Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7R01138 Отбасылық медицина в Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Біріншілік медициналық санитарлық көмек жүйесінде диагностикалаудың, емдеу және профилактиканың заманауи технологияларын игерген және үздіксіз жан-жақты медициналық қызмет көрсету арқылы науқастың сұраныстарын қанағаттандыруға қабілетті жоғары білікті маман - отбасылық дәрігер дайындау
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 140
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R038 Отбасылық медицина
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Отбасылық дәрігер тәжірибесіндегі дерматология және венерология мәселелері
Диетология
Отбасылық медицина
Шұғыл медицина
Отбасылық дәрігер тәжірибесіндегі онкология мәселелері
Амбулаториялық офтальмология
Отбасылық дәрігер тәжірбиесіндегі неврология мәселелері
Отбасылық дәрігер тәжірбиесіндегі фтизатрия мәселелері
Амбулаториялық травматология
Отбасылық дәрігер тәжірибесіндегі психикалық денсаулық мәселелері
Тиісті клиникалық тәжірибе
Отбасылық дәрігер практикасындағы тиімді фармакологиялық терапия
Амбулаториялық оториноларингология
Амбулаториялық хирургия
Отбасылық дәрігер практикасындағы сәулелік диагностика
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Науқасты курациялау: клиникалық диагнозды құрастыруға, біріншілік медициналық санитарлық көмек (БМСК) жүйесінде дәлелдемелі практика негізінде жасы, жынысы, проблемаларына қарай емдік-профилактикалық жоспар тағайындауға және оның тиімділігін бағалауға қабілетті.
- Коммуникация және коллаборация: науқастармен, олардың отбасы және қоғамдық мүшелерімен, біріншілік деңгейде қызмет ететін басқа да мамандармен (әлеуметтік қызметкерлер, психологтар және басқа БМСК мекемелерінің қызметкерлерімен) науқастың жоғарғы нәтижеге қол жеткізуі мақсатында тиімді қарым-қатынас құруға қабілетті.
- Қауіпсіздік және сапа: біріншілік медициналық санитарлық көмек жүйесінде диагностикалауды, емдік – профилактикалық шараларды жүргізу бойынша медициналық көмек көрсетудің жоғарғы деңгейдегі сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең тиімді әдістерді қолдануға және олардың қаупін бағалауға қабілетті.
- Қоғамдық денсаулық: біріншілік медициналық санитарлық көмек жүйесінде диагностикалауды, емдік – профилактикалық шараларды, төтенше жағдайларда негізгі және кеңейтілген көмек көрсетуді, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін мамандараралық командалар құрамындағы жұмыстарды Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру аймағы аясында жүргізуге қабілетті.
- Зерттеу: тиімді зерттеу мақсаттары мен міндеттерін құрастыруға, отбасылық медицинаға қатысты арнайы әдебиеттерді критикалық тұрғыда бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық деректер қорын тиімді қолдануға, зерттеу командаларының жұмыстарына қатысуға қабілетті.
- Білімін жетілдіру және дамыту: отбасылық медицина бойынша өз бетінше білімін жетілдіруге және кәсіби команданың басқа мүшелерін оқытуға, дискуссияларға, конференцияларға және басқа да кәсіби дамудың үздіксіз түрлеріне белсенді қатысуға қабілетті.
Ұқсас БББ
7R01138 Отбасылық медицина
Астана медицина университеті
7R01138 Отбасылық медицина
Қазақстан-Ресей медицина университеті
7R01138 Отбасылық медицина
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
7R01138 Отбасылық медицина
Семей медицина университеті
7R01138 Отбасылық медицина
Санжар Жафарұлы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті