Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02196 Медиа және гейм технология в Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Тарихи-философиялық білімдерге, мәдени және әлеуметтік-саяси дүниетанымға, жаһандану және мәдениетаралық өзара әрекеттесу жағдайында кәсіби өзін-өзі жүзеге асырудың психологиялық және құқықтық аспектілеріне негізделген қазіргі заманның оқиғалары мен процестері туралы білімі мен түсінігін көрсетеді.
  • Мәдениет және өнер, шығармашылық индустрия саласындағы ақпаратты басқару дағдылары мен кәсіпкерлік негіздерін жетік біледі.
  • Негізгі стандарттарды, жобалау принциптері мен үлгілерін, әдістерін, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуге арналған бағдарламалау тілінің құралдарын, ойын элементтерін құруға арналған кодингке негізделген бағдарламалық қосымшаларды, заманауи АКТ құралдарын таңдай алып оның дұрыс екенін дәлелдей алады.
  • Жаратылыстану-математика саласындағы теориялық және практикалық білімдерін қолдана алады, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы инженерлік, ғылыми-инновациялық мәселелерді және модельдік процестерді шеше алады; ақпараттық және желілік қауіпсіздік принциптерін және компьютерлік модельдеу және компьютерлік графика негіздерін біледі.
  • Оңтайлы деректер құрылымдарына негізделген код жазуды (бағдарламалау), әзірлеу құралдарын орнатуды, бағдарламалау тілдеріндегі тапсырмаларды іске асыруды, бастапқы кодты тестілеу және жөндеуді, ақпараттық-коммуникациялық жүйелер мен желілердің жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуіне қолдау көрсету процесін басқара алады.
  • Компьютерлік дизайнның, деңгейлік модельдеудің заманауи технологияларын жетік меңгерген, Adobe бағдарламалық пакетін пайдалана отырып, көркемдік-графикалық образдарды бейнелеуде жоғары технологиялардың мүмкіндіктері мен уақыт талабына сәйкес өзінің кәсіби біліктілігін үздіксіз дамытуға және жетілдіруге дайын.
  • Дизайн объектілерінің эскиздері мен көрнекі бейнелерін жасай алады, өнер туындыларының негізгі заңдылықтарын, түсті және текстуралық композицияларды құру ережелерін талдай алады; нақты бір затқа пайдалану үшін олардың қасиеттерін сараптау негізінде материалдарды таңдау; саунд дизайнның көркемдік құралдарын қолдану, қарастырып отырған ортаның перспективалық және визуалдық ерекшеліктерін ескере отырып композициялар құру; музыканы көркемдік безендірудің негізгі әдістерін біледі; арнайы экспрессивтік құралдарды пайдалана алады: жоспар, ракурс, тональдық, көрнекі екпін, фактура, материалдар.
  • Компьютерлік ойындарды әзірлеуде үлкен деректерді өңдеу үшін машиналық оқыту әдістерін қолдана алады, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу бойынша жұмысты ұйымдастыра алады.
  • Түрлі жанрдағы ойындарды әзірлеуде қолданылатын модельдердің әртүрлі түрлерін қолдана алады, қолданушылар мен ойын жүйелерінің арасындағы қарым-қатынасты сипаттай алады. Қолданушылардың психологиялық мінез-құлқын бақылай алады және ойын тестілеу кезінде қателерді анықтап, жоя алады.
Top