Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B07202 Мұнай-газ ісі в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Кенорындарды игеру, көмірсутектерді тасымалдау және сақтау, техникалық сауатты, әлеуметтік-жауапты тұлға ретінде қалыптасқан, мұнай газ саласында техника және технологияларының даму деңгейіне сай түлектерді кәсіби дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B071 Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және Физика
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 6B072 Өндірістік және өңдеу салалары
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Жоғары математика 1
Пәнаралық білім беру модулі (Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері, Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, Экология және өмір қауіпсіздігі)
Жоғары математика 2
Химия
-
2 Оқу жылы
Ұлттық руханият
Компьютерлік графика негіздері
Мұнай кәсіпшілігі геологиясы және гидрогеология
Физика
Мұнай газ ісі негіздері
Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау
Мұнай газ кенорындарын игерудің геологиялық негіздері
Мұнай-газ ұңгымаларын жобалау
Ғылыми зерттеу әдістері
Термодинамика және жылутехникасы
-
3 Оқу жылы
Бұрғылау кәсіпорнының экономикасы және менеджменті
Ұңғыманы геофизикалық зерттеу
Бұрғылау ерітінділері және тампонаждық материалдар
Мұнай-газ өндіру кәсіпорнының экономикасы және менеджменті
Мұнай кенорындарын игеру
Мұнайгаз кәсіпшілік жабдықтары
Ұңғыны аяқтау
Газ және газконденсатты кен орындарын игеру және пайдалану
Бұрғылау жабдықтары
Мұнай өндіру технологиясы және техникасы
Ұңғыны геофизикалық зертеу әдістерінің теориялық негіздері
Менеджмент және көшбасшылық
Теңізде ұңғымаларды бұрғылау
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
Бұрғылау жабдықтарын тоттанудан қорғау
Көмірсутек шикізатын өндіруге және тасымалдауға арналған жоғары технологиялық жабдықтар
Мұнай-газ жабдығын коррозиядан қорғау
Қабаттың мұнай бергіштігін арттыру әдістерінің технологиясы және техникасы
-
4 Оқу жылы
Бұрғылау процессін автоматтандыру жүйесі
Мұнай-газ өндірісінің технологиялық процестерін автоматтандыру негіздері
Мұнай газ саласындағы жаңа техникалар мен технологиялар
Күрделі жөндеу кезінде ұңғымалардың техникалық күйін бақылау
Көмірсутектерді жинау мен дайындаудың заманауи әдістері
Мұнай-газ ұңғыларын бұрғылауда жөндеу жұмыстары
Көмірсутегілерді тасымалдау және айдау технологиясы
Мұнай ресурстарын бағалау жүйесінің теориялық негіздері (PRMS)
Мұнай-газ ресурстарын игерудің перспективалық жобалары
Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы
Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылаудың жаңа әдістері
Мұнай газ саласында жобалау жұмыстарын автоматтандыру жүйесі
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Мұнай-газ өндірісі объектілерінің жағдайын бақылап, пайдаланады. Мұнай-газ өнімдерінің сапасын техникалық бақылау мен басқаруды және мұнай мен газды өндірудің фонтандық, газлифттік және сорапты тәсілдері кезінде ұңғылардың жұмыс істеу режимін қолдауды жүзеге асырады. Мұнай және газконденсатты кен орындарын игеру және пайдалану кезінде жасанды интеллектіні қолданады.
- Дайындық бейініне сәйкес келетін (экономиканың мұнай-газ секторында) қолданбалы пәнаралық міндеттер мен инженерлік проблемаларды шешу үшін қазіргі заманғы мұнай-газ технологиялары саласында жаратылыстану, математикалық, гуманитарлық, экономикалық, инженерлік, техникалық және терең кәсіби білімді қолдану. Мұнай және газ кеніштерін игеруде гидродинамикалық, термодинамикалық және жылу- салмақ алмасу процестерінің негізгі заңдарын меңгереді.
- Озық отандық және шетелдік тәжірибені ескере отырып, мұнай-газ технологиялары саласындағы озық білімдер мен жаңалықтар туралы кәсіби хабардар болады.Мұнай-газ технологияларын дамытудың инженерлік міндеттерін шешіп, мұнай-газ өндірісін жаңғырту және жетілдіру үшін мұнай-газ кешені объектілерін жобалаудың жаңа идеялары мен әдістерін әзірлеу кезінде инновациялық тәсілді пайдаланады.
- Құрлықта және теңізде оқпанның әр түрлі бағыттағы және бейініндегі ұңғыларды салу, жөндеу, қайта құру және қалпына келтіру кезінде технологиялық процестерді жүзеге асырып, түзетеді. Көп факторлы жағдайларда оңтайлы шешімдерді тез бағдарлап, таңдау, технологиялық процестер мен объектілерді математикалық модельдеу әдістері мен құралдарын меңгереді. Қолданбалы компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасайды.
- Негізгі экономикалық ұғымдарды (өндіріс ресурстары, кірістер, шығыстар және пайда, өзін – өзі қаржыландыру, қаржылық тұрақтылық және төлем қабілеттілігі, өтімділік, бәсекелестік жәнет.б.) айқындайды. Бизнес әлеміндегі экономикалық заңдардың іс-әрекетін түсінеді. Экономикалық проблеманы тұжырымдайды және талдайды. Шығындарға экономикалық талдау, маркетингтік зерттеулер жүргізеді, экономикалық тиімділікті есептейді. Академиялық адалдық принциптерін қалыптастырады.
- Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және жер асты жөндеу техникасы мен технологиясы бойынша білімді пайдаланып, бұрғылау бойынша отандық және шетелдік ғылыми-техникалық ақпаратты талдау және мұнай-газ саласындағы қандай да бір міндеттерді шешу үшін осы білімді қолданады. Бұрғылау қондырғысын басқарып, бұрғылау жабдығын пайдаланады.
- Алдыңғы қатарлы технологияларды қолданады құбырлардың техникалық жағдайын диагностикалауды жүзеге асырады және дәл баға береді.Құбырлар зақымданған кезде мұнайдың, мұнай өнімдерінің және газдың кемуін анықтаудың тиісті әдістерін таңдайды және қолданады.Магистральдық құбырлар жүйесіндегі тауарлық мұнай мен газдың қабылдау-тапсыру пункттерінде негізгі процестерді жүргізеді.
- Мұнай және газконденсатты кен орындарын (техникалық-экономикалық, ресурс-энергетикалық, экологиялық) игеру (игеру жобалары) жағдайына кешенді талдау жүргізеді, сондай-ақ геологиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық және гидрометриялық жұмыстардың нәтижелерін пайдаланады. Тауар шикізатын алу мақсатында мұнай және газконденсатты жинау және дайындау саласында, мұнай және газконденсатты айыру мұнай эмульсияларын бұзу және сарқынды суларды тазарту бойынша, физика-математикалық, экономикалық қорытындыларды, жылу техникасы,термодинамика және электротехника есептеулерінің заңдары мен принциптерін пайдалана отырып, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды сақтай отырып, білімдерін көрсетеді.
- Жеке, команда мүшесі және жетекшісі ретінде тиімді жұмыс істеу, барлық қызмет түрлерінің тапсырмалары мен жедел жоспарларын қалыптастырады, команда мүшелерінің міндеттерін бөліп, жұмыс нәтижелеріне жауапты болуға дайындайды. Жеке денсаулықты нығайту, өзін-өзі жетілдіру құралдары мен әдістерін, табысты әлеуметтік-мәдени және кәсіби қызмет үшін жеке тұлғаның дене шынықтыру құндылықтарын біледі. Өзінің кәсіби қызметінің құқықтық және этикалық нормаларын меңгереді. Қазақстан дамуының түрлі кезеңдеріндегі саяси құрылымын, негізгі саяси институттары мен қоғамдық-саяси қозғалыстарын сипаттай алады.
- Мұнай-газ саласындағы технологиялық процестерді іске асыру үшін қазіргі заманғы машиналар мен механизмдерді енгізу, пайдалану және қызмет көрсету, олардың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтау, қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындайды. Үйкелістің антифрикциялық және фрикциялық тораптарын есептеу және құрастыру әдістерін, үйкеліс коэффициенттерінің күштерді, сәттерін және шамаларын есептеудің негізгі әдістерін, сондай-ақ үйкеліс түрлері кезінде қатты денелердің тозу қарқындылығын бағалау әдістерін қолданады.
- Кәсіби қызметтің барлық кезеңінде біліктілігін арттырады. Халықаралық ортада жұмыс істеуге мүмкіндік беретін деңгейде шет тілін белсенді меңгереді, құжаттаманы әзірлейді, сондай-ақ қарапайым деңгейде байланыстарды жүзеге асырады. Мұнай-газ саласы үшін заманауи талаптарға сәйкес келетін жоғары технологиялық жабдықтар мен технологияларды қолдану саласын қарастырады.
- Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау және пайдалану кезінде қиындықтар туғызатын физикалық, химиялық, геологиялық және техникалық факторларды анықтайды. Мұнай, газ және газконденсатты ұңғымаларда асфальтты – шайыр-парафинді заттар, гидраттар, бейорганикалық тұздардың түзілу жағдайлары мен себептерін, мұнай-газ кәсіпшілігі жабдықтарының коррозиялық тозуының механизмі мен сипатын анықтайды. Материалдар мен конструкциялардың сапасын бақылау аспаптарымен жұмыс істейді.Ұңғылар жұмысының сипаттамаларын және мұнай-газ объектілерін пайдалану кезіндегі қиыншылықтардың негізгі көрсеткіштерін шешіп, түсіндіреді.
Ұқсас БББ
6B07202 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау
Қазақстан-Британ техникалық университеті
6B07202 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті (Satbayev University)
6B07202 Пайдалы қазбаларды байыту
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ)
6B07202 Қара металдар металлургиясы
Қарағанды индустриялық университеті
6B07202 Тау-кен ісі
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (ҚМТУ)
6B07202 Тау-кен ісі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi