Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B04141 Есеп және аудит
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазіргі кәсіби құзыреттілікке ие, әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда бухгалтерлік және аудиторлық қызметтерді сапалы ұсынуға қабілетті жоғары білікті бәсекеге қабілетті маман - бухгалтерлерді, аудиторларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B045 Аудит және салық салу
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және География
-
Білім беру саласы 6B04 Бизнес, басқару және құқық
-
Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Экономикадағы математика
Экономикалық теория
Бухгалтерлік іске кіріспе
Бухгалтерлік есеп негіздері
Микроэкономика
-
2 Оқу жылы
Кәсіпкерлік
Аудит негіздері
Экономика және құқық
Қаржылық сауаттылық
Кәсіпорын экономикасы
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері
Ғылыми зерттеу әдістері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Статистика
Қаржылық есеп 1
Туризмдегі бухгалтерлік есеп
Маркетинг
Менеджмент
-
3 Оқу жылы
Шағын және ортакәсіпкерлік субьектілеріндегі есеп және есептілік
Банктердегі бухгалтерлік есеп
Қаржылық есеп 2
Басқару есебі 1
Салық және салық салу
Мемлекеттік мекемедегі бухгалтерлік есеп
Халықаралық қаржылық есеп стандарттары
Саудадағы бухгалтерлік есеп
Қаржылық есептілікті қалыптастыру және аудит
Кәсіпорындағы бизнесті бағалау
Ішкі аудитті ұйымдастыру
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде компьютерлік бағдарламаларды меңгереді (1С: Бухгалтерия) және экономиканың барлық салаларында бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастырудың ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіпорынның есеп саясатын қалыптастырады
- Конструктивті диалог құру, көпмәдениетті, полиэтикалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасау дағдыларына ие; діни құндылықтардың негізі мен жүйесін, этикалық нормаларды, жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық және экономикалық құбылыстар саласындағы заңнамалық ережелерді біледі
- Бизнестің есептік, салықтық, статистикалық бағыттары бойынша ғылыми және инновациялық жобаларды әзірлеу , бизнес-тәуекелдерді бағалау және бизнес мүддесінде салық заңнамаларын ел экономикасына пайдалану қабілетілігін меңгеру
- Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне талдау, есепке алу және аудит жүргізеді, оның негізінде ұйымның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді. Мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен аудиттің ерекшеліктерін ескере отырып, бухгалтерлік құжаттарды зерттеуде сараптамалық әдістерін қолданады, халықаралық және ұлттық стандарттар бойынша регламенттелген есептерді қалыптастыруды біледі.
- Компания қызметін қаржыландыру мен қаржылық жоспарлауды ұйымдастырады, экономиканың нақты секторында және бюджеттік ұйымдарда басқару шешімдерін қабылдау үшін бухгалтерлік, қаржылық және басқару есебін жүргізуді талдау негізінде қаржылық үдерістерді бюджеттеуді және экономикалық құбылыстарды болжауды жүзеге асырады
- Қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізеді, бухгалтерлік заңнаманы сақтай отырып құжаттарды өңдейді және жіктейді, қаржылық есепке алу ережелерін есепке алу мен есептілікті ұйымдастырудың ұтымды жүйесін меңгереді.
- Басқарушылық есепті ұйымдастыруда жаңа заманауи тәсілдерді , құралдар мен тетіктерді қолданады
- Әлеуметтік және экономикалық ғылымдар, экономика салалары, бухгалтерлік есеп және басқа пәндер бойынша сандық ақпаратты жинайды және талдайды