия және бақылау
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі
1С Бухгалтерия
Экономикалық талдау
Салық және салық салу
Салық есебі
Бизнес құнын бағалау
Салааралық экономика
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу
Халықаралық сауда
-
4 Оқу жылы
Инвестициялық портфелді басқару
Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру
Өнеркәсіп секторының экономикасы
Фирмаішілік жоспарлау
Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі
Өндірістің экономикалық саласын ұйымдастыру
Экономикалық болжау
Тұрақты экономикалық өсу және даму
Кәсіпкерліктегі халықаралық тәуекелдер
Стратегиялық басқару
Монополияға қарсы реттеу
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі
Халықаралық экономикалық интеграция
Өндіргіш күштерді орналастыру мәселелері
Кәсіпорынды дағдарысқа қарсы басқару
Әлеуметтік сала экономикасы
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын талдай отырып, философиялық және әлеуметтік-саяси білімнің негіздерін, Қазақстанның тарихи даму кезеңдері мен заңдылықтарын, базалық құқықтық білім мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты пайдалана отырып, орыс тілін меңгерудің ауызша және жазбаша коммуникативтік дағдыларын көрсете отырып, табиғи ортаны сақтау үшін күнделікті өмірде және кәсіби қызметте қауіпсіз өмір сүру жағдайларын жасау және қолдау заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, шет тілдерінде, толық белсенділікті қамтамасыз ету үшін дене шынықтыру деңгейін сақтау.
- Экономикалық кеңістіктегі нақты жағдайды бағалау үшін әлемдік тәжірибе мен микро - макро - деңгейдегі модельдер негізінде сыни талдауды және экономикалық, қаржылық сауаттылықтың теориялық білімдерін қолдану мүмкіндіктерін іске асыруға, заманауи әдістер мен персоналды басқару құралдарын меңгеруге қабілетті
- Халықаралық кеңістікте компанияны тиімді басқаруды және дамытуды жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын жинау, талдау және жоспарлауды жүзеге асыру, ақша, қаржы және несие қатынастары саласындағы экономикалық процестерді түсіну, болжау.
- Қаржылық-экономикалық міндеттерді шешу үшін қазіргі заманғы статистикалық әдістерді, математикалық модельдеу тәсілдерін, ақпараттық технологияларды қолдануға қабілетті
- Өндірісті ұйымдастырудың қажетті формаларын таңдай отырып, шағын бизнестің экономикалық объектілерінің қызметін талдау. Процестерді, құбылыстарды, жағдайларды сипаттау және болжау үшін модельдер құру және пайдалану, сонымен бірге олардың сапалық, сандық талдауын жүзеге асыру.
- Экономикалық заңдар мен заңдылықтарды, ұлттық, аймақтық және әлемдік экономиканың, секторлардың, оның ішінде бюджеттік және салық жүйесінің, салалардың, жаһандану және тез өзгеретін қоғам жағдайындағы нарықтық субъектілердің жұмыс істеу модельдері мен алгоритмдерін түсіндіру негізінде шешімдер қабылдау
- Әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомстволардың және т.б. есептілігінде қамтылған қаржылық, бухгалтерлік және өзге де ақпаратты талдау және түсіндіру, алынған мәліметтерді басқарушылық шешімдер қабылдау және бақылау үшін пайдалану.
- Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың әлеуметтік-экономикалық жағдайларын бағалай отырып, бизнес жобаларды әзірлеу, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған нарық конъюнктурасын ескере отырып, бизнес пен инновациялық өнімдерді құруға қатысу. Өндірістік-шаруашылық жоспарларына экономикалық талдау жүргізу, өндіріс резервтерін анықтау.
- Инвестициялық қатынастар мен инвестициялық қызметті ұйымдастыру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді пайдалануға, инвестициялық жобаларға олардың тиімділігі тұрғысынан бағалау жүргізуге, қандай да бір инвестицияларды жүзеге асырудың орындылығы туралы шешім қабылдауға құқығы бар
- Ұйымда және оның негізгі құрылымдық бөлімшелерінде кешенді экономикалық талдау жүргізу, өндірістік-экономикалық және қаржылық әлеуетті бағалау, кәсіпорынның тиімділігін арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдер дағдыларына ие болу.
- Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде экономика және кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы ескере отырып, ғылыми зерттеулерді, кәсіби қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ экономика саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің нормативтік негіздері мен көздерін қолдана отырып, сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына төзбеушілікті қалыптастыруға қабілетті.