Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01561 География-Тарих в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Академииялық адалдық қағидаларын сақтай отырып кәсіби орта мен социумда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін коммуникациялануы, ақпараттың түрлі көздерін пайдалану.
  • Ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерінің дүниетанымдық, азаматтық, рухани және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру негізінде жаратылыстану, қоғамдық, әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуын көрсету.
  • Ақпараттық және есептеу сауаттылығына ие болу, ақпаратты жалпылау талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау.
  • Географиялық картографиялық және климатологиялық құбылыстарды іс жүзінде түсіндіру.
  • Дүниежүзілік тарих кезеңділігінің даму ерекшеліктерін объективті бағалауда тарихи-салыстырмалы талдауды қолдану.
  • Оқытудың заманауи технологиялары мен әдістерін,оқытудың оқу жетістіктерін бағалау құралдарын пайдалана отырып,сабақты жоспарлау және өткізу кезінде білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру.
  • Отандық тарихтың аз зерттелген мәселелерін қайта құруда заманауи цифрлық технологиялар мен ғылыми зерттеу әдістерін қолдану.
  • Халық мәдениетінің генезисін толыққанды қайта құру, этногенезді анықтау және этникалық процестің дамуы үшін тарихи факторларды талдау, сараптау және бағалау әдістерін қолдану.
  • Білім алушылардың мінез - құлқын басқару,олардың оқу-танымдық іс-әрекетін ынталандыру,тәрбие жұмысының әдістемесіне және қазіргі заманғы тәрбие тұжырымдамаларына сүйене отырып,білім алушылардың бойында салауатты және қауіпсіз өмір мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу.
  • Кәсіби географиялық мәселелерді сауатты шешу және педагогикалық қызметте нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін инновациялық тәсілдерді меңгеру.
  • Тарихи дереккөздер мен мәдени мұра объектілерін есепке алуға және олардың сақталуын қамтамасыз етуге байланысты ұйымдастырушылық процестерді басқару.
  • Жеке және командада тиімді жұмыс істеу, өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби біліктілікті арттыру дағдыларын көрсету.
Top