Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B07301 Құрылыс в Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Әр түрлі мақсаттағы жаңа ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу саласында қазіргі заманғы білімі бар, ғимараттарды тексеруге және қайта жаңартуға, әлемдік құрылыс нарығында бәсекеге қабілетті ұйымдық-басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті жан-жақты дамыған жоғары білімді мамандар даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B074 Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 6B073 Сәулет және құрылыс
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Физика
Математика
Экономика және кәсіпкерлік негіздері модулі (Экономикалық теория негіздері, Кәсіпкерлік негіздері)
Ғылыми-зерттеу әдістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Ғылыми-зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздерінің модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау)
Инженерлік графика
-
2 Оқу жылы
Геодезия
Инженерлік жүйелер
Құрылыс материалдары
Инженерлік механика I
Азаматтық және өндірістік ғимараттар сәулеті
Инженерлік механика ІІ
Қаржылық сауаттылық негіздері
Құрылыс конструкциялары I
AutoCAD (Автокад)
-
3 Оқу жылы
Құрылыс өндірісінің технологиясы I
Инженерлік геология
Ғимараттар мен үймәреттерді компьютерлік есептеу
Аумақты инженерлік дайындау
Құрылыстағы АЖЖ
Құрылыстық механика
Аэродромдар салу технологиясы
Құрылыс конструкциялары II
Топырақтар механикасы
Инженерлік механика III
Геотехника I
Автомобиль жолдарын салу технологиясы
Құрылыстағы BIM технологиялар
Жеңіл металл конструкцияларды есептеу және жобалау
Жеңіл металл конструкциялардан ғимараттарды түрғызу технологиясы
Құрылыс экономикасы
Компьютерлік жобалау негіздері
Геотехника ІІ
Құрылыстағы ақпараттық технологиялар
Автомобиль жолдарын жобалау
Құрылыстағы Еврокодтар
Құрылыс экономикасы және менеджменті
Құрылыстағы сметалық іс
Көпірлер мен тоннельдер
Қаңқалы ғимараттарды тұрғызу технологиясы
Құрылыс өндірісінің технологиясы ІІ
Негіздер мен іргетастар
Күрделі геологиялық жағдайлардағы құрылыс
-
4 Оқу жылы
Құрылыс өндірісінің технологиясы ІІІ
Пластмасса конструкцияларын есептеу және жобалау
Ғимараттарды жаңғырту технологиясы
Темірбетон конструкцияларын есептеу және жобалау
Жерасты ғимараттарының құрылысы
Жөндеу-құрылыс жұмыстарының технологиясы
Құрылыс өндірісін ұйымдастыру және басқару
Зілзалаға төзімді құрылыс
Күрделі құрылыстар
Металл конструкцияларын есептеу және жобалау
Металлдар мен материалтану технологиясы
Ағаш конструкцияларын есептеу және жобалау
Жол құрылысын ұйымдастыру, жоспарлау және басқару
Құрылыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
Құрылыстағы сапа, сынау, бақылау
Ғимараттардың техникалық күйін зерттеу
Монолиттік құрылыс технологиясы
Құрылыс машиналары және жабдықтары
Энерготиімді ғимараттарды жобалау және салу
Ғимараттарды қайта құру
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қазақстан тарихын, философия, саясаттану, мәдениеттану негіздерін, қоршаған ортаны қорғау және оның тұрақты даму заңдарын, тіршілік қауіпсіздігі, нарықтық экономика заңдарын, оның принциптерін, экономикалық модельдері мен әдістерін біледі, қоғамдық нормаларды сақтайды және салт-дәстүрлерді құрметтейді, кәсіпкерлік қызметке және бизнесті ұйымдастыруға дайын. Еркін қарым-қатынас жасау және кәсіби қызметте қолдану үшін бірнеше тілді меңгерген, қазіргі заманғы техникамен қарым-қатынас жасау дағдыларына ие, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды шебер пайдаланады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті білудің құқықтық негіздеріне ие, дене шынықтырумен айналысу нәтижесінде салауатты өмір салтын жүргізеді.
- Математикалық операциялар мен нақты есептерді шешу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін есептерді шешудің негізгі математикалық әдістерін, классикалық және қазіргі физиканың негізгі физикалық құбылыстары мен заңдылықтарын, AutoCAD жүйесінде сызбаларды құру негіздерін біледі, кеңістіктік қиял мен конструктивті геометриялық ойлауы дамиды, кеңістіктік формаларды, бөлшектер мен тұтас қатынастарды графикалық модельдер негізінде, объектілердің сызбалары түрінде талдай алады.
- Ғимараттар мен құрылыстардың сәулетін жобалау және құрылыс конструкцияларын есептеу кезінде құрылыс материалдарын тиімді қолдана алады, аумақты салудың бас жоспарларын, ғимараттар мен құрылыстардың көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерін әзірлеу кезінде ұтымды шешімдер қабылдай алады, әртүрлі материалдардан жасалған құрылыс конструкцияларының элементтерін есептей және құрастыра алады, ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы және ішкі инженерлік жүйелерін жобалаудың, есептеудің және орнатудың практикалық дағдыларын қолдана алады.
- Құрылыс алаңдарының аумақтарын инженерлік дайындау негіздерін, геология, топырақ механикасы негіздерін және құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайларын бағалауды, геодезиялық ғылымның негіздерін, геодезиялық аспаптардың құрылысы мен қолданылуын, ірі масштабты топографиялық түсірілімдер жүргізуді және далалық өлшемдерді өңдеуді, негіздер мен Іргетастардың түрлерін, оларды қолдану саласын, инженерлік-геологиялық ізденістерді, негіздер мен іргетастарды жобалаудың жалпы принциптерін біледі.
- Инженерлік механика негіздерін біледі, қима әдісін, құрылыс материалдары мен конструктивтік бөлшектердің элементтерін таңдау кезінде кернеуді құрайтын ішкі күш факторларын қолдана алады, рұқсат етілген жүктемелердің қауіпті қималарын анықтау әдістемесін, әртүрлі кернеу күйіндегі құрылыс конструкцияларының жұмысын, ішкі күштерді немесе қаттылық жағдайларын есептеу процесінде табылған конструктивтік элементтердің мөлшерін есептеу, жобалау және үлгілеудің қазіргі заманғы әдістерін біледі.
- Құрылыс конструкциялары мен ғимараттардың күрделі жүйелерін жобалау кезінде есептеу әдістерін біледі; ғимараттар мен құрылыстарды жобалау кезінде бетон, металл, ағаш және пластикалық конструкцияларды есептеуді және жобалауды біледі, сейсмотехника негіздерін, ғимараттар мен құрылыстарды автоматтандырылған талдау негіздерін біледі.
- Жұмыстарды өндіруді жобалау және құрылысты ұйымдастыру, өндірістік-техникалық құжаттаманы дайындау, автомобиль жолдарын жобалау әдістерін меңгерген, ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйін диагностикалаудың түрлі тәсілдерін қолданады, ғимараттар мен құрылымдарды салудың күнтізбелік жоспарын жасау үшін өз білімін тиімді пайдаланады. Құрылыс және жөндеу-құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру жобасының негізгі бөлімдерін әзірлейді, материалдық-техникалық ресурстардың қажетті көлемін айқындайды, Құрылыста қолданылатын конструкциялардың беріктігін қамтамасыз ету, конструкция элементтерін қалпына келтіру және нығайту бойынша оңтайлы шешімдерді іздеу бойынша арнайы жұмыстарды үнемді және сенімді орындауды жоспарлайды.
- Нарықтық экономика заңдарын, оның принциптерін, экономикалық модельдерін және әдістерін біледі, кәсіпкерлік қызметке және бизнесті ұйымдастыруға дайын. Кәсіпкерлік ойлауды дамыту, нақты міндеттер мен іскерлік жағдайларды шешу үшін негіз болып табылатын кәсіпкерлік пен бизнесті қалыптастыру, жүргізу мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық білімі бар,экономиканың және құрылыстың сметалық ісінің негіздерін біледі.
- Жекелеген жұмыс түрлеріне технологиялық карталарды әзірлей алады, құрылыс өндірісін, автомобиль жолдарын салуды жоспарлай және басқара алады және құрылыс процестерін ұтымды ұйымдастыру бойынша қазіргі заманғы техникалық шешімдерді, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу және қайта жаңартудың ең оңтайлы тәсілін таңдай алады; ғимараттарды тұрғызу және пайдалану кезінде энергетикалық қажеттілікті анықтау, сапаны бақылау және сынау әдістерін біледі; ғимаратта энергия үнемдеудің тиімділігін бағалау және оңтайлы жобалық нұсқаны таңдай алады.
- Өндірісте алғашқы кәсіби қызметтерді алу үшін іскерлікті, дағдылар мен құзыреттілікті қолданады, инженерлік ізденістер саласындағы нормативтік базаны, ғимараттарды, құрылыстарды, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды жобалау, елді мекендерді жоспарлау және салу принциптерін біледі. Күрделі және монолитті құрылыс кезінде ғимараттар мен құрылыстардың, көпірлердің, туннельдердің, аэродромдардың құрылыс конструкцияларын және автомобиль жолдарын салуды жобалау, есептеу бойынша міндеттерді шеше алады.
Ұқсас БББ
6B07301 Құрылыс материалдарын өндіру
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
6B07301 Құрылыс
Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
6B07301 Құрылыс
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
6B07301 Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс
Қарағанды индустриялық университеті
6B07301 Құрылыс
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты
6B07301 Құрылыс
Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті