Жаңа білім беру бағдарламасы

6B03190 Әлеуметтану-Дінтану в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Әлеуметтану тарихы

    Пән әлеуметтану ғылымының пайда болуы, қалыптасуы және дамуы, әлеуметтанулық бағыттар және ағымдар, мектептердің ерекшеліктері, теориялары мен концепциялары туралы түсіндіруге және тарихи кезеңдердегі қоғамды зерттеудің негізгі әдістемелік принциптерін, тәсілдерін меңгертуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы әлеуметтік білім тарихындағы онтологиялық, эпистемологиялық және этикалық парадигмаларды, құндылықтарды, критерийлерді меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Әлеуметтануға кіріспе

    Пән әлеуметтанудың ғылыми білім саласы ретінде міндеттері мен қызметін, негізгі бөлімдерін, қоғамды зерттеудің теориялық және әдістемелік тәсілдерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы әлеуметтанулық мәселелер, теориялар мен концепциялар, қағидалар, негізгі категориялар мен ұғымдар, әлеуметтік құбылыстар, құрылымдар мен процестер, сонымен қатар жаңа әлеуметтанулық пәндер туралы түсініктерді меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Діндер тарихы

    Пән дiндердiң пайда болуын, даму кезеңдерiн, адамзат тарихындағы дiни құбылыстардың заңдылықтарын, ерекшеліктері мен сенім жүйелерінің өзіндік болмыстарын, діндердің жіктелуі мен зерттеу әдіснамасын қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студент тарихта болған дiндердiң қазiргі таңда кездесу жағдаяттары мен формаларын, әртүрлі діндердің сенімі мен құлшылық ерекшеліктерін меңгеріп, әртүрлі діндер мен мәдениеттерге төзімділік таныту дағдысын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Академиялық жазбаға кіріспе

    Пән әр түрлі санаттағы академиялық жұмыстарды оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен дағдыларды қалыптастырады (essay, report, etc). Пән білім алушыларға жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіреді, академиялық жазбаша жұмыстарды жазудың қатесіз тәсілдерін үйретеді. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми этикаға сәйкес академиялық жазбаларды әзірлеу кезінде әлемдік деректер базасын және ғылыми журналдардың онлайн-жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Практикалық араб тілі І

    Пән араб тілінің фонетикалық, грамматикалық және лексикалық ережелерін білу арқылы, ауызша және жазбаша түрде қарапайым тұрмыстық сөйлемдерді қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында студент араб тілінің ережелеріне сай жазуды, оқуды меңгеріп, қарапайым мәтіндерді оқып түсінеді. Араб тілінде жазылған мәтіндерді оқып аудару дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастырады. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Практикалық араб тілі ІІ

    Пән араб тілінің морфологиясы мен лексикалық ережелерін білу арқылы діни мәтіндерді оқып түсінуге және арабша қарапайым сөйлемдермен өз ойын жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында білім алушы сөздікті қолдана отырып діни мәтіндерді оқып, түсінеді. Арабша етістіктердің осы шақ, өткен шақ және келер шақта қолдану ерекшеліктерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Әлеуметтік құрылым және стратификация

    Пән қоғам, әлеуметтік таптар, топтар мен қауымдастықтар, қазіргі заманғы қоғамдық құрылымның бөліктері, стратификациялық жүйелердің түрлері, теңдік-теңсіздік, мобилділік теориясы, типтері мен түрлері, халықтың кәсіби құрылымы туралы қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар қоғамның қоғамның макро, мезо, микроқұрылымдарының мәнін, ерекшеліктерін, функцияларын талдаудың негізгі тұжырымдамалық аппараты мен әдіснамасын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Түрік тілі ( А2)

    Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде студенттердің практикалық дағдыларын дамытады. Курс студенттердің тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент қарапайым күнделіктіәлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік институттар мен процесстер

    Пән әлеуметтiк институттардың ұйымдық негіздерін, типтерін, институционалдық құрылымдарды, динамикасын, функциялары мен трансформациясын, әлеуметтендірудегі рөлін, азаматтық қоғамның институттарын, әлеуметтік процестердің әртүрлілігін, өлшемін, дамуының негізгі тенденцияларын нақты шындық ретінде түсіндіруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар қоғам тiршiлiгіндегі қазіргі әлеуметтік жүйелердің саяси, экономикалық, мәдени, этникалық, діни құндылықтарына баға беру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 4
  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы Ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 3
  • Икемді дағдылар

    Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудру дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сондай-ақ, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды тиімді қамтамасыз ете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 3
  • Ататүрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 3
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 3
  • Діни мәтіндер

    Пән қасиетті кітаптар және олардың дін мен мәдениеттегі рөлін, исламмен бірге басқа діндердің қасиетті кітаптарын, оларға қатысты ғылыми әдебиеттерді зерделеуді, оларды түсіндіру әдістемелері мен ерекшеліктерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студент діни мәтінді бастапқы дереккөз ретінде тұтас сипаттай білу, ғылыми тұрғыдан діни мәтіндерді талдау және түсініктеме беру дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 3
  • Дін феноменологиясы

    Пән студенттерге дінтану пәндерінің негізгі проблематикасын түсіндіреді; оның қалыптасу және даму тарихымен, негізгі теорияларындағы жетістіктері және кемшіліктерімен таныстырады; феноменологиялық тұжырымдамаларды сыни талдау әдістемесін үйретеді; діни фактілерді дербес феноменологиялық талдау дағдысын қалыптастырады. Студенттер дін феноменологиясы тұрғысынан діни мәтіндерді түсіну дағдыларын қолданады және кәсіби-тұлғалық қабілеттерін көрсетеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 4
  • Практикалық араб тілі ІІІ

    Пән араб тілінің грамматикалық ережелеріне сай теологиялық мәтіндерді оқып, аудару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу барысында студент араб тілінің ережелеріне сай өз ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізе алады, Араб тілінде жазылған теологиялық мәтіндерді және діни еңбектерді түпнұсқа дереккөздерден оқып түсінеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 3
  • Әлеуметтік психология

    Пән әлеуметтік психологияның әдіснамалық, теориялық және қолданбалы негіздерін, адамдардың қарым-қатынасы мен өзара әрекеттесу механизмдерін, шағын және үлкен топтардың бағдарларын, әлеуметтену психологиясын қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар әлеуметтік-психологиялық құбылыстар мен процестердің құрылымы, генезисі мен қызметі туралы түсініктерді және жеке тұлғалар мен топтарға психологиялық көмек көрсету, психологиясын басқару дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 4
  • Діни антропология

    Пән адамның, қоғам мен мәдениеттің шығу тегін, діндердің адамдардың мәдени өміріндегі қызметін зерттеуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент дін ғалымдарының антропологиялық көзқарастарын меңгере отырып, діндердегі антропологиялық категориялардың мазмұнын түсінеді, адам болмысының жаратылу мақсаты мен мәнін ұғынады, діндердегі антропологиялық мәселелерге салыстырмалы түрде баға беру дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 3
  • Әлеуметтік антропология

    Пән адам табиғаты мен оның мәнін, даму тарихын, адам мен қоршаған ортаның өзара әрекеттерінің механизмдерін, адамның жануарлар әлемінен бөлініп шығу жағдайларын, нәсілдердің пайда болуын, классификациясын, ерекшеліктерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар мәдени және субмәдени аймақтарды, қоғамдық-мәдени, діни құрылымдар мен қатынастардағы негізгі әлеуметтік ұстанымдарды тұжырымдау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 3
  • Практикалық араб тілі ІV

    Пән араб тілінің грамматикалық ережелеріне сай классикалық діни мәтіндерді оқып, аудару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент классикалық діни және теологиялық мәтіндерді оқып, түсінеді. Араб тіліндегі сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктерін меңгеріп өз ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізе алады. Шетелдік тәжірибені меңгеру үшін ақпараттарды аудару дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 3
  • Дін психологиясы

    Пән дін психологиясының қалыптасуы мен оның негізгі ерекшеліктерін, жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен мәнін және психологиямен тығыз байланысты тақырыптар мен салаларды қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студент сопылық психологиясын, дін ауыстырудың психологиялық аспектілерін, жеке адамдағы жас ерекшелігіне қарай діни сезімдердің өзгеру сипатын меңгере отырып, қазақ халқының діни танымы мен психологиялық ерекшеліктерін зерттеу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 3
  • Ғылым және дін

    Пән ғылым мен діннің өзара қарым-қатынасының тарихы мен логикасымен таныстырады; ғылым мен діннің олардың өмір сүруінің әртүрлі кезеңдерінде дамуы мен өзара іс-қимылының жалпы үрдістері мен белгілері туралы түсінік қалыптастырады. Пәнді оқу барысында студенттер әлеуметтік-мәдени факторлармен және ішкі себептермен туындаған дінді зерттеу дағдыларын меңгереді. Студенттер мәдениет дамуының тарихи кезеңдері және ондағы шындықты игерудің діни және ғылыми формаларын салыстырмалы талдауды қолданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 3
  • Ғылыми және діни білім әлеуметтануы

    Пән ғылыми және діни білім пайда болуының тарихи-әлеуметтік жағдайларын, қоғамдық өмірдегі мәні мен рөлін, ғылыми және діни білімді өндіру процесіндегі әлеуметтік факторларды, білімді тарату институттарын, ғалымдар мен дін өкілдерінің идеялар жүйесін, қарым-қатынастарын, қызметін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студент қоғамда туындаған ғылыми және діни білімге байланысты мәселелерді шешу әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 3
  • Тұлға және отбасы әлеуметтануы

    Пән тұлға мен отбасы қызметінің негізгі әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарын, отбасының әлеуметтік функцияларын, тұлғаның қалыптасып дамуын, өмірлік циклінің кезеңдерін, отбасылық дағдарыстарын, неке қатынастарын, ата-ана мен бала қарым-қатынасы процесінде туындайтын типтік мәселелерді қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар тұлға дамуы мен отбасы мәселелерін шешудің әлеуметтанулық негізгі принциптері мен әдістерін қолдану дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 3
  • Мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар

    Пән мемлекеттегі конфессияаралық қатынастарда туындайтын мәселелерді заңнамалық тұрғыдан шешу жолдарын қарастырады. Курс барысында студенттер дін және адам құқығы, ар-ұждан және діни сенім бостандығы, діни бірлестіктер әрекетінің конституциялық-құқықтық негіздері, мемлекет және діни бірлестіктер, ҚР-ғы және шет елдердегі мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар, шет елдердің дін туралы заңнамалары, зайырлық қағидаты, конфессияаралық келісімді сақтау мәселелерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 3
  • Жастар әлеуметтануы

    Пән жастар туралы ғылымның теориялық және әдістемелік негіздерін, жасаралық айырмашылықтарды, жастар әлеуметтенуінің экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени жағдайларын, мәдениетін, мобильділігін, жас отбасы құрылымы мен қатынастарын, жастардың діни сенімдерін, мемлекеттік жастар саясатын қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар жастарға байланысты әлеуметтік мәселелерін шешу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 3
  • Девианттық мінез құлық әлеуметтануы

    Пән девиантты мінез-құлықтың әлеуметтанулық теорияларын, әлеуметтік нормалардың құрылымын, жеке және жаппай ауытқу мінез-құлықтарын, әлеуметтік бақылаудың мәнін, қызметтерін, нашақорлық, ішімдікке салыну, қылмыс, өз-өзіне қол жұмсау мәселелерінің қоғамдық мәнін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар қоғамдағы девиантты мінез-құлықты анықтау, ақпаратын жинау, талдау, тұлғалар мен топтарға көмектесу әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 3
  • Демография және әлеуметтік статистика

    Пән әлеуметтік-демографиялық үрдістер, белгілі бір аумақта тұратын адамдардың жиынтығы, көші-қон үлгілері және халықтың өсуі мен қозғалысы, статистика негіздерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар демографиялық үрдістерді талдау әдістері мен ерекшеліктерін, әлеуметтік статистика негізінде адамдардың өмір сүру жағдайы туралы нақты ақпаратты жинауға, талдауға мүмкіндік беретін дағдыларды меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Дін әлеуметтануы

    Пән дiн мен қоғамның өзара әрекеттесу формалары мен әдісерін және діни секталардың пайда болуының әлеуметтік-саяси себептерін зерттеуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент дін социологиясындағы негізгі ұғымдарды меңгере отырып, әртүрлі діни топтар мен ағымдардың қоғамдағы орны мен роліне әлеуметтік тұрғыдан талдау жасайды. Қоғамдағы дінаралық, этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың алдын-алу шараларын ұсынады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Сопылық тарихы және негіздері

    Пән сопылықтың пайда болуы мен даму тарихы және философиясы туралы білімді қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент сопылықтың қазақ халқының тарихындағы орнын, араб-мұсылман философиясындағы және жалпы тарихтағы рөлін объективті түрде бағалауды меңгереді. Сондай-ақ, сопылыққа қатысты негізгі ұғымдар мен түсініктерді игеру арқылы сопылық ғұрыптар мен ілімдердің қалыптасуы мен дамуына қатысты зерттеу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 4
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Қазақ ойшылдарының діни көзқарастары

    Пән қазақ даласынан шыққан дін ойшылдарының рухани-мәдени мұрасын және олардың ислам діні туралы айтқан ойлары және көзқарастарымен таныстыруға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент қазақтың дін ойшылдарының дін және жалпы адамзаттық құндылықтар туралы көзқарастарын зерттеп, олардың арасындағы рухани сабақтастықты және дәстүрлі діни танымның қалыптасуына қосқан үлесін білу арқылы дін мен дәстүр арақатынасын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 4
  • Әлеуметтанудағы зерттеу әдістемесі және әдістері

    Пән әлеуметтанулық әдіснамалық парадигмалар, зерттеу қағидалар мен логикасы, зерттеудің сапалық және сандық әдістері, бұқаралық әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің дамуы, қызмет ету заңдылықтары туралы эмпирикалық зерттеудің теориялық және әдістемелік тәсілдерін меңгертуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар әлеуметтік шындықтың әртүрлі салаларындағы тәжірибелік мәселелерді шешуге арналған зерттеулерді дайындау мен жүргізу дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Курстың мақсаты - білімгерлерді көшбасшылық табиғатымен, көшбасшылықтың негізгі теорияларымен, елдің жаңғыртуының қазіргі кезеңіндегі көшбасшылық рөлімен; көшбасшылықтың психологиялық аспектілерімен, көшбасшының саяси мінез-құлқын анықтайтын, көшбасшылық имиджін қалыптастыру және насихаттау технологияларымен, маркетинг негіздерімен таныстыру, көшбасшылық қасиеттерді өзін-өзі дамыту дағдыларын үйрету, әрі қарай кәсіби және жеке өсуде, көшбасшылықты дамытудың негізгі үрдістерін оқыту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық

    Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Мәдениет әлеуметтануы

    Пән мәдениет әлеуметтануының пайда болу тарихын, зерттеу әдістерін, даму мәселелері мен қазіргі жағдайын, социо-мәдени тәжірибелерді, концептуалды ерекшеліктерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар мәдениетарлық қатынастар, эстетикалық қызмет, сана, өнер нысандары мен жанрлары, дін, қарым-қатынас, ғылым, мораль, өнер стильдерін әлеуметтік тұрғыда қарастыруды және қоғамның мәдени құндылықтарын бағалаудың, тұжырымдаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 3
  • Дін философиясы

    Пән дін философиясының анықтамасы, оның басқа ғылымдармен байланысы, дін мен философия арақатынасы және құдай, әлем, адам байланысы туралы білім беруге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент құдай болмысына қатысты дәлелдерді, атеизм, жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық категорияларын, теодиция түсінігін және дін, ғылым, ахлақ және қоршаған орта байланысын философиялық тұрғыдан зерделеуді меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 4
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Әлеуметтік жұмыс

    Пән әлеуметтік жұмыстың теорияларын, балалармен, жастармен, мигранттармен, түрлі топтармен жұмыс жасау әдістері мен технологияларын, құқықтық қамтамасыз етілуін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы жеке адамдардың қоғамдық мәселелерін шешуге, жәбір шеккен жеке тұлғалар мен қоғамдық топтардың арасындағы қатынастарды қалпына келтіруге, көтеруге бағытталған дағдыларды, кәсіптік іс-әрекеттің ерекшелігін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 4
  • Діни құқық негіздері

    Пән діни құқықтың тарихи даму кезеңдері, діни құқықтық бағыттардың пайда болу себептері, басты діни құқықтық мектептердің ерекшеліктері, соның ішінде ислам дінінің құқықтық мазхабтары туралы жалпы түсінік қалыптастыруға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент діндердегі құқықтық мектептердің ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау әдістерін үйренеді, қазіргі таңдағы қоғамда туындаған діни-құқықтық мәселелерді зайырлылық ұстаным негізінде түсіндіруді меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 4
  • Этноәлеуметтану

    Пән әртүрлі ұлт өкілдері мен этникалық қауымдастықтардың пайда болуын, құрылымын, өмірін, адамгершілік, құқықтық, діни нормаларын, құндылықтарын, этноәлеуметтік құбылыстарды, социумның этноұлттық өлшемін, этникааралық қатынастар мен саясаттың көп мәдениетті қоғамдағы әсерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар этникалық қауымдастықтардың дамуын, өзіндік мүдделері мен ұйымдасуын, ұжымдық мінез-құлқын талдау дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Дінтанулық сараптама, талдау және мониторинг негіздері

    Пән дінтану саласындағы сараптамалық зерттеулердің ерекшеліктерін зерттеу және сараптамалық бағалау мен мониторинг жүргізу әдістерін үйретеді. Курста дінтану саласында жүзеге асырылатын ұйымдар жүйесін анықтау және олардың ерекшеліктеріне қатысты дінтанулық мәселелерді шешуді меңгереді. Студент сараптама мен мониторинг жүргізу тәртібін реттейтін заң шығару актілерімен және басқа нормативтік құжаттармен егжей-тегжейлі танысып, әкімшілік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл барысында аналитикалық, сараптамалық зерттеулерде қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 4
  • Христиан теологиясы

    Пән христиан дініндегі құдай, пайғамбар және ақырет туралы қалыптасқан теологиялық мәселелерді қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде студент христиандық дереккөздерді пайдалана отырып, христиан дініндегі әртүрлі ағымдардың сенімдерімен байланысты көзқарастарды ислам теологиясымен салыстыра отырып үйренеді. Қазіргі таңдағы конфессияаралық қатынастар саласында толеранттылық пен зайырлылық ұстанымдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 4
  • Дін және заңнама

    Пән қоғамның екі негізгі әлеуметтік институты ретінде құқық пен діннің өзара іс-қимылы саласындағы негізгі ережелер, дін-мемлекеттік және діни-құқықтық қатынастар туралы түсінік қалыптастырады. Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктердің қызметі саласындағы қолданыстағы халықаралық және отандық заңнамалар туралы түсінік пен талдау дағдылары қалыптасады. Студенттер қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес талдау жүргізу мен нормативтік-құқықтық актілерді қолданады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Қала мен ауыл әлеуметтануы

    Пән қалалық және ауылдық әлеуметтік-территориялық қауымдастықтың пайда болу, қызмет ету және даму заңдылықтарын, оның әлеуметтік-экономикалық табиғатын, ұдайы өндіріс құрылымын, өмір сүру салтын, табиғатпен байланысын, типологиясын қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар қала мен мен ауылдың әлеуметтік мәселелерін анықтау, талдау, шешу ұстанымдары мен әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 4
  • Теологиялық оңалту

    Пән деструктивті діни ағымдарға кірудің себептері мен жолдарын, радикалды көзқарастардың ерекшеліктерін, теріс діни ағымдардың сипаттамалары мен көріністерін зерттеуге бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктерін меңгере отырып, ханафилік-матуидилікке негізделген дәстүрлі діни таным бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, әртүрлі психологиялық әдістерді қолданып, тесттік режимде күрделі ситуациялық диалогтар, алгоритмді әзірлеу арқылы жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 4
  • Діни ағымдар

    Пән ерте және қазіргі заманғы діни ағымдардың тарихы мен ілімдері туралы түсінігін қалыптастырады. Пәнде діни ағымдардың әртүрлілігі мен жалпы ерекшеліктері туралы білім беру міндеті шешіледі. Қазіргі қоғамдағы ағымдардың дәстүрлі діннің конфессиясына, жалпы қоғамға әсері мен қауіптілігін түсіну және талдау арқылы сабақтарды әзірлеп, өткізу, діни ағымдар мәселелеріне қатысты «діни ағымдар мен топтар» феноменін анықтау мен талдау әдістерін қолдану дағдыларын дамытады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Гендерлік әлеуметтану

    Пән гендерлік зерттеулер тарихын, жеке тұлғаның жыныстық мәртебесін, гендерлік теориядағы онтологияны, негізгі категорияларын, концепцияларын, позитивизм, функционализм, феминизм, психоанализ теорияларына негізделген гендерлік қатынастарды және зорлық зомбылық, репродуктивті құқық мәселелерін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар гендерлік теңдікке қол жеткізу әдістерін және мемлекеттік саясаттың бағыттары мен ұстанымдарын тұжырымдауды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Саясат әлеуметтануы

    Пән саяси үрдістердің әлеуметтік концепцияларын, билік пен қоғам қарым-қатынасын, азаматтық қоғамның қалыптасуын, мемлекеттің даму заңдылықтарын, табиғатын қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар саяси дау-жанжалдар мен мемлекетаралық күрестің, басқару қызметтерін жүзеге асырушы институттар, ұйымдар мен топтардың қоғамға қатынасының, партиялар мен қозғалыстардың, жеке тұлғалардың саяси қатысуының әлеуметтік ұстанымдарын тұжырымдауды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Әлеуметтік процестерді модельдеу және ақпаратты талдау

    Пән әлеуметтік зерттеулерді дайындау, ұйымдастыру, әлеуметтік процестерді модельдеу ерекшеліктері мен механизмдері, мәліметтерді өңдеу және талдау мәселелерін шешу үшін бағдарламалық қамтамасыз ету мүмкіндіктерін, деректерді талдаудағы теориялық және эмпирикалық білімді қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар әлеуметтік мәселелерді сандық және сапалық зерттеу әдістерін, компьютерлік бағдарламаларды қолдану дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Әлеуметтік желілер мен Бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтануы

    Пән әлеуметтік желілік концепцияларды, теорияларды, әдістерді, бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік түрлерін, қызметтерін, мүмкіндіктерін, оны қолданудың нақтылы жағдаяттарын, қоғамдағы ролі мен байланыстарын, әлеуметтік мәселелерді шешудегі маңыздылығын қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы әлеуметтік желілер, бұқаралық ақпарат құралдары туралы ғылымның концептуалды аппаратын игереді және желілік деректерді жинау, талдау дағдыларын қолдануды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 8
    Несиелер - 6
  • Діни этика

    Пән этиканың қайнар көздері, дінге негізделген этикалық нормалар мен ережелер, этика және құндылық философиясы, жақсылық пен жамандық ұғымдары туралы мәселелерді қамтиды. Пәнді оқу нәтижесінде студент дін этикасының мәні мен маңызын, ислам этикасының қайнаркөздерін және оның негізгі мәселелерін меңгере отырып, діни құндылық философиясы мен батыстық құндылық философиясына баға беру дағдыларын игереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 8
    Несиелер - 6
  • Дәстүрлі емес діни қозғалыстар

    Пән қазіргі жаңа дәстүрлі емес діни қозғалыстардың тарихы мен діни ілімдерін, олардың қоғам өміріндегі орнын қарастырады. Міндеттері: жаңа діни қозғалыстардың діндарлықтың әралуан нысандарындағы орнын анықтау және оларды жіктеу; жаңа діни қозғалыстардың пайда болу себептерін ашу; Қазақстанда жаңа діни қозғалыстардың ілімдері мен діни ғұрыптарын талдау арқылы ағарту жұмыстарын жүргізу; керітартпа дәстүрлі емес қозғалыстар мен оларға қарсы қозғалыстарды талдап, оңалту мәселелерін шешу.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 8
    Несиелер - 6
  • Білім беру әлеуметтануы

    Пән білім мен қоғам арасындағы байланысты, білім беру жүйесінің әлеуметтік-құрылымдық сипаттамасын, функциялары мен негізгі субъектілерін, білім берудегі мүмкіндіктердің теңдігі/теңсіздігін, әлеуметтік, саяси, діни және экономикалық қатынастар мен теңсіздіктерді тәрбиелеудегі білім беру жүйесінің рөлін қарастырады. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы жоғары және орта мектеп түлектерін кәсіби әлеуметтендіру саласындағы ұстанымдарды, ерекшеліктерді тұжырымдауды меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 8
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
  • Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негізіндерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
  • Әлеуметтану және дінтану ғылымдарының тарихы, негізгі теориялары, қағидалары, әдіснамасы туралы білімдері мен түсініктерін кәсіби міндеттерді шешуде қолданады
  • Діни және теологиялық мәтіндерді оқу, түсіну, түсіндіру және қолдану саласында негізгі кәсіби білімін көрсетеді
  • Қоғамның әлеуметтік құрылымы, стратификациясы, демографиясы, аумақтық, діни бөлінуі салаларында әлеуметтік-этикалық құндылықтарға баға береді
  • Қоғамның діни, саяси, мәдениетаралық, этносаралық, конфессияаралық, жасаралық, отбасылық, гендерлік, ғылыми қатынастарындағы әлеуметтік және зайырлылық ұстанымдарды тұжырымдайды
  • Әлеуметтік-діни психологиялық және дәстүрлі діни танымдық білімдерін әлеуметтік-мәдени, діни – рухани мәселелерді шешуде көрсетеді
  • Әлеуметтік, діни-құқықтық, этикалық нормаларды қолданып, әлеуметтік көмек көрсету, дінтанулық сараптама және мониторинг жасау (дербес немесе ұжым құрамында) жұмыстарын ұйымдастырады
  • Әлеуметтік-діни процестердің, институттар мен ағымдардың, мектептердің байланыстары мен ерекшеліктеріне талдау жасайды
  • Қоғамдағы қатынастардың өзара әрекетіне, әлеуметтік-діни мәселелерге, ақпараттарға, тәжірибеге зерттеу жұмыстарын жүргізеді
Top