Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B07190 Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Цемент, керамика және шынының химиялық технологиясы саласында тиімді кәсіби қызметке қабілетті қажетті бакалаврларды дайындау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B060 Химиялық инженерия және процестер
-
ҰБТ-дағы пәндер Химия және Физика
-
Білім беру саласы 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
-
Дайындық бағыты 6B071 Инженерия және инженерлік іс
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Мамандыққа кіріспе
Академиялық жазу негіздері
Жалпы химия
Жоғары математика
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері
Сандық және сапалық талдау
Қоғамға қызмет ету
Физикалық және коллоидты химия
Физика
Қаржылық сауаттылық негіздері
Абайтану
Мұхтартану
-
2 Оқу жылы
Қазақстанның минералды шикізаты
Техникалық практиканың аналитикалық әдістері
Аналитикалық химия
Кристаллография және минералогия
Инженерлік компьютерлік графика
Силикаттардың физикалық химиясы
Технологиялық процестердің заңдылықтары
Кәсіби қазақ (орыс) тілі
Кәсіби бағытталған шетел тілі
Квант механикасының негіздері
Жалпы химиялық технология
Қолданбалы механика
Арнайы силикат жүйелер
Экожүйе және құқық
-
3 Оқу жылы
Шыны өндіру зауыттарының жабдықтары
Силикатты материалдардағы физика-химиялық талдаудың аспаптық әдістері
Керамика өндіру зауыттарының жабдықтары/
Тұтастырғыш материалдардың химиялық технологиясы 1
Тұтастырғыш материалдар өндіру зауыттарының жабдықтары
Силикатты материалдар мен бұйымдар технологиясындағы жылулық процестер
Химиялық технологияның процестері және аппараттары
Стандарттау, сертификаттау және метрология
Cиликаттар технологияларының теориялық негіздері
Силикаттардың жалпы технологиясы
Шынының химиялық технологиясы 1
Керамиканың химиялық технологиясы 1
Силикатты материалдардың ғылыми зерттеу негіздері
Өндірісті ұйымдастыру және менеджменті
Органикалық химия
Силикат биохимиясы
Өндірістерді автоматтандыру
Инженерлік экономика және кәсіпкерлік
Химия-технологиялық процестерді басқару жүйелері
-
4 Оқу жылы
Жұмысшы мамандығы бойынша практикум (Шыны өндірісінің химиялық талдау лаборанты)
Тұтастырғыш материалдар өндірісінің жылу қондырғылары
Силикатты өндірістерді жобалау негіздері
Шынының химиялық технологиясы 2
Керамиканың химиялық технологиясы 2
Шыны өндірісінің жылу қондырғылары
Керамика өндірісінің жылу қондырғылары
Жұмысшы мамандығы бойынша практикум (цементті және асбестоцементті өндірістің химиялық талдау лаборанты)
Силикат өнеркәсібінің технологиялық объектілерін модельдеу
Жұмысшы мамандығы бойынша практикум (Керамика өндірісінің химиялық талдау лаборанты)
Тұтастырғыш материалдардың химиялық технологиясы 2
Керамиканың арнайы технологиясы
Тұтастырғыш материалдар технологиясындағы эксперименттерді жоспарлау, қою
Шынының арнайы технологиясы
Шыны технологиясындағы эксперименттерді жоспарлау, қою
Силикат өнеркәсібіндегі еңбекті қорғау және экологиялық мәселелер
Тұтастырғыш материалдардың арнайы технологиясы
Силикаттар өндірісіндегі техносфералық қауіпсіздік
Керамика технологиясындағы эксперименттерді жоспарлау, қою
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін қолдана отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау
- Жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және инженерлік-техникалық білімдерін; деректерді математикалық өңдеу әдістерін, ғылыми және эксперименттік зерттеулерді және кәсіби саладағы экономикалық талдау элементтерін көрсету
- Заманауи диджитал және смарт силикат өндірістерін құру мақсатында ақпараттық және есептеу сауаттылығын, компьютерлік инжиниринг білімін, ақпаратты жалпылау және қабылдау қабілетін қолдану
- Химиялық инженерия, балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдарының құрылымы мен технологиясы туралы білімді қолдана отырып, оңтайлы құрамдарды негізді таңдай отырып керамика, шыны және тұтастырғыш материалдарды синтездеу
- Минералдар мен тау жыныстарын, жасанды және техногендік материалдарды сәйкестендіру, оларды балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдар өндірісінде шикізат ретінде пайдалану мүмкіндігін негіздеу
- Негізгі технологиялық және жылу техникалық жабдықтарды есептеу мен іріктеуді жүзеге асыра отырып, силикат саласының өнеркәсіптік кәсіпорындарын жобалау, еңбекті қорғау, еңбек қызметінің қауіпсіздігі және өнеркәсіптік экология жөніндегі заңнаманы, ақпараттық процестерді іске асырудың техникалық және бағдарламалық құралдарын, ақпаратты автоматтандырылған өңдеу технологиясын білуін көрсету
- Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдар технологиясының физика-химиялық негіздері туралы білімдерін көрсете отырып, шикізат сапасы, өндірістің технологиялық параметрлері және дайын өнім сапасы арасында байланыс орната отырып, өндірістің технологиялық процесін басқару
- Шикізаттың сапалық көрсеткіштерін, жартылай фабрикаттардың технологиялық сипаттамаларын; дайын өнімнің химиялық, механикалық, техникалық қасиеттерін анықтау, ғылыми зерттеу әдістерін қолдану, өнім сапасын талдау және өндірістегі ақау себептерін анықтау тәсілдерін көрсету
- Сараптамалық-зерттеулердің әдіснамасы бойынша білімді көрсете отырып, аналитикалық шолуды және патенттік іздестіруді, керамика, шыны және тұтастырғыш материалдарды сараптамалық талдау мен сәйкестендіруді қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру; академиялық жазу білімін қолдана отырып, негізделген қорытынды жасау
- Қосымша білім беру шеңберінде, оның ішінде өндірісті ұйымдастыру және басқару саласында алған білімдерін, іскерліктерін, дағдылары мен құзыреттерін кәсіпкерлік дағдыларды, өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуы мен жұмыс істеуінің экономикалық заңдылықтарын және белгісіздік жағдайында жұмыс істеу дағдыларын пайдалана отырып тиімді қолдану
- Жеке және команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, өзі өзінің білімін дамыту, өзін-өзі дамыту, салауатты өмір салты, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қабілеттерін өмір бойы көрсету