Жаңа білім беру бағдарламасы

7R01125 Травматология-ортопедия (ересектер, балалар) в Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы

Пәндер

  • Травматология және ортопедиядағы жаңартылған технологиялар

    Стационарлық жағдайдағы заманауи диагностикалық және емдік манипу-ляциялар. Травматология және орто-педияда емдеудің, протездеудің заманауи технологиялары, эндови-деотехнологиялар. Ірі және ұсақ буындарды эндопротездеу, артро-скопия. Сүйек сынықтарын тұрақты бекітудің миниинвазивті әдістерін қолдану. Тәуекелдер мен асқынулар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Стационардағы травматология және ортопедия,ересектер-1

    Қазақстан Республикасындағы тұрғындарға травматологиялық көмекті ұйымдастыру бойынша, науқастарды травматологиялық және ортопедиялық аурулар бойынша жүргізу, госпитальға дейінгі кезеңде, медициналық эвакуация кезеңдерінде негізгі көмекті көрсету дағдылары мен білімдерін қалыптастырады. Травматология және ортопедия саласындағы оперативті емдеу әдістері. Травматологиялық-ортопедиялық науқастарды операция алдындағы дайындаудың ерекшеліктері. Асқынулардың алдын алу, болжам. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нозологиялар бойынша клиникалық хаттамалары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 48
  • Ересектердің амбулаториялық-емханалық травматология және ортопедиясы

    Емдеуге дейінгі кезеңде ҚР халқына травматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Жарақаттану түсінігі. Травматологиялық және ортопедиялық аурулардың клиникасы, диагностикасы, сараланған диагностикасы. Травматоло-гия және ортопедиядағы консервативті емдеу әдістері. Травматология және ортопедиядағы туннельді синдромдар. Амбулаториялық-емханалық жағдайларда ортопедиялық ауруларды диагностикалау және емдеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 20
  • Травматология және ортопедиядағы жас ерекшеліктері

    Балаларда жоғары (бұғана, иық сүйектер) және төменгі (бөксе) сонымен бірге туу кезіндегі зақымдар. Бала және егде жаста (гериартрия) «патологиялық» сынықтар ерекшеліктері. Сүйек сынықтарында тұрақты фиксация, миниинвазивті әдістерін қолдану. Кеуде қуысының шұңғы тәрізді деформациясы және балалар табаны жалпақ-вальгусты деформациясын отамен емдеу миниинвазивті технологиясы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Стационардағы травматология және ортопедия,ересектер-2

    Стационарлық жағдайдағы заманауи диагностикалық және емдік манипуля-циялар. Травматология және ортопедия-дағы микрохирургиялық әдістер. Ірі буындардың артрозы. Сүйектер мен буындардың жіті және созылмалы инфекциялық-уытты аурулары. Травма-тологиялық-ортопедиялық ауруларды диагностикалау және емдеу кезінде жоғары білікті көмек. Сүйек пен буындардың қатерсіз және қатерлі ісіктері. Патологиялық сынықтар.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 68
  • Спорттық травматология және ортопедия

    Заманауи, мамандандырылған, аспаптық және функционалдық-диагностикалық зерттеулер негізінде спорттық жарақаттар мен ауруларды диагностикалау әдістері. Спорттық жарақаттар түрлері және спортшыларды оңалту әдістері. Дәрігердің тактикасы. Заманауи жоғары білікті көмек. Жарақат қайталануының алдын алу.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Балалардың амбулаториялық-емханалық травматология және ортопедиясы

    Емдеуге дейінгі кезеңде ҚР балаларына травматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Балалар жарақатының түсінігі. Амбулаториялық жағдайда травматологиялық және ортопедиялық аурулардың клиникасы, диагностикасы, сараланған диагностикасы. Балалар травматологиясы мен ортопедиясында амбулаторлық жағдайда жиі кездесетін консервативті емдеу әдістері. Асқынулар-дың алдын алу, болжам. Қаңқа диспла-зиясы. Сколиоздар. Табанның тегіс-вальгусты деформациясы. Эпифизеолиз.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 26
  • Стационардағы травматология және ортопедия,ересектер-3

    Жиі кездесетін ортопедиялық аурулармен және жарақаттармен ауыратын науқастардың алдын алу және оңалту әдістері. Операциядан кейінгі кезеңде науқастарды жүргізу, ерекшеліктері. Операциядан кейінгі кезеңде кездесетін асқынулар. Нозология бойынша ҚР ДСМ клиникалық хаттамалары. Оңалту орталықтарының жұмыс принциптері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Травматологиялық және ортопедиялық науқастарды диагностикалау мен емдеуде стационар алмастырушы технологиялар

    Диагностикалық манипуляциялар және емханалардың травмпункттері мен кабинеттері жағдайында жедел көмек көлемі. Амбулаториялық жағдайда сүйектер мен буындардың дегенеративті-дистрофиялық және қабыну ауруларын диагностикалау және емдеу. Аяқ-қол сүйектерінің сынуы мен шығуы кезінде дәрігердің тактикасы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Стационардағы травматология және ортопедия,балалар

    Балаларда қолданылатын стационарлық жағдайдағы заманауи диагностикалық және емдік манипуляциялар. Балалардағы травматологиялық-орто-педиялық ауруларды диагностикалау және емдеу кезінде жоғары білікті көмек. Балаларда жиі кездесетін сынықтар мен шығулар. Асқынулардың алдын алу, болжам. Нозология бойынша ҚР ДСМ клиникалық хаттамалары.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 30

Оқыту нәтижелері

  • Пациенттің курациясы: клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға және травматологиялық-ортопедиялық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінің дәлелдеу тәжірибесі негізінде оның тиімділігін бағалауға қабілетті.
  • Пациент үшін ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін пациентпен, оның айналасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді қарым- қатынас жасай алады. Медицинада жасанды интеллектті қолдану.
  • Қауіпсіздік және сапа: қатерлерді бағалауға және травматология-ортопедиялық көмек сапасы және жоғары деңгейдегі қауіпсіздік қамтамасыздығы үшін аса тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті.
  • Қоғамдық денсаулық: травматологиялық-ортопедиялық көмек көрсетуде құқықтық және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру бағаңы асында әрекет етуге, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсібіаралық топтар құрамында жұмыс жасауға қабілетті.
  • Зерттеу сұрақтарын адекватты және дұрыс тұжырымдауға, кәсіби әдебиеттерді сыни бағалауға, өзінің күнделікті қызметінде халықаралық дерекқор мәліметтерін тиімді пайдалануға, зерттеу тобы құрамының жұмысына қатысуға қабілетті. Медицинада жасанды интеллектті қолдану.
  • Оқыту және дамыту: өз бетінше білім алуға және кәсіби топтың басқа мүшелерін оқытуға, пікірталас/дискуссиялар, конференциялар және де басқа да үздіксіз кәсіби даму шараларына белсенді атсалысуға қабілетті.
Top