Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M07190 Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Инновациялық білім беру технологияларын, ғылыми таным әдіснамасының теориялық негіздерін және педагогикалық ғылымды кәсіби қызметте, оның ішінде ағылшын тілін қолдана отырып, оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу
  • Силикатты материалдар өндіруде минералдық-шикізатты қамтамасыз ету туралы теориялық мәліметтерді жинақтай отырып, силикаттар өндіру технологиясында шикізат материалдарын ұтымды пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлей отырып, тұтастырғыш, керамикалық және шыны материалдарды өндіру үшін шикізатты таңдауды негіздеу
  • Материалдардың сапасының нормативтік құжаттама талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында талдаудың физика-химиялық әдістерін негізді таңдап, қолдана отырып, шикізатты, жартылай фабрикаттарды және дайын өнімді кешенді зерттеуді орындау
  • Патенттік зерттеулерді жүзеге асыра отырып, инновациялық әдістерді, силикатты материалдар технологиясының физика-химиялық негіздерін қолдана отырып, силикатты материалдардың жаңа түрлерін жобалау және әзірлеу
  • Синтездеу процестерін басқара отырып, реттелетін құрылымы бар, алдын ала белгіленген қасиеттері бар минералды тұтастырғыш, керамика, шыны, ситалдар, шыны тәрізді жабындар, жылу және дыбыс өткізбейтін силикатты материалдарды синтездеу
  • Силикатты бұйымдардың өндірісін сынау, зерттеу және технологиялық бақылау әдістемелерін әзірлей отырып, ҒЗЖ ұйымдастыру және орындау
  • Эксперименттік-зерттеу және аналитикалық жұмыстың нәтижелерін талдау және қорытындылау, мақала, есеп, сараптамалық қорытынды түрінде әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, түсініктерді қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіруді жүзеге асыру арқылы көпшілік алдында өз зерттеулерін қорғау
  • Жүйелі-талдамалық ойлау мен шығармашылық тәсілді көрсете отырып, жаңа проблемалар мен өндірістік жағдайларды шешу, кәсіби салада жеке және ұжымда, оның ішінде халықаралық ортада тиімді жұмыс істеу; күнделікті кәсіби қызмет пен докторантурада білім алуды жалғастыру үшін қажетті білімді дербес кеңейту және тереңдету
Top