Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B11101 Туризм және қонақжайлылық индустриясын ұйымдастыру в Халықаралық туризм және меймандостық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Отандық және шетелдік нарықтарда тұтынушының сұраныстарына бейімделген туристік өнімдер мен қызметтерді әзірлей алатын, жеке тұлғаның дамуына әсер ететін кешенді білімі мен қажетті дағдылары бар, сондай-ақ туризм және қонақжайлылық индустриясын жетілдіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B091 Туризм
-
ҰБТ-дағы пәндер География және Шетел тілі
-
Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
-
Дайындық бағыты 6B111 Қызмет көрсету саласы
Пәндер
-
Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Пән Қазақстан Республикасының құқығы мен саяси-құқықтық жүйесі, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары, сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен мазмұны, оның көріну нысандары мен оған қарсы іс-қимыл туралы базалық білім беруге бағытталған. Оқыту нәтижесінде студент құқық салаларының негізгі ережелері мен қағидаларын қолдануды, сыбайлас жемқорлыққа саналы түрде қарсы тұру қабілеттерін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық жазуға кіріспе
Пән білім алушыларды ғылыми зерттеу әдістерін және академиялық жазу негіздерімен таныстырады. Пән аясында академиялық жазу қағидаттары негізінде мәтіннің құрылымы, дереккөздерді дұрыс дәйектеу ережелері, ғылыми этика нормаларын сақтау және жұмысты стандарттарға сәйкес рәсімдеу қарастырылады. Ерекше назар сыни ойлауды дамытуға, ғылыми зерттеу әдістерін меңгеруге және дәлелді тұжырымдар құруға бағытталады. Курс сондай-ақ ғылыми әдебиетті іздеу, талдау және интерпретациялау әдістерін игеруге көмектеседі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Экология және өмір тіршілігі қауіпсіздігі негіздері
Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экономика, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық негіздері
Пән экономикалық процестер, кәсіпкерлік негіздері және қаржыны тиімді басқару туралы базалық білім беруге бағытталған. Бизнесті құру, тәуекелдерді басқару, кәсіпкерліктің құқықтық аспектілері, қаржылық жоспарлау, бюджеттеу және инвестициялау негіздері қарастырылады. Білім алушылар жеке қаржыны басқару, экономикалық шешімдер қабылдау, кәсіпкерлік дағдыларды меңгеру және бизнес-идеяларды жүзеге асыру тәсілдерін меңгереді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Туризм және қонақжайлылық негіздері
Пән туризм мен қонақжайлылықтың теориялық негіздерін, оның қызмет ету ерекшеліктерін, оның дамуына ықпал ететін негізгі факторларды зерттейді, туризмнің және қонақжайлылықтың дамуы үшін негіз болған үдерістерді қарастырады. Курсты оқу барысында білім алушыларда туризмнің және қонақжайлылықтың даму ерекшеліктерін талдау және салыстыру дағдылары, осы саланың даму перспективаларын бағалау және болжау қабілеттілігі, алынған ақпараттарды жүйелендіру және қорытындылау, сондай-ақ білімдерін практикалық қызметінде қолдану дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сервистік қызмет
Пән сервистік қызмет туралы, қызметтер, қызмет көрсету нысандары, жаңа қызметтер мен қызмет көрсету әдістерін қалыптастыру тәсілдері туралы теориялық мазмұнды зерттеуге бағытталған. Бұл курста білім алушылар қызмет көрсету нарығының заманауи үрдістерімен, тұтынушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік-мәдени сервис саласының ерекшеліктерімен танысады, сервистік қызметті ұйымдастыру саласында практикалық дағдыларға ие болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті
Пән қонақжайлылық саласындағы тиімді коммуникациялық өзара әрекеттестіктің негізгі қағидалары мен тәжірибелерін зерттеу болып табылады. Іскерлік этикет, презентация әдістері, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, жанжалдарды басқару, клиенттермен және әріптестермен тұлғааралық қарым-қатынастарды дамыту талдауын қамтиды. Курс білім алушылардың қонақ үй және мейрамхана бизнесінде табысты жұмыс істеу үшін кәсіби коммуникациялық дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Кәсіби шетел тілі І
Курс контекстке байланысты тұлғааралық және іскерлік қарым-қатынас мәселелерін шешу үшін коммуникация саласының ерекшеліктеріне сәйкес шет тілінде еркін сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталған. Курс орта деңгейдегі коммуникативті қарым-қатынасты құрудағы мағыналар мен функцияларға, тілдік құралдарды дұрыс таңдауға және коммуникативті және кәсіби дағдыларды көрсете білуге байланысты арнайы тақырыптық терминдерді қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Туризм және қонақжайлылық экономикасы
Пән туризм мен қонақжайлылық индустриясының экономикалық негіздерін зерттейді. Сұраныс пен ұсыныс факторлары, туристік нарықтар, баға белгілеу, инвестициялар, рентабельдік және туризмнің аймақтық экономикаға әсері қарастырылады. Қонақ үй және мейрамхана бизнесін басқару модельдері, қаржылық стратегиялар және мемлекеттік реттеу талданады. Курс туристік саладағы бизнесті тиімді жүргізу үшін қажетті экономикалық талдау, стратегиялық жоспарлау және ресурстарды басқару дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қаржылық менеджмент
Пән студенттердің экономика, қаржы және менеджмент саласында заманауи ойды, ұйым қаржысын басқарудың теория мен практика саласында негізгі білімдерді және жұмыс дағдыларын қалыптастыруға, кәсіпорынның қаржы стратегиясын талдау, жүзеге асыру бойынша тәжірибелік жұмыстың дағдыларын игеруге бағытталған. Алынған білім білім алушыларға кәсіпорынның қаржысын басқару бағдарламасын дербес әзірлеуге, кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін қаржыландыру және бақылау кестесін анықтауға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Кәсіби шетел тілі ІІ
Курс ағылшын тілінде кәсіби коммуникацияны оқытуға, сондай-ақ мәдениетаралық қарым-қатынасқа кәсіби-коммуникативтік қызметті құру стратегиясы мен тактикасын меңгеру қабілетін көрсететін коммуникативтік, мәдениетаралық, креативті және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған. Курс коммуникативтік және кәсіби білім мен дағдыларды жоғары деңгейде қолдануды және кәсіби-негізделген қарым-қатынас жағдайларында прагмо-кәсіби міндеттерді шешу арқылы кәсіби-бағдарланған дағдыларды дамытуды қамтамасыз етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Туризм және қонақжайлылық менеджменті
Пән туристік, қонақ үй және мейрамхана кәсіпорындарын басқару қағидаттары мен әдістерін зерттеуге бағытталған. Курс қонақжайлылық саласындағы жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылаудың негізгі аспектілерін, сондай-ақ стратегиялық және операциялық басқаруды қамтиды. Ерекше назар заманауи үрдістерге, цифрлық технологияларға және тұрақты даму қағидаттарына аударылады. Оқу барысында білім алушылар басқарушылық шешімдер қабылдау, бизнес-процестерді оңтайландыру және қызмет көрсету сапасын арттыру дағдыларын меңгереді, бұл туризм және қонақжайлылық кәсіпорындарының табысты жұмыс істеуіне ықпал етеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Гастрономиялық туризм
Пән қызмет көрсету саласындағы гастрономиялық туризмнің рөлі мен орнын, сонымен қатар оның дамуының негізгі тенденцияларымен таныстырады. Бұл курста гастрономиялық туризм саласының дамуына талдау жасалады, шетелдік тәжірибе және ішкі гастрономиялық туризмнің даму перспективалары қарастырылады. Курсты меңгеру барысында білім алушылар қатар жергілікті тағамдардың аймақтардың туристік тартымдылығына ықпалы туралы, гастрономиялық туризмнің экономиканы дамытудағы және мәдени мұраны сақтаудағы рөлі туралы білетін болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Экологиялық туризм
Пән экологиялық туризмді ұйымдастыру саласында базалық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға мақсатталған. Білім алушылар бұл курсты оқу нәтижесінде экологиялық туризм саласында пайдаланылатын негізгі түсініктермен және анықтамалармен танысады, қазіргі таңда ҚР-да экологиялық туризмнің даму жағдайы туралы толық білетін, тұтынушылардың түрлі санаттарының сұраныстарын ескере отырып экологиялық турларды ұйымдастыру ерекшеліктерін зерделейтін болады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Туризм және қонақжайлылықтағы жасанды интеллект
Пән заманауи жасанды интеллект технологияларын қызмет көрсету сапасын жақсарту, операциялық үдерістерді оңтайландыру және клиенттердің қанағаттануын арттыру үшін туризм және қонақжайлылық индустриясында қалай қолдануға болатынын зерттейді. Бұл пәнді оқу білім алушыларға қазіргі заманғы технологиялар туризм және қонақжайлылық индустриясында қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын қалай жақсарта алатынын түсінуге көмектеседі және бұл қазіргі бәсекелестік нарықта маңызды болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ясауи мұрасы және Түркістан
Курс Қожа Ахмет Ясауидің тарихи-мәдени және діни мұрасын, оның түркі өркениетінің қалыптасуы мен дамуына ықпалын қарастырады. Білім алушылар түркі халықтарының әлемдік тарихтағы рөлін зерделеп, тарихи мәтіндер мен мәдени ескерткіштерді түсіндіру және талдау дағдыларын меңгереді. Түркістанның рухани және мәдени орталық ретіндегі тарихи маңызы, оның туристік әлеуеті мен тарихи-мәдени мұраны сақтау, насихаттау мәселелері талқыланады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Туризм және қонақжайлылықтағы маркетинг
Пән әртүрлі деңгейлердегі басқару қызметі үшін маңызды, оның ішінде маркетингтік зерттеулер жүргізу, маркетинг кешенінің элементтерін басқару, экономиканың әртүрлі салаларында маркетингтік стратегияларды әзірлеу үшін маңызды тиімді маркетингтік жұмысты ұйымдастырудың принциптерін, әдістерін, құралдарын үйретеді. Курстың мақсаты-маркетингтің теориялық негіздерін игеру, сонымен қатар компаниялардың маркетингтік қызметінің элементтері мен принциптерін қолдану бойынша практикалық дағдыларды игеру болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Этнотуризм
Пән білім алушылардың этнографиялық туризм шеңберіндегі қазіргі таңдағы үдерістері мен түрлері туралы түсінік қалыптастыруға, этнология саласында құзыреттерін арттыруға бағытталған. Бұл курсты оқу нәтижесінде білім алушылар әлемде және Қазақстанда этнографиялық туризмді дамыту үшін ресурстық базаны талдау, туристтік нарықта этнографиялық туризмнің локациясын талдау дағдылары мен құзыреттерін иеленеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Minor 1
Білім беру бағдарламасы аясында ЖОО студенттерге қосымша білім беруді таңдауды ұсынады - Minor. Minor 1-ші курстан кейін қосымша білім беру бағдарламаларының каталогынан таңдалады және әрқайсысы 5 кредит көлеміндегі 2 пәннен тұрады, әр түрлі пәндік салаларда қосымша кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Туризмдегі құқықтық реттеу
Пән туризм саласындағы қызметті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың құқықтық нысандарын және туризм индустриясының жекелеген кіші жүйелерін құқықтық реттеу ерекшеліктерін ашады. Курс Қазақстан Республикасында және шетелде туризмнің қалыптасу тарихы, қазіргі жағдайы және құқықтық қамтамасыз етуді дамыту мүмкіндіктері туралы жүйеленген мәліметтерді ұсынады. Туризм және қонақжайлылық саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаттары мен халықаралық құқық нормалары туралы түсінік қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
HR менеджмент
Пән ұйымдағы еңбек ресурстарын басқаруға байланысты тәжірибелерді, әдістерді және стратегияларды зерттейді. Ол қызметкерлерді жалдау, іріктеу, оқыту, дамыту, бағалау, мотивациялау сияқты көптеген тақырыптарды қамтиды. Пәннің міндеті стратегиялық мақсаттарға жету үшін ұйымның адами ресурстарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз ету, қызметкерлердің қажеттіліктері мен мүдделерін барынша қанағаттандыруды, тұтастай алғанда ұйымның тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін стратегияларды әзірлеу және қолдану болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Туризм инфрақұрылымы
Пән әлемнің әртүрлі аймақтарында туризмді дамыту үшін қажетті инфрақұрылымның әртүрлі аспектілерін зерттейді, туристік инфрақұрылымды құруға, қолдауға және жақсартуға қатысты тақырыптардың кең ауқымын қамтиды, соның ішінде көлік жүйелері, орналастыру, қоғамдық қызметтер, көрікті жерлер және қауіпсіздік шаралары. Мақсаты мен нәтижесі - жаңа туристік объектілерді құру және қолданыстағы объектілер мен қызметтерді жақсарту бойынша жобаларды әзірлеу болып табылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қонақ үй шаруашылығы
Пән қонақ үй шаруашылығындағы қызметтің барлық процестерін, қонақ үйдегі бөлімшелердің қызметін, қолданылатын жабдықтарды, онда жұмыс істейтін қызметкерлердің міндеттерін зерттеуге бағытталған. Бұл курста қонақ үй қызметтері, олардың құрамдас бөліктері, орналасу түрлері, басқару процесі, қонақ үй ақпаратын зерттеу жүйесі, қонақ үй түрлері және бөлім функциялары қарастырылады. Білім алушылар халықаралық стандарттарға жауап беретін қонақ үй шаруашылығының нысандарына сәйкесінше бөлістіру дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Бизнес-логистика
Курс туризм және қонақжайлылық саласындағы қорларды басқару, қойма шаруашылығы, тасымалдау және дистрибуцияны қоса алғанда, көлік процестерін оңтайландырудағы көлік логистикасының теориялық, практикалық және әдістемелік ережелері мен негіздерін зерделеуді қарастырады. Сондай-ақ, логистикада заманауи ақпараттық технологияларды қолдану, соның ішінде қорларды тиімді пайдалану және тасымалдау үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгереді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Мейрамхана ісі
Пәннің мақсаты білім алушылардың мейрамхана кешендерін ұйымдастыру және басқарумен байланысты білім алуын қамтамасыз ету, қазіргі жағдайда туризм және мейрамхана бизнесі экономиканың қарқынды дамып келе жатқан және табысты салаларының біртұтас кешені болып табылатын дүниетанымды қалыптастыруға бағытталған. Курсты оқу нәтижесінде алған білімді пайдалану туризм және қонақжайлылық саласындағы кәсіби қызметті сауатты және нәтижелі жүзеге асыруға көмектеседі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Minor 2
Білім беру бағдарламасы аясында ЖОО студенттерге қосымша білім беруді таңдауды ұсынады - Minor. Minor 1-ші курстан кейін қосымша білім беру бағдарламаларының каталогынан таңдалады және әрқайсысы 5 кредит көлеміндегі 2 пәннен тұрады, әр түрлі пәндік салаларда қосымша кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
MICE-туризм
Пән білім алушылардың туризм индустриясында іскерлік іс-шараларды ұйымдастыру және басқару технологиясының негіздері туралы білімін қалыптастыруға, түрлі ауқымды іс-шараларды дербес практикалық іске асыру, жоспарлау және ұйымдастыру үшін, сондай-ақ оларды туристтік қызмет көрсетуде қолдануда кәсіби дағдылары мен құзыреттерін қалыптастыруға бағытталады. Білім алушылар бұл курсты оқу нәтижесінде іскерлік іс-шараларды әзірлеу, тандау және жүзеге асыру үдерістерін басқару және олардың тиімділігін бағалау дағдыларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қонақ үй бизнесіндегі инновациялар мен трендтер
Пән қонақжайлылық индустриясындағы заманауи өзгерістерді, технологиялық шешімдерді енгізуді және қонақ үйлердің нарықтың жаңа талаптарына бейімделуін зерттеуге бағытталған. Курс аясында сервис персонализациясы, digital-автоматтандыру, Big Data, жасанды интеллект, IoT, сондай-ақ тұрақты даму және экологиялық тұжырымдамалар қарастырылады. Гибридті орналастыру форматтары, influence-маркетинг, digital PR стратегиялары және әсерлер экономикасы талданады. Практикалық сабақтар инновациялық қонақ үйлердің концепцияларын әзірлеуді, digital-стратегияларды жасауды және жаңа технологияларды тестілеуді қамтиды, бұл білім алушыларға өз білімдерін қонақ үй бизнесінің нақты ортасында қолдануға мүмкіндік береді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Гастрономиялық трендтер
Курстың мақсаты дұрыс тамақтану, фьюжн асханасы, жоғары ас үй, жаңа ас үй, молекулалық ас үй сияқты заманауи гастрономия тенденцияларымен таныстыру. Пәнді оқу нәтижесінде тамақ өнімдерін таңдауына, олардың ұсынылуы мен презентациясына әсер ететін тамақтану саласындағы тенденцияларды; тамақ өнімдері саласындағы тарихи және заманауи тенденцияларды, қазіргі заманғы тамақтану тенденцияларын көрсететін олардың тартымдылығына, қолайлылығына, қауіпсіз тағамдарды дайындауға әсер ететін факторларды үйренеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Туристік өнімді жоспарлау және ұйымдастыру
Пән туристік өнімдерді құру, бейімдеу және басқару әдістерін, соның ішінде маршруттарды, экскурсияларды және әртүрлі туристік қызметтерді зерттеуге бағытталған. Бұл пәнді игерудің мақсаты мен нәтижесі студенттердің туристік өнімдерді тиімді жоспарлау, маркетинг және басқару дағдыларын игеруі, сондай-ақ бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие туристік ұсыныстарды әзірлеу қабілеті болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Туристік бизнесті ұйымдастыру және басқару
Пән туристік кәсіпорындарды құру, қызмет ету және дамыту қағидаттарын зерттеуге бағытталған. Бизнесті жүргізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық аспектілері, маркетинг стратегиялары, қаржылық жоспарлау және персоналды басқару мәселелері қарастырылады. Ерекше назар туризмдегі инновациялар, цифрлық технологиялар және тұрақты даму мәселелеріне аударылады. Курс тиімді басқару, нарықты талдау және бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді әзірлеу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бар ісі және эногастрономия
Пән білім алушылардың әртүрлі типтегі және сыныптағы барларда қызмет көрсету бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды игеруіне бағытталған. Бұл пәнді оқу кезінде білім алушылар эногастрономия саласындағы негізгі терминдер мен анықтамалармен, заманауи бар технологиясымен, бар ыдыстарының түрлерімен, жабдықтармен, бар картасын құрастыру және безендірумен танысады. Білім алушы бар ісі саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды, сусындар мен сервис саласындағы жаңа бағыттар мен идеяларды меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Туристік формальдылықтар
Пән шығу және ішкі турларды қалыптастыру, пакеттеу, визаларды рәсімдеу, қауіпсіздік нұсқауларын, туристермен өзара іс-қимыл ерекшеліктерін ашады. Пәнді игерудің мақсаты мен нәтижесінде қажетті құжаттарды рәсімдеу дағдыларын қалыптастыру, визалық, паспорттық, кедендік, медициналық формальдылықтардың ерекшеліктері мен мәселелерін анықтау, туристік өнімді сату үшін туристік формальдылықтардың негізгі принциптері мен құндылықтарын игеру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Туризмдегі SMM және PR
Пән әлеуметтік желілер мен БАҚ-та туристік компания брендін құруға, қолдауға және ілгерілетуге бағытталған. SMM және PR компания мен аудитория арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған әлеуметтік медиа маркетингі мен коммуникацияның әртүрлі әдістері мен стратегияларын қамтиды. Игерудің мақсаты мен нәтижесі компанияларға назар аударуға, әлеуметтік желілерде өз аудиториясын арттыруға, имиджін жақсартуға және туристік қызметтерді сатуды арттыруға көмектесу болып табылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Стандарттау және сапаны басқару
Пән туризм және қонақжайлылық индустриясында қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз етудің қағидалары мен әдістерін, қызмет көрсету стандарттарын зерделейді, сонымен қатар сапаны басқару үдерістерін және қызметтер сапасын бақылауды қарастырады. Курсты оқу барысында білім алушылар сапаны басқару, халықаралық сапа стандарттары бойынша өнімдер мен қызметтерді сертификаттау саласындағы білім кешенін меңгереді, сапаны арттыру стратегияларын әзірлеу, сапаның ішкі және сыртқы аудиттерін жүргізу дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бренд-менеджмент
Пән туризм және қонақжайлылық индустриясында брендтерді құру, дамыту және басқару стратегияларын үйретеді. Брендингті зерттеу, нарықты зерттеу, позициялау, имиджді қалыптастыру, беделді басқару және брендтің бәсекеге қабілеттілігі мен жетістігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық жоспарлауды қамтиды. Білім алушылар қонақ үй брендінің нарықта ерекшеленуіне көмектесетін бірегей стиль, логотиптер, интерьер дизайны және басқа да атрибуттар жасау сияқты брендтік сәйкестікті дамыту дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Балалар мен жасөспірімдер туризмін ұйымдастыру
Пән 7 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға туристік саяхаттарды жоспарлау және ұйымдастыру негіздерімен таныстырады, сонымен қатар оларда өмірлік құндылықтарын қалыптастыруға қажет дағдыларды меңгеруге бағытталған. Пәнді оқу барысында еліміздегі балалар мен жасөспірімдер туризмі саласының қазіргі жағдайы, оны дамыту жолдары жан-жақты қарастырылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қаржы және шығындарды бақылау
Курс қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының сатып алу және сату үдерістерінде құжат айналымын дұрыс жүргізу, тауар жеткізуші фирмалармен келісім-шарттар жасасу, тауарды дұрыс жеткізу стандарттарын сақтау, тауарды қабылдау, дұрыс сақтау, бөлу, түгендеу, кәсіпорынның айлық есебін жүргізу секілді тауарлық-қаржылық функцияларын қарастырады. Бұл пәнді оқыған кезде білім алушылар қонақ үйлер мен мейрамханаларда қаржы мен шығындарды бақылау үшін қолданылатын арнайы ақпараттық бағдарламаларды қолдану дағдыларын игереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бизнесті жоспарлау және жобалау
Пән негізгі теориялық білімді, бизнесті жоспарлау және жобалау, ағымдағы бизнес-моделін құру және талдау, нарықтық ортаның талаптарына сәйкес келетін компанияны құру және өмір сүру шарттарын анықтау, талап етілетін тиімділік деңгейіне сәйкес қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіндік беретін әдістерді айқындау саласындағы негізгі практикалық дағдыларды дамытуды қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Ивент-менеджмент
Ивент менеджмент іс-шараны сәтті ұйымдастыру үшін жасалуы керек қадамдар мен әдістерге бағытталған. Пән тұжырымдаманы құру, жоспарлау және қалаған оқиға үшін мақсатты аудиторияны анықтау туралы білімді ұсынады. Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы бюджетті есептеу, тақырыпты әзірлеу, барлық жабдықтар мен үй-жайлардың клиенттің қалауына сәйкес келуін қадағалау дағдыларына ие болады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Қонақжайлылықтағы брондау жүйесі
"Қонақжайлылықтағы брондау жүйесі" пәні қонақжайлылық индустриясында брондауды тиімді басқаруды қамтамасыз ететін технологиялар мен процестерді қамтиды. Курс автоматтандыру аспектілерін, мамандандырылған бағдарламалық жасақтаманы пайдалануды, онлайн платформалармен интеграцияны, сондай-ақ клиенттерге қызмет көрсетуді толықтыру және жақсарту стратегияларын қамтиды. Деректерді талдауға және ресурстарды оңтайландыруға ерекше назар аударылады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Қазақстандық қоғамның даму тарихы заңдылықтарын, философиялық, этикалық, экологиялық және құқықтық нормаларды, экономика және қаржылық сауаттылық негіздерін, әлеуметтік-мәдени, саяси және психологиялық құндылықтарды, инклюзивті білім беру негіздерін меңгереді, кәсіби қызметте цифрлық технологияларды ұтымды пайдаланады
- Қазақ, орыс және шет тілдерінде кәсіби жұмыс істеу үшін тілдік және коммуникативтік дағдыларды қолдану, сондай-ақ өз пайымдауларын жазбаша және ауызша түрде кәсіби деңгейде жеткізе білу, мәдениетаралық коммуникация проблемаларын шешу үшін логикалық дұрыс, дәлелді және сыни ойлауды меңгереді, ғылыми зерттеу әдістерін қолданады, кәсіптік қызметті қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтына бағдарланады
- Жоғары деңгейдегі қызмет пен қонақжайлылықты қамтамасыз ету үшін озық жасанды интеллект технологияларын және сапаны бақылау әдістері мен стандарттарын пайдаланып, қонақтарға қызмет көрсету процесін ұйымдастыра отырып, сонымен қатар қонақ үй бизнесінде заманауи инновацияларды тиімді қолдана алып, кәсіби және іскерлік қарым-қатынас жүргізудің іргелі білімі мен дағдыларын меңгереді
- Қонақжайлылық мекемелеріне тауарларды уақытылы жеткізу үшін қажетті логистика және дистрибуция бойынша негізгі білімге ие болады, барлық логистикалық қызметтердің жұмысын үйлестіруді біледі, атап айтқанда, брондау процедураларын басқару және қонақ үй қызметтерін ілгерілету, қаржылық схемаларды әзірлеу және қызметтерге ақы төлеуге байланысты ақша ағындарының қозғалысын бақылау, делдалдарды қаржылық ынталандыру саясаттары мен схемаларын әзірлеу болып табылады
- Қазіргі заманғы туризм және қонақжайлылық индустриясына тән туристік қызмет және оның негізгі бағыттары саласында білім мен дағдыларды меңгереді, әлемдегі гастрономиялық трендтердің дамуын талдайды, тұрақты даму бағдарламаларын әзірлеп іске асыруды және туризмнің барлық түрлерінің туристік нарықта орналасуын айқындайды, демалыс аймақтарын жобалайды және турдың мақсатты аудиториясын анықтайды, таңдалған туризм түрінің ерекшелігін ескере отырып, тур бағдарламаларын құруды және туристік маршруттарды әзірлеуді біледі
- Менеджмент, маркетинг, өнімді әзірлеу және брендті жылжыту, қонақжайлылық және кәсіпкерлік жобаларын басқару саласындағы білім мен түсінікті көрсетеді, бұл мансапты қалыптастыруға және өз ісін құруға кең перспективалар береді
- Туризм және қонақжайлылық кәсіпорындарындағы барлық ұйымдастырушылық-басқарушылық және қаржылық-экономикалық мәселелерді тиімді шешу үшін қаржылық менеджмент, персоналды басқару, функционалдық қызметтердің ағымдағы қызметін ұйымдастыру және бақылау саласындағы теориялық және практикалық білімдерін қолданады
- Кәсіби деңгейде іскерлік қарым-қатынас тәсілдерін және персоналды басқарудың тиімді әдістерін қолдана отырып, кәсіби қызметті жүргізу мен іс-шараларды ұйымдастырудың көшбасшылық қасиеттері мен жақсы ұйымдастырушылық-басқарушылық дағдыларын меңгереді
- Туризм және қонақжайлылық саласында кәсіби қызметті сауатты және нәтижелі жүзеге асыруға көмектесетін қонақ үй шаруашылығы, бар және мейрамхана ісі саласындағы қызметтің негізгі операциялық рәсімдерін ұйымдастыру және басқару, оның жекелеген салаларында қызметтерді ұйымдастыру мен өндіру технологияларының коммуникативтік дағдыларын жетілдіреді
- Туризм инфрақұрылымын дамытуда, туристік бизнесті жоспарлауда, сондай-ақ туризмнің барлық түрлерін, соның ішінде балалар мен жасөспірімдерді визалық ресімдеуде және медициналық сақтандыруда нормативтік-құқықтық құжаттарды қолдану, нарықта инновациялық өнімдер мен қызметтерді құру және ілгерілету үшін клиенттердің маркетингтік талаптары мен қажеттіліктерін талдау