Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D02304 Филология в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Пәндер

  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Кез-келген ғылыми зерттеу нақты ережелер бойынша белгілі бір әдістермен жүзеге асырылады. Пән докторанттарды оқытуды жаңғыру және ақпараттандыру жағдайында жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу мүмкіндіктерін негізге алып, ғылыми зерттеудің әдістері туралы жан-жақты мәлімет береді. Пәннің мақсаты - докторанттарды ғылыми зерттеудің әдістерімен таныстыру, жасанды интеллектінің ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізудегі әлеуетін пайдалана отырып, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дискурстың жалпы сипаттамасы

    Дискурстың жалпы сипаттамасы курсында дискурсология проблемалары ұлттық таным сипатында талданып тұжырымдалған концепциялардың мазмұны игеріледі. Дискурсология проблемаларының ұлттық таным негізінде талдану ерекшеліктері. Ауызша дискурс ерекшеліктері, ұлттық сипаты. Жазбаша дискурстың ұлттық ерекшеліктері. Коммуникативтік жағдаяттағы қазақы болмыстың көрінісі: сөз тактикасы мен стратегиясы қамтылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы филологияның ғылыми басымдықтары

    Курстың мақсаты: докторанттарды қазіргі қазақ филологиясының ғылыми басымдықтарымен таныстыру және филология саласындағы ғылыми зерттеулерді дербес талдау дағдыларын қалыптастыру. 20 ғасырдың екінші жартысы мен 21 ғасырдың басындағы қазіргі қазақ, орыс, әлемдік филологиялық зерттеулердің даму бағыттары үйретіледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық хат

    Пәнді оқу барысында докторанттар ғылыми зерттеулер нәтижелерін ресімдеу, статистикалық және эксперименттік деректерді сипаттау стилистикасын сақтау саласында білім мен іскерлікке ие болады. Ғылыми мақаланың құрылымымен, әдебиеттер тізімін, аннотацияларды рәсімдеу ережелерімен танысады. Курстың мазмұнына мақалаларды, монографияларды, оқу құралдарын рецензиялау кіреді. Research Proposal-дан бастап диссертацияны жазуға көп көңіл бөлінеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақ фольклорының жанрлық түрлері

    "Қазақ фольклорының жанрлық түрлері" пәні қазақ фольклоры туралы ғылымның жай-жапсарын, оның салаларының даму барысын зерттейді, фольклортану ғылымының қандай межелерге жеткенін, қандай мақсаттар қойып, қандай проблемаларды қандай дәрежеде шешкенін анықтайды. Сонымен бірге, жарты ғасыр ішінде қазақ фольклоры қалай жиналды және қандай түрде жарияланды, әрі зерттелді деген мәселелер де қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Гендерлік лингвистика негіздері

    «Гендерлік лингвистика негіздері» пәні әйел тілі мен ер тілінің айырмашылығын белгілеп, олардың түрлі тілдік және әлеуметтік ортадағы сөз саптау ерекшелігін қарастырады, гендерлік лингвистиканың қалыптасуы мен дамуы, теориясы мен әдіснамасы түсіндіріледі. Докторанттарды гендерлік лингвистика ғылымының негізгі ұғымдарын жүйелеп, гендерлік қатынастарды салыстырмалы әлеуметтік-тарихи талдауға, тілдің гендерлік мәселелерін зерделеуге бағыттайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі әдеби процестің өзекті мәселелері

    Курс қазіргі әдебиеттің жалпы белгілері, оның даму заңдылықтары туралы түсінік қалыптастыруға арналған; 1990-2000 жылдардағы әдебиеттегі ең көрнекті қозғалыстар, әйгілі авторлар және ең маңызды шығармалар туралы түсінік беру, курс аясында талқыланған көркемдік құбылыстардың тарихи контекстуализациясын беру, әр түрлі бағыттағы жазушылардың дүниетанымы мен стилінің ерекшеліктерін көрсету, біздің дәуірдегі әдеби процестің тенденциялары мен заңдылықтары туралы ойларды жүйелеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі әлеуметтік лингвистиканың теориялық мәселелері

    Пән әлеуметтік лингвистиканың теориялық мәселелерін қарастырады. Мақсат – қазіргі әлеуметтік лингвистика тұжырымдамаларын, теориялық тұжырымдарын мазмұндау арқылы докторанттардың әлеуметтік лингвистика саласындағы кәсіби құзыреттілктерін жетілдіру. Оқыту нәтижелері: қазіргі әлеуметтік лингвистиканың бағыттары, өзекті сұрақтары туралы білімін жетілдіру; қазіргі әлеуметтік лингвистика мәселелерін талдау, синтездеу, бағалау; алынған білім нәтижелерін кәсіби міндеттерді шешу мақсатында пайдалана білу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Қазіргі заманғы қазақ, орыс, әлемдік филологиялық зерттеулердің даму бағыттарын, айтулы жетістіктерін саралай алады.
  • Филологиялық бағытта ғылыми нәтижеге қол жеткізу үшін теориялық және тәжірибелік әдістерді қолдана біледі.
  • Жетекші маман ретінде филологиялық мәселелерді талқылайды.
  • Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажетті филологиялық ақпарат жинайды және интерпретациялауды жүзеге асырады.
  • Қазіргі заманғы ғылым мен техника, озық отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану арқылы филология саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдайды.
  • Ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарда ғылыми қызметкер ретінде филология бағытында ғылыми жобаларды орындайды.
  • Теориялық және қолданбалы тіл білімі және әдебиет аясындағы базалық білімін зерттеушілік және кәсіби бағытта қолданады.
  • Тіл мен әдебиетке қатысты ғылыми жарияланымдарды дайындайды және өңдейді.
Top