Инновациялық білім беру бағдарламасы

6B07101 Керамика, шыны және тұтастырғышдардың материалтануы мен сараптамасы в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін қолдана отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, іргелі математикалық, жаратылыстану және әлеуметтік ғылыми білімдерді, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін, экономикалық талдау элементтерін, қаржылық сауаттылықты қолдана отырып, кәсіби инженерлік есептерді шешу
  • Керамика, шыны және тұтастырғыш материалдарды алу үшін шикізат ретінде пайдалану мүмкіндігін негіздей отырып, минералдар мен тау жыныстарын анықтау
  • Шикізатқа, жартылай фабрикаттарға және силикат материалдарына кешенді зерттеулер жүргізу, олардың қасиеттерінің химиялық құрамына, құрылымына, өңдеу әдістеріне тәуелділік заңдылықтарын зерттеу, соңғы физика-химиялық әдістерді және заманауи техникалық өлшеу құралдарын қолдану
  • Химиялық инженерия және материалтану негіздерін, технологиялық процестерді математикалық үлгілеуді қолдана отырып, шихтаның оңтайлы құрамын негіздеп таңдап, керамика, шыны және тұтастырғыш материалдарды синтездеу
  • Компьютерлік графиканың есептеу, бағдарламалық және техникалық құралдарын қолдана отырып, технологиялық және жылу-техникалық жабдықтардың құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, керамика, шыны және тұтастырғыштардың заманауи қауіпсіз, экологиялық таза диджитал, смарт өндірісін жобалау
  • Академиялық хат білімін қолдана отырып, керамика, шыны және минералды тұтастырғыш материалдарға сараптамалық зерттеулер (сот-сараптамалық) жүргізу
  • Силикат материалдары мен бұйымдарына арналған қолданыстағы стандарттардың техникалық шарттарына сәйкес технологиялық процесті жүзеге асыру үшін оңтайлы параметрлерді таңдау
  • Стандарттық және стандарттық емес жағдайларда әрекет ету; академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің мәнін түсіне отырып, өндірістік шешімдер мен жеке іс-әрекеттер үшін әлеуметтік және этикалық жауапкершілікті көтеру, жеке де, командада да тиімді жұмыс істей отырып, өз көзқарасын білікті қорғай алу
  • Өз білімін жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеу, өмір бойы салауатты өмір салты қабілеттерін көрсету
  • Қосымша білім беру шеңберінде алынған білімді, іскерлікті, дағдыларды және құзыреттілікті тиімді қолдану
Top