7M11301 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Тасымалдауды, қозғалысты және көлік құралдарын пайдалануды ұйымдастыру саласында терең білімі және практикалық дағдылары бар ғылыми-педагогикалық кадрлар мен бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M151 Көлік қызметі
-
Білім беру саласы 7M11 Қызмет көрсету
-
Дайындық бағыты 7M113 Көлік қызметтері
Пәндер
-
Көліктегі басқару жүйелері
«Көліктегі басқару жүйелері» пәнінде ұйымдастыру және дамыту мәселелері (отандық және шетелдік тәжірибелер) және көліктегі басқару жүйесінің әдістемелік негіздері қарастырылады. Алынған білімді, іскерлікті қолдану магистранттарға тасымалдау көлемінің өсуі жағдайында тасымалдау процесін басқару жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Автомобиль көлігі кәсіпорындарын жобалау
«Автомобиль көлігі кәсіпорындарын жобалау» пәні студенттердің автомобиль көлігі кәсіпорындарының өндірістік-техникалық базасының жай-күйі мен даму перспективаларын зерделеуден, автокөлік кәсіпорындарын технологиялық жобалау әдістемесі бойынша білім алудан тұрады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Автомобиль құрылысына қойылатын халықаралық талаптар
Пән автомобиль конструкциясына қойылатын халықаралық талаптарын, әлемнің автомобиль конструкциясының қазіргі жағдайы мен дамуын, өндірістік, пайдалану, тұтыну талаптары мен әлем автомобильдерінің конструкцияларына қойылатын қауіпсіздік пен экологиялық талаптарын; автомобиль конструкциясына қойылатын халықаралық келісімдер мен заңдарын зерттейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көлікпен тасымалдауды ұйымдастырудың заманауи технологиялары
Бұл пәнде тасымалдауды ұйымдастырудағы қазіргі заманғы технологиялар, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану жүйелерін әзірлеудің ғылыми зерттеулері қарастырылады. Пәнді меңгеру нәтижесінде магистрант мәліметтерді интерпретациялаудың компьютерлік әдістері мен технологияларын түсініп, білім алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Білім алушылардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады. Сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытып, болашақ ғалымға қажетті теориялық және практикалық білімдер береді. Ғылымға және ғалымдарға қажеттілік күшейіп отырған қазіргі заманда бұл пәнді зерттеу қоғам үшін де, жас ізденуші үшін де аса маңызды. Арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылымның білімнің құрылымы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, ғылыми ізденіс жүргізу әдістері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы білім қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Пәннің негізгі мақсаты - болашақ магистрдың кәсіби қызметінде ағылшын тілін белсенді меңгеру дағдылары мен қабілеттерін одан әрі дамыту негізінде шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарының шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдете білу. Магистранттың бойында ғылыми ақпарат алу және беру үшін мамандық бойынша ағылшын тіліндегі әдебиеттерді оқу; аудармалар, аннотациялар, рефераттар түріндегі алынған ақпаратты тіркеу; магистрлік мамандығына және ғылыми жұмысына байланысты тақырыптар бойынша ағылшын тілінде әңгіме жүргізу дағдыларын дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Курс педагогикалық ғылымды және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі орнын, білім берудің қазіргі парадигмасы, Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі, маман тұлғасын тәрбиелеу және қалыптастыру, білім берудегі менеджмент қарастырады. Педагогикалық ғылымның әдіснамасы, оқытудың әдістері мен түрлері туралы түсінік беріледі. Оқытушының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігін ашуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көлік және көлік техникасын болжау мен эксперементтік бағалау
Пән көлік жүйелерін талдау мен болжаудың мазмұны мен құрылымын; көлік жүйелері мен технологияларын талдауға қойылатын талаптарын; талдаудың мәнн; жүйелік талдауды қолдану ерекшеліктерін; көлік және көлік техника механизмдері мен машиналарын (автомобильдердің, пневмодөңгелекті тартқыштардың, локомотивтердің, вагондардың) болжаудың әдістемелік негіздерін ашады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жеке ғылыми басылымдарды жазу әдістемесі
«Жеке ғылыми басылымдарды жазу әдістемесі» пәні базалық пәндердің міндетті компоненті болып табылады. Бұл пәнді игеру ғылыми қызметтегі білімді тереңдету болып табылады және орындалған жұмыстың нәтижелерін жазбаша түрде ұсыну үшін магистранттарды даярлауға ықпал етеді. Пәнді оқу нәтижесінде магистранттар эсселер мен ғылыми мақалаларды стилистика мен композиция тұрғысынан талдауы керек.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Пән психологияны басқару психологиясының тақырыбын, сипатын, міндеттері мен құрылымын, оның психологиялық зерттеулер әдістерін және оны зерттеудің негізгі тәсілдерін қарастырады. Басқару әрекетіндегі тұлға психологиясын, танымдық әрекет психологиясын перцептивтік, мнемикалық және ойлау ұрдістерін басқару қызметтінде зерттейді. Курс заманауи іскерлік адамның қызметінде этикет туралы, менеджердің коммуникативті құзыреттілігі, басқарушылық қызметтегі эмоционалды және ерікті күйлері туралы және қызметті басқара білу туралы қабылеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Халықаралық тасымалдаудың логистикалық жүйелері
Көліктік жүйелердің технологиялық үрдістерін логистикалық ұйымдастыру мен жоспарлаудың концепциясын негіздеу; жергілікті көліктік жүйелердің тиімді технологиялық үрдістерін негіздеу; халықаралық тасымалдауды құқықтық және коммерциялық қамтамасыздандыру; халықаралық көліктік дәліз құрамында тасвмалдауды орындау; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу мен бақылауды ұйымдастыру; көліктік-логистикалық жүйенің дамуын техника-экономикалық негіздеу мәселелері айтылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Тасымалдау операцияларын зерттеу
Математикалық модельдеудің негіздері және шешім қабылдаудың теориясы, операциялық зерттеулердің сызықтық модельдері, ойын теориялары, кезек теориясы, көпшілік қызмет көрсету теориясы, қорды (ресурстарды) басқару теориясы, кесте теориялары келтіріледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару
"Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару" курсы магистранттарды агроөнеркәсіптік кешен саласында нарықтық жағдайда оқытуға арналған. Ол жобаны басқару әдістерінің даму тарихын, жоба тұжырымдамасын әзірлеу, оны құрылымдау және бағалау бойынша шешім қабылдаудың әдістемелік тәсілдерін, сондай-ақ жобаның өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдеріндегі жоба менеджерінің рөлі мен қызметін игеруді қамтиды. Магистранттар агроөнеркәсіптік кешен саласында өз бизнесін табысты жүргізу үшін қажетті дағдыларды игере отырып, жобаларды басқарудың ұйымдастырушылық нысандарын және оларды әзірлеу мен оңтайландыру әдістерін зерделейді. Курс сонымен қатар білім алушылардың экономикалық ойлауы мен кәсіпкерлік қабілеттерін қалыптастыруға, оларға нарықта өз орнын табуға, өз ісін ашуға, өз кәсіпорнын ұйымдастыруға және тиімді басқаруға көмектесуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Көлік қызметтеріндегі ғылыми зерттеулердің әдіснамасы
Жоспарлауды эксперименттік зерттеу әдістемесіне кіріспе, эксперименттерді дайындау және өткізу. Эксперименталды деректерді өңдеу міндеттері, функционалдық байланыстарды табу, эксперименталды деректерді талдау, эксперименталды заңдылықтарды формулалармен өрнектеу, құбылыстар арасындағы өзара байланыс дәрежесін белгілеу, эксперименталды деректерді өңдеудің басқа да әдістері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ауыл шаруашылығындағы көлік процестерінің теориясы
Бұл пәнде ауыл шаруашылылық көліктерін тиімді пайдалану жолдары, ауыл шаруашылылық жүктерін тасымалдау процессінде жылжымалы құрамды таңдау әдістері және ауыл шаруашылылық жүктерін тасымалдау процессінің теориялық негіздемесі қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Бизнес шешімдерді модельдеу
Пән шешім қабылдау процестерін зерттейді, бастапқы мәселені формализациялаудан бастап, компьютерде математикалық модель құру және шешу арқылы шешімді талдауға және басқару шешімін қалыптастыруға дейін. Басқарушылық шешімдерді таңдау үшін міндеттердің өндірістік, көлік және қаржылық модельдерін қарастырады. Математикалық модельдерді құру және шешу және осы шешімдерді компьютерде талдау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми-экспериментальді зерттеулердің әдістемесі және тәжірибе деректерін өңдеу
Бұл пәнде эксперименттер әдістемесі; эксперименттерді жоспарлау, дайындау және өткізу; эксперименталды деректерді өңдеу міндеттері; функционалдық байланыстарды табу; эксперименталды деректерді талдау; эксперименталды заңдылықтарды формулалармен өрнектеу; құбылыстар арасындағы өзара байланыс дәрежесін белгілеу; эксперименталды деректерді өңдеудің басқа да әдістері қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Техникалық жүйелерді моделдеу
Бұл пәнде үлгінің барабарлығы, бейімділігі және ақпараттылығы; үлгінің барабарлығы, толық сәйкессіздігі және сәйкестігі қарастырылады. Модельдің барабарлығын тексеру аспектілері оқытылады: қарама-қайшы келмейтін және логиканың барлық қарапайым заңдарына бағыну; бастапқы жағдайды барабар сипаттау қабілеті.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көлік жүйелерінің бәсекелестік қабілетін дамытуды болжау және бағалау
Бұл пән көлік жобаларының мазмұнын, құрылымын және болжамын қарастырады. Көлік жобалары мен технологияларын талдауға қойылатын талаптар. Талдаудың мәні. Жүйелік талдауды қолдану ерекшеліктері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Конфликтология
Пән конфликтологияның негізгі категорияларын, жанжалдардың типологиясын, жанжалдарды басқару технологиясын қарастырады. Тұлғаның қақтығыстағы мінез-құлық теориясын, тиімді қарым-қатынас технологиясын және қақтығыстағы ұтымды мінез-құлықты зерттейді. Жанжалды шешу бойынша келіссөз процесінің психологиясы, дауды реттеу технологиясы ретінде Медиация туралы түсінік қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Құбыр көлігі мен ауыл шаруашылығында термопластикалық полимерлі материалдарды монтаждау және жалғау
Пән болашақ мамандардың заманауи тәсілдермен полимерлік материалдарды монтаждау мен жалғау үшін теориялық білімді меңгеруге және де оларды заманауи техникалық жабдықтарды пайдалана отырып полимерлік құбырлар мен жазық полимерлерді жалғауға және жалғанған тігістеріне (жоғарғы температурамен және жоғарғы температурасыз) бақылау жүргізуге тәжірибелік машықтандыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жүк ағыны қозғалысының теориясы
Бұл пәнде көлік жүйелерінің жіктелуі, олардың иерархиялық орналасуы және төменгі деңгейдегі жүйелер қызметінің ерекшеліктері қарастырылады. Жекелеген автокөліктер мен жоғары деңгейдегі жүйелердің қызметі. Көлік үрдісіндегі барлық көлік жүйелерінің және автомобиль көлігіне тән заңдылықтар жүкті жеткізудің тиімді жүйесін жобалау мәселесі қозғалады. Тасымалдау үрдісін қауіпсіз орындауды қамтамасыз ететін құралдар мен тәсілдертуралы айтылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Философия, ғылым, психология және педагогика мәселелерін талдай білу, оқу процесінде және практикада техникалық пәндерді оқыту мен еңбекті қорғаудың заманауи әдістерін қолдану, әртүрлі психологиялық жағдайларды бағалау және алған білім мен тәжірибе негізінде оңтайлы шешімдер табу. Ағылшын тіліндегі қарым-қатынастың негізгі принциптерін түсіну және алған білімдері мен дағдыларын халықаралық ортада ғылыми-техникалық және педагогикалық мәселелерді кәсіби әңгімелесу үшін қолдану.
- Көлік қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін жақсарту үшін ғылыми-зерттеу қызметіндегі заманауи бағыттар мен әдістер туралы білімді қолдану, өзіндік зерттеу нәтижелерін бағалау және қоймалық ауданды басқарудың тиімділігін жақсарту бойынша ұсыныстар беру.
- Көлік қызметінің бәсекеге қабілеттілігін жақсарту үшін көлік процестерінің заманауи технологияларын қолдану, жүктерді жеткізудің өзіндік құнын төмендету және жылдамдығын арттыру үшін әртүрлі технологиялық шешімдердің тиімділігін талдау.
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу кезінде жағдайды талдау және көшбасшылық мүмкіндіктерін айқындау, қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бизнес-шешімдерді модельдеу кезінде әдістер мен стратегияларды қолдану, өз іс-әрекеттерінің тиімділігін бағалау және кәсіпкерлік қызметті басқаруды жақсарту үшін шаралар қабылдау.
- Көлік операциялары саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруға және басқаруға қатысты негізгі принциптер мен тұжырымдамаларды түсіну, көлік операцияларын орындау кезінде ғылыми зерттеулердің заңдары, принциптері мен мазмұны туралы білімді қолдану.
- Нақты міндеттерді орындау және мақсаттарға қол жеткізу үшін ғылыми және инженерлік-техникалық қызметкерлер ұжымының жұмысын ұйымдастыру, ұжымды басқару және оның қызметін ғылыми және инженерлік-техникалық жобалар шеңберінде тиімді үйлестіру, автокөлік кәсіпорындарын жаңғыртудың тиімді стратегиясын әзірлеу үшін ағымдағы жағдайды талдау.
- Машина-трактор агрегаттарының көліктік-технологиялық операцияларды орындау принциптері мен ерекшеліктерін түсіну, ауыл шаруашылығында көлікті практикада пайдалануды ұйымдастыруда теориялық негіздер мен әдіснамалар туралы білімді қолдану, стандарттарда белгіленген халықаралық ережелер мен талаптарға сәйкес автомобильдің электр қауіпсіздігі мен электротехникалық жүйелеріне қойылатын талаптарды және олардың көлік-технологиялық операцияларға әсерін талдау.
- Көліктік жүйелердің жұмысы мен жай-күйі туралы деректерді жинау үшін олардың мониторингін ұйымдастыру, проблемалар мен әлсіз жерлерді анықтау мақсатында көлік жүйелері мониторингісінің нәтижелерін талдау, көлік жүйелерінде жабдықтар мен басқару жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін алынған деректер мен талдауды қолдану.
- Ауылшаруашылық жұмыстарына арналған техникалық құралдардың қажеттіліктерін талдау және олардың тиімділігі мен құнын ескере отырып, ең қолайлы құралдар мен жабдықтарды таңдау, жер бедері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауыл шаруашылығына арналған құбыртүтік жолдарын жобалау.
- Тасымалдау операцияларын зерттеу және математикалық модельдеуді жобалау, көлік жүйелерін болжаудың әдіснамалық негіздерін әзірлеу. Эксперименттік зерттеу мен тәжірибелік деректерді өңдеу әдістемесін әзірлеу және пайдалану шеберлігі.
- Логистикалық және техникалық жүйелердің жұмысын модельдеу, заманауи модельдеу әдістерін қолдана отырып жүк және коммерциялық ағындарды, сондай-ақ проблемаларды анықтау және оңтайлы шешімдерді іздеу мақсатында көліктегі экологиялық қауіпсіздік мәселелерін талдау, нақты уақыттағы тасымалдауды басқаруда заманауи ақпараттық-компьютерлік технологияларды қолдану.