7M08602 Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Технологияларды, әдістер мен тәсілдерді жетілдіру, жобалаудың сапасы мен сенімділігін арттыру, инженерлік-мелиоративтік және инженерлік-экологиялық жүйелерді жобалау, құрылысын жүргізу және пайдалану, жерді мелиорациялаудың, баптаудың және қорғаудың жаңа жолдарын негіздеу саласында дербес кәсіби жұмысқа қабілетті, жоғары білікті мамандарды жетекші ғылыми және жоғары оқу орындарының заманауи білім беру стандарттарына сәйкес даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M137 Су ресурстары және суды пайдалану
-
Білім беру саласы 7M08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
-
Дайындық бағыты 7M086 Су ресурстары және суды пайдалану
Пәндер
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Курс педагогикалық ғылымды және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі орнын, білім берудің қазіргі парадигмасы, Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі, маман тұлғасын тәрбиелеу және қалыптастыру, білім берудегі менеджмент қарастырады. Педагогикалық ғылымның әдіснамасы, оқытудың әдістері мен түрлері туралы түсінік беріледі. Оқытушының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігін ашуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Білім алушылардың бойында ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады. Сараптамалық қабілет пен ізденіс қызметінің дағдыларын дамытып, болашақ ғалымға қажетті теориялық және практикалық білімдер береді. Ғылымға және ғалымдарға қажеттілік күшейіп отырған қазіргі заманда бұл пәнді зерттеу қоғам үшін де, жас ізденуші үшін де аса маңызды. Арнайы философиялық талдау пәні болып табылатын ғылым феноменінің мәселелерімен таныстырып, ғылымның тарихы мен теориясы, ғылым дамуының заңдылықтары және ғылымның білімнің құрылымы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, ғылыми ізденіс жүргізу әдістері, ғылымның қоғам дамуындағы рөлі туралы білім қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Пәннің негізгі мақсаты - болашақ магистрдың кәсіби қызметінде ағылшын тілін белсенді меңгеру дағдылары мен қабілеттерін одан әрі дамыту негізінде шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарының шеңберінде коммуникативтік құзыреттілікті жүйелі түрде тереңдете білу. Магистранттың бойында ғылыми ақпарат алу және беру үшін мамандық бойынша ағылшын тіліндегі әдебиеттерді оқу; аудармалар, аннотациялар, рефераттар түріндегі алынған ақпаратты тіркеу; магистрлік мамандығына және ғылыми жұмысына байланысты тақырыптар бойынша ағылшын тілінде әңгіме жүргізу дағдыларын дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ресурс үнемдеуіш технологиялармен суару
Ресурс үнемдейтін жүйелер мен суару технологиясын дамытудың келешегі. Суару технологиялары мен жабдықтары, классификациясы және қауіпсіздік талаптары. Бороздалар бойымен жер бетін механикаландырылған суарудың технологиялары мен техникалық құралдары. Дискретті суару технологиясы. Кең ауқымды көп тіректі жаңбырлатқыш машиналар. Аз көлемді суару. Микро жаңбырлатқыш машиналардың технологиясы және техникалық құралдары. Импульсті жаңбырлатқыш. Микросуару. Тамшылатып суару.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Гидроландшафтты жүйелердің табиғи процестерін модельдеу
Бұл курста ғылыми сілтемелер, ландшафттарды (мелиорацияда) үйлестірудің кешенді әдіснамасы және теориялық негізідері қарастырылған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мелиоративтік жүйелердегі технологиялық процестерді басқару
Курста әртүрлі мақсаттағы жерлердің ерекшеліктері мен жер пайдаланушылардың талаптары, жерді мелиорациялау түрлері, табиғи процестерге әсер ету әдістері, технологиялық кешендердің жұмыс істеу ерекшеліктері зерттеледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мелиорация саласындағы ақпараттық технологиялар
Бұл курс ГАЖ технологияларын пайдалану арқылы сушаруашылық жүйелерін, топырақ жабындысын, жер бедерін және су сапасы туралы ақпараттарды қашықтықтан зондап, оларға мониторинг жасау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Cалалық және кешендік мақсаттағы гидротехникалық құрылымдар
Пәнді оқу барысында құрылыстарды жобалау әдістері, цифрландыру әдістері, сүзу теориясының негізде-рі, гидротехникалық құрылымдарды қалыптастырудың гидротехникалық әдісін гидромеханикалық бағалау, өзен бассейндерін орналастыру және су қоймасындағы су тасқынынан қорғау үшін құрылыстарды жобалау әдістері
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Аймақтың экологиялық орналасуы
Курс табиғатты үйлестіру принциптерін үйретеді; табиғатты үйлестіру негіздері; экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары; экологиялық проблемаларды шешуге кешенді көзқарас; экологиялық проблемаларды шешу әдісі ретінде қазіргі аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар; қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу мәселелері және оларды шешу жолдары; атмосфералық ауа мен су ресурстарын ластанудан қорғау; биологиялық ресурстарды қорғау; тұтыну және өндірістік қалдықтарды сақтау және қайта өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғау; табиғи элементтерден қорғау; топырақты ластанудан қорғау; төгінді суларды тазарту және төгінді судың қалдықтарын кәдеге жарату; жыра жерлерді эрозиядан қорғау; су объектілерін табиғат негізінде қалпына келтіру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
Пән психологияны басқару психологиясының тақырыбын, сипатын, міндеттері мен құрылымын, оның психологиялық зерттеулер әдістерін және оны зерттеудің негізгі тәсілдерін қарастырады. Басқару әрекетіндегі тұлға психологиясын, танымдық әрекет психологиясын перцептивтік, мнемикалық және ойлау ұрдістерін басқару қызметтінде зерттейді. Курс заманауи іскерлік адамның қызметінде этикет туралы, менеджердің коммуникативті құзыреттілігі, басқарушылық қызметтегі эмоционалды және ерікті күйлері туралы және қызметті басқара білу туралы қабылеттерін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлау
Курста ауылшаруашылық жерлерінің қазіргі жағдайы мен пайдаланылуын бағалау мәселелері қарастырылады. Жер ресурстарын пайдалану және қорғау саласындағы белсенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру жүргізуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Жерді ұтымды пайдалану және қорғаудың экономикалық-құқықтық механизмi
Курста ауылшаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану механизмінің ерекшеліктері қарастырылған. Сондай-ақ, жер саясатының негізгі құралдарына талдау жасалады, оған жерді ұтымды пайдалану механизмінің экологиялық, құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық құрамдас бөліктері кіреді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару
"Кәсіпкерлік саласындағы жобаларды басқару" курсы магистранттарды агроөнеркәсіптік кешен саласында нарықтық жағдайда оқытуға арналған. Ол жобаны басқару әдістерінің даму тарихын, жоба тұжырымдамасын әзірлеу, оны құрылымдау және бағалау бойынша шешім қабылдаудың әдістемелік тәсілдерін, сондай-ақ жобаның өмірлік циклінің әртүрлі кезеңдеріндегі жоба менеджерінің рөлі мен қызметін игеруді қамтиды. Магистранттар агроөнеркәсіптік кешен саласында өз бизнесін табысты жүргізу үшін қажетті дағдыларды игере отырып, жобаларды басқарудың ұйымдастырушылық нысандарын және оларды әзірлеу мен оңтайландыру әдістерін зерделейді. Курс сонымен қатар білім алушылардың экономикалық ойлауы мен кәсіпкерлік қабілеттерін қалыптастыруға, оларға нарықта өз орнын табуға, өз ісін ашуға, өз кәсіпорнын ұйымдастыруға және тиімді басқаруға көмектесуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жерді мелиорациялау, баптау және қорғаудағы ғылыми зерттеулер әдістемесі
Бұл пәнде мелиорациядағы ғылым және ғылыми зерттеу және де ғылыми-техникалық ақпарат қарастырылған. Және де ғылыми зерттеудің тақырыбын анықтау көрсетілген.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бизнес шешімдерді модельдеу
Пән шешім қабылдау процестерін зерттейді, бастапқы мәселені формализациялаудан бастап, компьютерде математикалық модель құру және шешу арқылы шешімді талдауға және басқару шешімін қалыптастыруға дейін. Басқарушылық шешімдерді таңдау үшін міндеттердің өндірістік, көлік және қаржылық модельдерін қарастырады. Математикалық модельдерді құру және шешу және осы шешімдерді компьютерде талдау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Су шаруашылық жүйелерін үлгілеу
Бұл пәнде су шаруашылық жүйелерді басқарудың теориялық және тәжірибелік негіздері және де су шаруашылық жүйелерді басқаруды ұйымдастыру және құрылымы қарастырылған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Суғармалы егіншіліктің биологиялық және агротехникалық негізі
Бұл пән ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық сипаттамалары мен өнімділігін және топырақтың тыңайтқыштарын және агрофизикалық және агрохимиялық қасиеттеріне және дақылдарды өсірудің биологиялық белсенділігіне әсерін зерттейді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Конфликтология
Пән конфликтологияның негізгі категорияларын, жанжалдардың типологиясын, жанжалдарды басқару технологиясын қарастырады. Тұлғаның қақтығыстағы мінез-құлық теориясын, тиімді қарым-қатынас технологиясын және қақтығыстағы ұтымды мінез-құлықты зерттейді. Жанжалды шешу бойынша келіссөз процесінің психологиясы, дауды реттеу технологиясы ретінде Медиация туралы түсінік қалыптастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мелиорациялық жүйелердің ақпараттық технологияларын жобалау
Бұл пәнде мелиорациялық жүйелердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларының негізгі бағыттары қарастырылады. Биосфераның тұрақтылығын сақтау және қоғамның дағдарыстық дағдарыссыз дамуы үшін экономикалық басқарудың және адамдардың өмір салтын қалыптастырудың дәстүрлі нысандарын жүйелі түрде өзгертуге бағытталған тұрақты адамзаттық дамудың тұжырымдамалары мен стратегияларын түсіну.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мелиорациядағы геоақпараттық жүйелер
Бұл курс ГИС технологиясын пайдалану арқылы сушаруашылық жүйелерін пайдалану және жобалау жұмыстарын дайындау мен жүргізуге байланысты экологиялық мониторингтің заманауи әдістерін, негізгі ережелерін оқытудан құралған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Мелиорацияның әдіснамалық және экологиялық қағидалары
Бұл пәнде жерлердің мелиорациясының ғылыми негізі, агроландшафттардың су пайдалануының экологиялық мөлшерлеуі көрсетілген. Және де адамның өмір сүру ортасы ретіндегі табиғи жүйені бағалаудың ландшафтық-экологиялық әдіснамалық негізі қарастырылған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Топырақтың тұздану және тұзсыздану үдерістерін үлгілеу
Бұл пәнде табиғи үдерісте тұзданған топырақтарды кешенді бағалау және мелиорациядағы табиғи үрдістерді үлгілеу көрсетілген. Және де топырақтың тұздану және тұзсыздану үдерісінің теориялық негізі қарастырылған
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылым философиясы, психология және педагогика мәселелерінде ой-өрісті тану, оқытудың қазіргі заманғы әдістемесін қолдану.
- Интернационалдық ортада кәсіби әңгіме ұйымдастыру, кең ауқымды ғылыми-техникалық және педагогикалық мәселелер бойынша сұхбаттыжүргізе білу.
- Ғылыми экспериментті ұйымдастыру, алынған нәтижелерді модельдеу және талдау саласында өз білімін, түсінігін және қабілетін кәсіби деңгейде қолдану.
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу кезінде көшбасшылық қасиеттерді пайдалану, бизнес-шешімдерді модельдеу кезінде іскерлік қасиеттерді, кәсіпкерлік қызметті тиімді басқаруды көрсете білу.
- Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, су объектілеріне мониторинг жүргізу, нәтижелерін талдау, су объектілерінің сапасын жақсарту шараларын әзірлеу.
- Тозған жерлердің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми (ғылыми-техникалық, инновациялық) жобаны іске асыру шеңберінде ғылыми-зерттеу тапсырмаларын орындау, зерттеу мәселелерін шешу әдістері мен тәсілдерін талдау.
- Жүргізіліп жатқан зерттеу тақырыптары бойынша ақпараттық ресурстарды, ғылыми, тәжірибелік және аспаптық негіздерді пайдалануды жоспарлау, талдау, синтездеу және зерттеу мәселелерінің шешімдерін оңтайландыру.
- Жеке қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлерін пайдалану: интернет-ресурстар, ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және тарату бойынша мобильді сервистер.
- Бағдарламалау, математикалық модельдеу, талдау және синтез саласындағы ақпаратты түсіндіру, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау және басқару саласындағы теориялық білім деңгейін ұдайы жетілдіруге ұмтылу.
- Бекітілген магистранттың жеке жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
- Ғылыми кеңесшінің басшылығымен ғылыми зерттеулер нәтижелерінің зертханалық және тәжірибелік сынақтарын жүргізу.
- Ауылшаруашылық мелиорациясының негіздерін, қоршаған ортаны ландшафтық-экологиялық бағалаудың әдістемелік негіздерін жетілдіру бойынша оқуды әрі қарай өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдыларын енгізу.