Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01402 Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық в Халықаралық туризм және меймандостық университеті

Пәндер

  • ҚР қарулы күштерінің жалпы әскери жарғылары

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғысын оқу нәтижесінде әскери бөлімшелердегі (корабльдердегі) әскери өмірдің негізгі ережелерін түсініп, командирлердің, сақшылардың жалпы құқықтарын талқылайды. Тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру негіздерін меңгеріп, әскери жарғылардағы (ішкі қызмет, гарнизондық және қарауылдық қызмет, саптық, тәртіптік) міндеттерді пайдаланып, теориялық мәліметтерді және практикалық дағдыларды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Дене шынықтыру және спорт тарихы

    Пәнді оқу барысында Қазақстандағы, Әлемдегі дене тәрбиесі мен спорттың даму тарихынан, қалыптасу кезеңдерінен мағлұмат алады. Дене тәрбиесі саласындағы алғашқы қауымдық кезеңнен бастап қазіргі кезеңге дейінгі жеткен идеялар мен теориялардың, құралдардың, әдістердің пайда болуы мен дамуын, спортшылардың жеткен жетістіктерін, Отандық және шет елдік дене тәрбиесі мен спорт жүйелерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық және Халықаралық Олимпиадалық қозғалыстың тарихы мен дамуын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Анатомия және спорттық морфология негіздері

    Курсты оқу барысында адам денесінің құрылысын және мүшелерін, жүйелерінің тіршілігі мен тарихи даму қызметін игереді. Адам ағзасындағы тірек-қимыл аппаратының ас қорыту, тыныс алу, несеп-жыныс аппаратын, жүрек-қан тамырлары мен жүйке жүйелерінің, сезім мүшелерінің, эндокридік бездер, адамның қимыл-қозғалыс әрекеті мен басқару жүйесінің қызметін меңгеріп, спорттық іріктеудің морфологиялық аспектілерін сипаттап, адам ағзасының дене тәрбиесі жаттығуларына бейімделудің жалпы заңдылықтарын үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әскери патриоттық тәрбие негіздері

    Курста болашақ ел қорғаушыларын әскери патриоттық тәрбиенің теориясы мен практикасын меңгеруге бейімдеп, оларды әскери қызметке өз Отанын қорғауға жан-жақты дайындауға қажетті әскери-патриоттық тәрбиенің мақсат міндеттерін оқытады. Пәнді оқу барысында жастардың ұлттық бірегейіліктің маңыздылығын ұғынып, өз елінің шынайы патриоттарын қалыптастыру және оларды ел жандылыққа, Отансүйгіштікке баулуға қажетті құндылықтарды анықтайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Әскери топография және жергілікті жерді бағдарлау

    Пәнде жергілікті жерді зерделеу тәсілдерін анықтап, заманауи аэроғарыштық түсірістерге негізделген аэрофототопографиялық және топографиялық картаны пайдаланып, жергілікті жерді бағдарлай және кез-келген жағдайда берілген бағыт бойынша жылжи алуды меңгереді. Жергілікті нысандар мен жер бедерін пайдалана отырып, қозғалысты жүзеге асыруды және соғыс қимылдарын жүргізуде дала жағдайын дұрыс бағдарлауды үйреніп, жергілікті жерлердің бүркеме және қорғаныс ерекшеліктерін біліп, тәжірибеде жүзінде қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Академиялық жазуға кіріспе

    Пәнді оқу барысында білім беру мекемелерінде ғылыми ойлауды дамытуға және ғылым жүйесінде зерттеу жұмысының дағдыларын меңгеруге, өз көзқарасын ашық білдіре алуға, шағын мәтінмен, эссемен жұмыс істеу және стандарттар негізінде мәтін құру дағдыларын меңгереді. Инновациялық технологияларды қолдану бағытында білім беру мен ғылыми қызметтегі технологияларды және тарихи дискурстың семиотикалық құрылымын идеологиялық мазмұнды сыни тұрғыдан талдай білуге үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Саптық дайындық

    Курсты оқу барысында саптық дайындық бойынша сабақ өткізу тәртібін, саптағы пәрменді, саптық тәсілдерді (орнында тұрғандағы бұрылыстар, қозғалыстағы бұрылыстар, қарумен және қарусыз бұрылыстар және қозғалыстар жасауды) меңгеріп, саптық дайындық талаптарының қатаңдығы мен тәрбиелік маңыздылығын көрсетіп, саптық дайындықтың элементтерін ажыратып, саптық жаттығуларды дәл орындау дағдыларын іс жүзінде қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі

    Пәнде жалпы дене тәрбиесінің негізгі ұғымдар мен қағидаларын, дене қасиеттерін дамыту және озық білімге негізделген сабақ өткізудің жалпы және арнайы әдістерін үйренеді. Білім беру мекемелерінде дене тәрбиесі сабағын жүргізу, бақылау және есепке алу, сабақтың ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспарларын жазу, сабақтан және мектептен тыс уақыттағы жұмыстарды жоспарлау, сабақ тығыздығы мен жүктемесін анықтау, ересек және қарт адамдардың денсаулығын нығайту әдістемесін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Атыс дайындығы

    Атыс қаруының негізгі құрылымын, жарамдылығын қамтамасыз етіп, әртүрлі ыңғайлы қалыптардан атысқа дайындап, ату тәсілдерін үйрету тәртібін, атыс міндеттерін нәтижелі орындап, атыс қаруынан атудың және қол гранатын лақтырудың әдістері мен ережелерін біледі. Атыс қаруларының заманауи модельдерін меңгеріп, оларды далалық оқу-жаттығу жиындарында шабуыл мен қорғаныста шұғыл шешім қабылдап, іс-қимыл жасауды үйреніп, дәл көздеп ату дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Базалық спорт түрлерін оқыту әдістемесі

    Курсты оқу барысында мектеп бағдарламасы бойынша базалық спорт түрлерін оқытудың теориялық негіздері бойынша білімді игереді. Базалық спорт түрлерінен жарыс өткізу және төрешілік жасау ережелерін, спорттық-бұқаралық іс-шараларды жоспарлап, спорт үйірмелерін ұйымдастырып өткізу әдістемесін меңгереді. Әртүрлі дене жаттығуларына және қимыл-қозғалыс ойындарына қатыстыру арқылы оқушылардың дене қасиеттерін дамытып, базалық спорт түрлерінің әдіс-тәсілдерін үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Гимнастика оқыту әдістемесі

    Пәнді оқу барысында гимнастикалық жаттығулардың терминологиясын, негізгі ұғымдар мен анықтамаларды, сабақ кезінде дене жаттығуларын орындауда көмек көрсетіп және сақтандыру әрекеттерін игереді. Гимнастикада саптық, жалпы дамыту, қолданбалы, еркін, секіру, снарядтарда орындалатын, акробатикалық жаттығу түрлерін үйреніп, кәсіби-педагогикалық дағдыларды қалыптастырып, сабақтың ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспарларын жасап, сабақ өткізу мен оқыту әдістерін тәжірибеде көрсетіп, гимнастикалық зал мен спорттық құралдардың санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқу орындарында әскери патриоттық клубтар мен спорттық секцияларын ұйымдастыру

    Пәнде спорт түрлері бойынша секциялық жұмыстарды жоспарлап, әскери клубтар мен үйірмелерде бақылау және есепке алу жұмыстарын жүргізіп, оқу-далалық жиындарда, қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерінде әскери-патриоттық жұмыстарды жүргізу арқылы дене дайындығын жетілдіру жолдарын қарастырады. Секция жұмыстарында жеке тұлғаның психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, әскери-патриоттық клубтарда бұқаралық мерекелік іс-шаралар мен спорт секцияларында сабақтарды ұйымдастырудың әдістемесін жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән білім алушылардың экономика, қаржы және қаржылық сауаттылық саласында заманауи ойлауын қалыптастыруға бағытталған. Кәсіпкерлікті жүргізудің ғылыми дағдысын, тәсілдері мен әдістерін меңгертеді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білім алушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешумен, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы іскерлік қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсібін жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру шешімдерін қабылдауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шахмат оқыту әдістемесімен

    Пәнді оқу барысында шахматтың даму тарихын, ойын ережелерін, фигуралардың орналасу тәртібін, атқаратын қызметін қорғаныс пен шабуылдың стратегиялық тәсілдерін үйренеді. Әлемдік деңгейдегі гроссмейстерлердің ойын әдісін, комбинацияларын, жүріс тәсілдерін саралап тәжірибеде қолданады. Халықаралық және республикалық деңгейдегі шахмат жарыстарын талдап, жарыс ұйымдастыру мен өткізу жүйесін, хаттамаларын толтыруды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Экология және өмір тіршілігі қауіпсіздігі негіздері

    Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Minor 1

    Білім беру бағдарламасы аясында ЖОО студенттерге қосымша білім беруді таңдауды ұсынады - Minor. Minor 1-ші курстан кейін қосымша білім беру бағдарламаларының каталогынан таңдалады және әрқайсысы 5 кредит көлеміндегі 2 пәннен тұрады, әр түрлі пәндік салаларда қосымша кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тоғызқұмалақ оқыту әдістемесімен

    Курста тоғызқұмалақ нотациясы және партияларды жазып, отау атуларын сипаттап, ой-өрісін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілетін арттырып, өмірге қажетті есептеулер жүргізіп, ұстамдылық, тапқырлық, тез шешім қабылдау, шығармашылық қабілеттерін жетілдіріп, ойынның спецификалық ерекшелігін, қорғану мен шабуылдауда түрлі комбинацияларды қолданып, отауларды қорғауды үйреніп, отаулардың (арт, тектұрмас, ат өтпес, атсыратар, бел, белбасар, қандықақпан, көкмойын, маңдай) аталу себебін, тұздықтың және отаулардың атқаратын қызметін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән Қазақстан Республикасының құқығы мен саяси-құқықтық жүйесі, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары, сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен мазмұны, оның көріну нысандары мен оған қарсы іс-қимыл туралы базалық білім беруге бағытталған. Оқыту нәтижесінде студент құқық салаларының негізгі ережелері мен қағидаларын қолдануды, сыбайлас жемқорлыққа саналы түрде қарсы тұру қабілеттерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Жеңіл атлетика оқыту әдістемесімен

    Курсты оқу барысында жеңіл атлетиканың даму тарихын, әртүрлі қашықтыққа жүгіру, спорттық жүру, ұзындыққа, биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс түрлерінің әдістемесін, ашық және жабық алаңдарда, манежде, жекелей, командалық жаттығуларды меңгеріп, төрешілік ережелерді үйренеді. Жеңіл атлеттердің дене қасиеттерін дамытып, оқу орындарында жеңіл атлетикалық сабақтар мен спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырып өткізуді меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Әскери инженерлік дайындық және топография

    Курсты оқу барысында ұрыстың негізгі түрін және әскери-инженерлік қамтамасыз етуді зерделеп, әскер түрлері мен арнайы әскерлердің бөлімшелерінің, бөлімдер мен құрамаларының жеке құрамын соғыс қимылдарын қамтамасыз ететін инженерлік міндеттер мен шараларды орындауға үйретіп, кәсіби деңгейде жеке тұлғалық дағдыларын қалыптастырып, жалпы әскери ұрыста әскери-инженерлік қамтамасыз етудің негізгі түрлері мен ерекшеліктері бойынша практикада интеграциялауды көрсетеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дене шынықтыру және спорт психологиясы

    Пәнде спорт психологиясының заңдылықтарын, принциптері мен әдістерін үйреніп, техникалық, тактикалық және физикалық дайындығын, жаттығулар мен жарыстардың психологиялық негіздерін меңгеріп, әртүрлі деңгейдегі жарыстарға спортшының психикалық дайындығын жетілдіріп, спорттық жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасап, спортшы тұлғасын жан-жақты дамытып, жалпы және психологиялық мәдениетін көтеріп, спорттық жарыстардың алдында спортшының психикасын дайындап, жарыс барысында өзін-өзі басқара алатын дәрежеге машықтанады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Minor 2

    Білім беру бағдарламасы аясында ЖОО студенттерге қосымша білім беруді таңдауды ұсынады - Minor. Minor 1-ші курстан кейін қосымша білім беру бағдарламаларының каталогынан таңдалады және әрқайсысы 5 кредит көлеміндегі 2 пәннен тұрады, әр түрлі пәндік салаларда қосымша кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бастапқы әскери дайындық пәнін оқыту әдістемесі

    Курсты оқу барысында бастапқы әскери дайындық пәнін оқыту оқу үдерісін ұйымдастырып, интернет көздерінен жаңартылған білім мазмұнындағы ақпараттарды таңдап, педагогикалық негіздерін меңгеріп, дәстүрлі және жаңа инновациялық әдістерді игеріп, оқытудың дидактикалық, әскери іскерлік дағдыларды қалыптастырып, білім беру мекемелерінде бастапқы әскери дайындық сабағын ұйымдастырып және өткізіп, бақылау және есепке алып, сабақтан, мектептен тыс уақытта жұмыстарды жоспарлауды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс

    Пән білім алушыларды өндірістік және әлеуметтік объектілердегі төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға; құтқару, қалпына келтіру жұмыстарын және өрттер мен басқа да төтенше жағдайлар кезінде ұйымдардың тұрақтылығын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге; әскери іс-қимылдарды жүргізуден туындаған немесе осы іс-қимылдардың нәтижесінде туындайтын қауіп-қатерлерден қорғауға теориялық және практикалық даярлауға үйретеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Президенттік көпсайысты оқыту әдістемесі

    Пәнді оқу барысында президенттік көпсайыс бойынша оқу-жаттығу сабақтарын жүзеге асырып, жазғы көпсайыс спорт түрлерінің ішіндегі ерекшеліктеріне байланысты жаттығу түрлерін меңгереді. Тұлғаның қимыл-қозғалыс, ерік-жігер және моральдық қасиеттерін дамытуға ықпал етіп, әр түрлі қысқы және жазғы спорт түрлерін оқу-жаттығу жұмысында біріктіп, барлық бөлімдерінің өзара байланысын (физикалық, техникалық-тактикалық, психологиялық және теориялық дайындық) тәжірибеде жүзеге асырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Паралимпиадалық білім

    Пән паралимпиадалық ойындарды ұйымдастыру тарихын саралап, олимпиадалық қозғалыс жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде паралимпиадалық білім берудегі тәрбиенің мәнін анықтап, мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға спорт түрлерін ұйымдастырып, әлемдік және халықаралық жарыстардың мазмұны мен құрылымын анықтап, паралимпиадалық қозғалыс қағидаттарын енгізіп, халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайтып, мүмкіндігі шектеулі жандардың спорттық іс-шараларға қатысуды насихаттайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бастапқы әскери дайындықтағы құқықтық реттеу

    Курсты оқу барысында болашақ мамандардың бастапқы әскери даярлық құқығының негіздері бойынша теориялық және практикалық білімдерін дамытады. Қазақстан Республикасы Конституциясының әскери қызметке қатысты ережелерінде көрсетілген құқықтық міндеттерін зерделеп, Жарғымен, Қаулыларымен, әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы бұйрықтарымен танысып, қоғамның, мемлекеттік құқықтық мүдделері мен өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық құқықтарын қорғау жолдарын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері заманауи ақпараттық технологиялары

    Курсты оқу барысында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде кеңінен қолданылатын ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы түрлерін, оларды әзірлеу және енгізу әдістерін оқытады. Ақпарат алмасу барысында орталықты цифрлық жабдықтап, кибер шабуылдар мен құпия ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу сияқты жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кезінде пайда болатын әртүрлі жағымсыз құбылыстарды анықтап, заманауи озық технологиялармен әскери ақпараттарды пайдаланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Дене шынықтыру және спорт педагогикасы

    Пәнді оқу барысында жаңартылған білім беру мазмұнын оқу үдерісінде тиімді ұйымдастырып, жоғары әлеуметтік педагогикалық құндылықтарға бағытталған оқыту мен тәрбиені жүзеге асырып, зерттеуге бағытталған оқытудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, педагогикалық технологиялар мен инновацияларды пайдаланып, педагогикалық білім мен біліктерін, педагогикалық қабілеттерін дамытып, оқу-тәрбие үдерісін жоспарлап, дене шынықтыру сабағын және оқу-жаттығу үдерісін үйымдастырудың тәжірибелік біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастырып, дене шынықтыру мұғалімдерінің заманауи даму ұстанымдарын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Жаңартылған білім мазмұны және критериалды бағалау технологиясы

    Курсты оқу барысында білім беру мекемелерінде білім алушылардың жаңартылған білім беру жүйесіндегі оқу жетістігін критериалды бағалауды, бағалау рәсімдерінің сапалылығын арттыруды, қазіргі заманауи технологияларды қолдануды меңгереді. Жаңартылған білім беру мазмұнындағы ақпараттарды талдап, жаңа технологияларды пайдалана отырып сыни ойлауға, тәжірибе алмасуға, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға, жеке және топпен жұмыс жасауға және сауаттылыққа үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Әскери ақпараттық қауіпсіздік

    Пәнде Қазақстан Республикасының Әскери қызмет саласы мен әскери оқу орындарындағы ақпараттың құпиялылық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ақпараттың жылыстауы мен көшірілуін болдырмайтын деректерді қорғау әдістері мен технологияларын оқытады. Әскери ақпараттардың кибер шабуылдардарға тосқауыл қою жолдарын үйреніп, таралып кетуіне жол беретін қауіптерден қорғаудың және анықтаудың тиімді тәсілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Балалардың инклюзивті дене тәрбиесі

    Курсты оқу барысында инклюзивті білім беру жүйесінің негізгі ұғымдарын, инклюзивті білім берудің ерекшеліктерін, инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие үдерісінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің заманауи моделдері мен оны іске асыру жолдарын меңгереді. Озық білімге негізделген арнайы дене жаттығулары көмегімен қалыпқа келтіріп, сауықтыруға арналған әртүрлі дене жаттығулары мен заманауи жабдықтарда жұмыс жасауды үйреніп, кәсіптік қызмет барысында туындайтын әлеуметтік мәселелерді және үдерістерді талдауды игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ұлттық спорт және ойын түрлері

    Пәнді меңгеру барысында ұлттық ат спорты түрлерінің, ұлттық күрес түрлерінің тарихын, тоғызқұмалақ зияткерлік ойынын, ұлттық қозғалыс ойындарды, асық ойындарын зерттейді, қазақтың ұлттық ойындарын (спорттық сипаттағы, әскери, ойын-сауық) жіктейді, қазіргі заманғы ұлттық спорт түрлері мен ойындардың әлеуметтік қызметін талдайды, оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық ойындарды пайдаланады, ұлттық спорт және ойын түрлерінің өткізу әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бауыржантану

    Пәнде оқу барысында даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының ерлік өнегесі арқылы өскелең ұрпақтарды Отансүйгіштікке тәрбиелеп, ұрпақты шынайы патриотизмге бейімдеуге және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қосқан үлесі туралы мағлұматтарды меңгереді. Бауыржан Момышұлының ұлтты тәрбиелеудегі үздік идеяларын жүзеге асырып, шығармаларындағы адами болмысты танып білуге, патриотизмді, ұлтжандылықты, елжанылықты, жоғары адами қасиеттер мен тәрбиелік құндылықтарды қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бастапқы әскери дайындықтағы инновациялық технологиялар

    Курсты оқу барысында жаңартылған білімді мектептерде әскери технологиялық және мақұлданған қосымшаларды пайдаланып, оқу үдерісінде инновациялық технологияларды қолданып, Отанды қорғауға дайын болуына тәрбиелеп, пән салалары бойынша білім мен біліктілікті саналы түрде игеріп, пәннің әдістемелік әлеуетін қолданып, оқу, жоба, зерттеу тәсілдерін меңгеріп, әлеуметтік-мәдени кеңістікте өз орнын таба білуге бейімделеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Емдік дене шынықтыру және массаж

    Емдік дене шынықтыру аурулар мен зақымдануларды емдеп, асқынулардың алдын алып, еңбекке қажеттілігін қалпына келтіріп, жаттығу терапиясының құралдары мен әдістерін ұсынып, әр түрлі ауруларда қолданылатын арнайы жаттығу түрлерін меңгеріп, оңалту және қолдауға арналған дене шынықтыру құралдарын пайдаланып, адам ағзасының қимыл-қозғалысқа бейімділігін анықтап, күш, төзімділік, қозғалыстарды үйлестіріп, гигиеналық дағдыларын дамытып, физикалық жаттығулар арқылы денені жетілдіреді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Футбол оқыту әдістемесімен

    Пәнді оқу барысында футболдың Қазақстан Республикасында және шетелдерде даму тарихын, қалыптасу кезеңдерін, футбол ойынындағы арнайы және жалпы жаттығу түрлерін, оқу-жаттығу үдерісін жоспарлауды, техникалық және тактикалық әрекеттерді меңгереді. Оқу орындарында үйірме жұмысын жүргізу, гигиеналық нормалар мен қауіпсіздік ережелерін, жарыстар ұйымдастыру, жарыс хаттамаларын түзу, төрешілік қызметін атқару, доппен әртүрлі қимыл-әрекеттер жасау, қақпашының арнайы жаттығу әдістерін үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мини футболды оқыту әдістемесімен

    Курсты оқу барысында мини футбол ойынына ойыншыларды іріктеу әдістемесін, спорттық жетілдіруге арналған жалпы және арнайы жаттығу түрлерін меңгереді. Ойыншының техникалық және тактикалық әрекеттерін талдап, шабуыл мен қорғаныстағы жеке және командалық тактиканы игереді. Доппен және допсыз әрекет етуді, алаңда допқа бақылау жасауды, қақпашы мен ойыншының ойын техникасын және ойыншылардың дене сапаларын дамытуға арналған жаттығу түрлерін үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Самбо және қоян-қолтық ұрыс

    Курс барысында әскери міндеттерді орындап, қарумен және қарусыз қарсыласқа тойтарыс беріп, шабуылдау әдістерін қолданып шабуылдардан қорғану үшін жауынгерлік самбо және қоян-қолтық ұрыстың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, ұрыста қауіпсіз жығылу, қолмен, аяқпен және әртүрлі қарулармен шабуыл жасау, соққыдан қолмен және аяқпен қорғану машықтарып жетілдіріп, бірнеше шабуылшыдан қорғанудың техникалық-тактикалық элементтерін үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Пәнде өзін басқалардан ерекшелеп, көшбасшылық қасиеттерін анықтап, топқа немесе командаға басшылық жасап, дұрыс шешім қабылдап, ортақ мақсатқа жетуге жұмылдырып, команданы жеңіске жетелеуде әртүрлі жағдаяттардан шығу жолдарын меңгеріп, көшбасшы болудың белсенді тәсілін қарастырып, дайындық үдерісін басқарып, әртүрлі деңгейдегі іс-шаралар, сайыстар ұйымдастырып, оқу-жаттығу жиындарын өткізуде көшбасшылық қасиеттерін дамытуды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бауыржанның әскери мұрасы

    Пән жазушы жауынгер қазақтың қас батыры Бауыржан Момышұлының әскери мұрасы арқылы болашақ Отан қорғаушы жастардың Отансүйгіштік, елжандылық, ұлтжандылық және батырлық-қайсарлық қасиеттерін дамытуға, оған жетуге қойылатын ұлттық болмысты қалыптастыруды оқытады. Отан қорғау мақсатында жастардың шынайы патриот болуына ықпал ететін даңқты қолбасшының әскери мұрасын, әскери шығармаларын, соғыс өнерін жүргізуде қолданылған әдіс-тәсілдерін насихаттауға үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Волейбол оқыту әдістемесімен

    Курсты оқу барысында волейбол тарихын, даму кезеңдерін, волейбол ойын ережесіне енгізген жаңа талаптарымен танысып, шабуыл және қорғаныста қолданылатын әдіс-тәсілдерді, алаң аймақтарындағы ойыншылардың атқаратын міндеттерін, либеро ойыншысының қызметін, жаттығу барысындағы физикалық және психологиялық дайындықты меңгереді. Әртүрлі деңгейдегі жарыстарды ұйымдастырып өткізу мен төреші қызмет түрлеріне бейімделіп, өз бетінше жалпы және арнайы дайындықтарды, жаңа инновациялық құралдарды пайдаланып, ойыншылардың дене қабілеттерін дамытып тәрбиелеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әскери медициналық дайындық

    Пәнді оқу барысында білім алушылардың әскери оқу-жаттығу барысында денсаулықты нығайтып, зерттеу, әскери қимылдарға қатысу мен әскери қимылдарда, оқу-жаттығу кезінде орын алатын әр түрлі аурулар мен зақымданудың алдын алу мақсатында алғашқы көрсетілетін медициналық білімдерді меңгеріп, жарақаттар мен қан кетулер кезінде уақытша тоқтату тәсілдерін атқаруда шұғыл түрде шешім қабылдауды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әскерге дейінгі жастардың дене дайындығын жетілдіру

    Курсты оқу барысында ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери қызметке шақыруға дейінгі жастардың дене дайындығы мен әскери-қолданбалы дене жаттығуларының элементтерін игереді. Әскери істің қиындықтары мен қиыншылықтарына төтеп бере алатын, жаттығу кезінде жүктемелерге төзімді, тапсырмаларды орындауда жауапкершілігі жоғары, адами тұрғыдан толысқан, дене бітімі мен психологиялық тұрғыдан тұрақты жетілген тұлға қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Баскетбол оқыту әдістемесімен

    Курсты оқу барысында баскетболдың пайда болу тарихын, ойында шабуыл мен қорғаныстағы жеке және топтық бірлескен іс-әрекет техникасын меңгереді. Допты әртүрлі бағытта беру және жылдамдығын өзгертіп алып жүру, себетке орта және ұзақ қашықтықтан тастауға, допты иелену, қайтару, жабу әдістерін игереді. Баскетболда жарақаттанудың алдын алу және сабақ өткізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауға, жарыстарды ұйымдастырып өткізуге және төрешілік қызмет түрлерін атқаруды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Әскери-патриоттық клубтарда іс-шаралар өткізуді жоспарлап, спорт секцияларында президенттік көпсайысқа арналған арнайы жаттығу түрлерін талдап, төтенше жағдайлар кезінде алғашқы көмек көрсетіп, жеңіл атлетика түрлерінен жарыстар ұйымдастырып, өткізуге қабілетті.
  • Өз бетінше әскери қызметке қатысты ережелерде көрсетілген жалпы әскери жарғылар мен құқықтық міндеттерін зерделеп, таныс емес жерді бағдарлауда топогафиялық картаны пайдаланып, әскери-инженерлік қамтамасыз етудің негізгі түрлерін оқытылатын салада қолданады.
  • Спорт психологиясының заңдылықтарын, принциптері мен әдістерін үйреніп, педагогикалық технологиялар мен инновацияларды пайдаланып, мүмкіндігі шектеулі адамдарға спорт түрлерін ұйымдастырып, базалық спорт түрлерінің әдіс-тәсілдерін меңгеріп, академиялық адалдық принциптерін сақтап, ғылыми-зерттеу әдістерін тәжірибеде қолданады.
  • Мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінің қарым-қатынас саласы ерекшеліктеріне сәйкес жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби коммуникациялық жағдайларында тілдік құзыреттілік танытады және спорт түрлерінде инновациялық технологияларды пайдалануды жоғары деңгейде көрсете алады
  • Кәсіби міндеттерді шешуде экологияның жүйелі теориялық және оқу-практикалық білімдерін, құқық негіздерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті, кәсіпкерлікті, өз мамандығында академиялық жазу білімдерін қолдану.
  • Жаңартылған білім беру мазмұнындағы ақпараттарды талдап, Бауыржан Момышұлының ерлік өнегесі арқылы соғыс өнерін жүргізуде қолданылған әдіс-тәсілдерін түсініп, дене тәрбиесі мен спорттың тарихи қалыптасуын меңгеріп, өз елінің шынайы патриоттарын қалыптастырады.
  • Дүниетанымды қалыптастыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың іргелі білімдері мен түрлерін қолдану, Қазақстан халқының мәдени дәстүрлері мен мұраларын игеру, әлеуметтік, этникалық, саяси, діни және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдаумен азаматтық ұстанымды қалыптастыру, қоғамның тарихи дамуының негізгі кезеңдері мен заңдылықтарын талдау.
  • Инклюзивті білім берудің ерекшеліктерін анықтап, түрлі жарақаттарды алдын алу мақсатында алғашқы көрсетілетін медициналық білімдерді меңгеріп, оңалту және қолдауға арналған дене шынықтыру құралдарын пайдаланып, адам ағзасының дене тәрбиесі жаттығуларына бейімделудің жалпы заңдылықтарын үйренеді.
  • Өз бетімен логикалық ойлау қабілетін арттырып, гимнастикада саптық және акробатикалық жаттығу түрлерін үйреніп, спорттық ойындардың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, арнайы және жалпы жаттығу түрлерін тәжірибеде қолданады.
  • Әскери ақпараттардың кибер шабуылдардарына тосқауыл қою жолдарын меңгеріп, атыс қаруымен және қарусыз орындалатын жаттығулардың әдістері мен ережелерін үйреніп, дене дайындығы мен әскери-қолданбалы жаттығу түрлерін тәжірибеде жүзеге асыруға қабілетті.
  • Оқу үдерісінде көшбасшылық қасиеттерін анықтап, бастапқы әскери дайындық сабағында заманауи инновациялық технологияларды қолданып, ақпараттық технологиялардың түрлерін зерттеп, дене тәрбиесіндегі сабақ өткізу әдістері мен принциптерін меңгереді.
Top