Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M09101 Ветеринариялық медицина в Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Ветеринарияның кәсіби құзыреттілігін, ғылыми-зерттеу және педагогикалық салада қабілеттілікті жүзеге асырудың ғылыми-теориялық негіздерін талдау және ғылыми таным әдістерін, сапалы кәсіби білім алу үшін жағдайларды қамтамасыз ету
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M138 Ветеринария
  • Білім беру саласы 7M09 Ветеринария
  • Дайындық бағыты 7M091 Ветеринария

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Ғылым, психология және педагогика философиясы мәселелерінде дамытылатын білімдер мен түсініктерді көрсете білу, қызметкердің еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігі негіздеріне оқытудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалану, психологиялық жағдайдың оңтайлы өзгерісін табу және басқарушылық шешімдерді қамтамасыз ету.
  • Морфология және физиология, тұқым қуалайтын ақпаратты беру және генетикалық материалдың өзгермелілігі негізінде жатқан қан ауруларының ағзалар, жүйелерде, инфекция қоздырғыштарының патогенділігінің даму механизмі мәселелерінде және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін түсіндіруді білу.
  • Басқа кәсіптермен байланыс орнату арқылы, гематологияның, иммунологияның, инфузиялық терапияның заманауи әдістерін қолдана отырып, емдеу-профилактикалық жұмыстың сапасын бағалап, клиникалық зерттеулер мәселелерін шешу дағдыларын қолдану.
  • Алиментарлы және эндокриндік аурулардың, жұқпалы емес этиологиядағы азықтан улануды, жануарлардың өсіп-өнуі мәселелерін диагностикалаудың заманауи әдістерін меңгеру және фитология негіздерімен физиотерапиялық процедуларды пайдалану .
  • Басқа кәсіптермен байланыс орната отырып, физиотерапиялық емдеу әдістерінің артықшылықтары мен дәрілік өсімдік шикізатының түпнұсқалығын зерттеуде өз білімін, түсінігі мен қабілетін кәсіби деңгейде пайдалана білу және дәрілік нысандарды дайындаудың негізгі технологиялық процестерін және ҚР дәріхана қызметі мен фармацевтикалық тауартануды ұйымдастыру, басқару қызметінің принциптерін жүзеге асыру.
  • Жануарлардың инфекциялық, паразиттік және жұқпалы емес этиологиялы аурулары бойынша Қазақстандағы және шетелдегі қазіргі жағдайды сипаттау және инфекцияның ерекшеліктерін ескеріп, заманауи әдістер мен ветеринариялық іс-шараларды пайдалана отырып, ғылыми диагностикалық зерттеулерді дербес жүзеге асыру.
  • Зоонозды, паразиттік және аз кездесетін, жаңа және қайталанатын инфекциялардың, жануарлардың микологиялық ауруларының жаһандық проблемаларымен жеке ғылыми-зерттеу тәжірибесін жобалау және биологияның қазіргі заманғы жетістіктері негізінде диагностика және профилактикалық, сауықтыру іс-шараларының жүйесін әзірлеу.
  • Жоғары өнімді жануарлардың өсіп-өну мәселелерін шешуде білімді қолдану, теріс факторлардың репродуктивті функцияға әсерін бағалау және сүт безінің физиологиясы мен патологиясы мәселелерін нақтылау, ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру және өсімін молайту бойынша озық тәжірибені енгізу.
  • Әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, ДЖДҰ ұсынған алдын алу және сауықтыру шараларын жүзеге асыру, халықаралық ережелер мен нормалар негізінде сыртқы экономикалық байланыстар бойынша әріптес елдермен эпизоотияға қарсы іс-шараларды үйлестіру, тәуекелдерді басқару және оның салдарын болжау.
  • Зертханалық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық және мамандандырылған зерттеу әдістері мен хирургиялық операцияларды жүргізу техникасын пайдалана отырып, тістердің, тілдің және жұтқыншақтың әртүрлі ауруларын, дистальды аяқ-қолдар мен тұяқтардың патологияларын диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелерінде құзыретті болу.
Top