Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M02310 Филология в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде және ғылым тарихы мен философиясы саласындағы білімді пайдалану арқылы кешенді зерттеулерді жобалау және жүзеге асыру. Әр түрлі ғылыми бағыттар негізінде жинақталған білімді интеграциялау, жаһандану процестерінің қарама-қайшылықтары мен әлеуметтік-экономикалық салдарын түсінуге сүйене отырып, пәнаралық байланыста зерттеу ұстанымдарын жүзеге асырады;
  • Кәсіби ортада шет тілінде тілдесу, бірегей әдеби дереккөздерді пайдалану, академиялық адалдық қағидаты негізінде ғылыми қоғамдастыққа өзінің бірегей идеяларын хабарлау;
  • Ғылыми таным әдіснамасының негіздерін филология саласындағы іргелі білімдерін көрсете отырып, әртүрлі тілдердегі номинациялар тәсілдерін, заманауи үрдістерді, өзекті проблемаларды, оның ішінде тілдің лингвистикалық аспектілерін, оқытудағы инновациялық тәсілдерді салыстырудың базалық тәсілдерімен талдау;
  • Инновациялық білім беру және цифрлық технологияларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, лингвистикалық сараптама және әлеуметтік-экономикалық контекстке талдау жүргізу;
  • Кәсіби қызметтегі лингвистикалық, психологиялық және педагогикалық ғылымдардың заманауи трендтерін жүйелеу. Белгілі бір жаңа лингвистикалық бағытқа, тұжырымдамаға бағытталған әртүрлі зерттеу әдістерін пайдалана отырып, тілдік материалды саралау.
  • Семантика мен лингвистиканың, әлем тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің дамуына әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды сыни тұрғыдан бағалау, сондай-ақ тіл білімінде пайдаланылатын фразеологиялық бірліктердің семантикалық-құрылымдық ерекшеліктерін, сыни бағалау, модальдық, коннотациялық функцияларын практикада қолдану.
Top