Жаңа білім беру бағдарламасы

6B07206 Пайдалы қазбаларды байыту в Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Тау-кен өндірісі саласындағы жаңа ғылыми-техникалық ақпаратты бағалау, өндірістік жұмыстарды орындау тәртібін реттейтін негізгі нормативтік құжаттарды әзірлеу мүмкіндігі.
  • Нарық жағдайында туындайтын өндірістік, технологиялық, ұйымдастырушылық және қаржылық тәуекелдерді ескере отырып, қатты пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу үшін қолданылатын жалпы және арнайы мақсаттағы бағдарламалық өнімдермен жұмыс істей білу.
  • ЕҚ және ҚТ, ҚС қағидаларын орындау, Жабдықтар мен құралдарды техникалық пайдалану бойынша өндірістік нұсқама жүргізу, сондай-ақ олардың сақталуын бақылау.
  • Қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, технологиялық процеске енгізу үшін тау-кен байыту саласындағы жаңа ғылыми-техникалық ақпаратты бағалау.
  • Өнімнің қажетті сапасын ескере отырып, пайдалы қазбаларды өңдеудің заманауи технологиялары мен әдістерін қолдану
  • Өндірістік және технологиялық тәртіптің, өндірісте орындалатын жұмыстардың сапасына қойылатын талаптардың, пайдалы қазбаларды байытуға, еңбекті қорғауға, өртке қарсы қорғауға арналған жабдықтарды пайдалану қағидаларының, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралардың сақталуын бақылауды орындау.
  • Өмір бойы кәсібилікті арттыру үшін өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі дамыту дағдыларын пайдалану.
  • Ой-өрісі кең және ойлау мәдениеті жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану-ғылыми, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық пәндер бойынша базалық білімдерін көрсету; академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің мәнін түсіну.
  • Негізгі байыту және қайта өңдеу процестері бойынша техникалық құжаттаманы жүргізу білігін көрсету.
  • Командада жұмыс істеу, таңдалған жеке ұстаным негізінде өз көзқарасын тұжырымдау және дәлелдеу.
Top