Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02301 Қазақ филологиясы в Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Тілдік және әдеби деректерді талдау, қазақ тілі мен әдебиетінің теориялық мәселелерін сыни тұрғыдан зерделеу, нәтижелерін академиялық жазылым түрінде ұсына алу.
  • Тілдік қатынас негіздерін меңгеріп, жаңартылған білім беру мазмұнына сай қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңашыл технологияларын оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде тиімді қолдана отырып, ғылыми жобаларды іске асыру.
  • Кәсіби пәндік және пәнаралық білімі негізінде қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті мәселелерін зерделеу.
  • Қазақ, орыс және шет тілдерінде тұлғааралық әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жасау қабілеттері дамыған, АКТ-ны меңгерген Қазақстандық қоғамды жаңғыртуға белсенді қатысатын тұлғаның дүниетанымын, азаматтық және моральдық ұстанымын қалыптастыруға қажетті жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар, экономика саласынан базалық білімдерін көрсете алу
  • Ақпаратты алу, сақтау, және өңдеудің тиімді тәсілдерін меңгеріп, академиялық шыншылдық қағидаттарын сақтай отырып, заманауи оқыту технологиялары негізінде арнаулы кәсіби білім беру мекемелерінде және тележурналистика саласында кәсіби қызмет істей алу.
  • Филологиялық пәндер негізінде жинақтаған білімі және түсінігін кәсіби деңгейде қолдану, зерттелетін саладағы проблемаларды шешу.
  • Оқытылатын пәндер негізінде кәсіби қарым-қатынас жасау іскерлігін, дүниетанымдық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын және өмір бойы білімін жетілдіру дағдыларын көрсете алу.
  • Қазақ тілі мен әдебиеті және оны оқыту әдістемесінен жинақтаған білімін өздігінен жетілдіру, филология салыныдағы өзекті мәселелер мен педагогикалық үдерістегі болып жатқан барлық құбылыстарды зерттеп, кәсіби деңгейде бағалау, креативті шешім қабылдай алу.
Top