Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07109 Мұнай мен газды өндеу в Торайгыров университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Өнеркәсіптің химиялық және мұнайхимиялық салалары үшін, химиялық технология аймағында тереңдетілген арнайы және фундаменталды білімдерге, арнайы құзыретке ие, химиялық процестердің жүруін түсінетін, технологиялық процесті жүргізудің нормалары мен талаптарын және оны бақылауды түсінетін, алдарына мақстат қоюды және оған қол жеткізуді білетін біліктілігі жоғары деңгейлі мамандар дайындау
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B060 Химиялық инженерия және процестер
  • ҰБТ-дағы пәндер Химия және Физика

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Бақылау, интерпретация, талдау, қорытынды шығару қабілеті, баға беру қабілеті, сыни ойлау дағдылары, креативтілік, өзін-өзі дамытуға қабілетті
  • Әртүрлі әлеуметтік жағдайларда дұрыс бағдар ала алады, командада жұмыс істей алады, өз көзқарасын дұрыс қорғай алады, жаңа шешімдер ұсына алады
  • Азаматтық пен патриотизм идеялары, қоғамдық сананы жаңғырту-Рухани Жаңғыру, Қазақстанды Үшінші жаңғырту негізінде университеттік, аймақтық, республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысу және ұйымдастыру кезінде көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді.
  • Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде, соның ішінде кәсіби салада негізгі қарым-қатынас дағдыларын меңгергенді көрсетеді
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін ескере отырып, кәсіби қызмет бағыты бойынша, оның ішінде экология және табиғатты пайдалану саласында стартап-жобалар әзірлейді
  • Стандартты кәсіби міндеттерді шешу және жұмысты ұйымдастыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген
  • Математикалық ойлау тәсілдерін қолдана отырып, күнделікті жағдайларда кәсіби міндеттерді шешеді
  • Техникалық ғылымдар аймағындағы базалық білімдерін бейорганикалық заттарды өңдеудің технологиялық процестерін есептеу үшін қолданады
  • Қызметкерлерді басқарады және еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді
  • Сапа менеджменті жүйесінің, экологиялық менеджмент жүйесінің талаптарын орындайды
  • Мұнай және газды қайта өңдеудің технологиялық процестерін жүргізуді ұйымдастырады
  • Мұнай мен газды химиялық өңдеуде инновациялық және рационализаторлық қызметке қатысады
Top