Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02304 Филология: қазақ филологиясы в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Пәндер

  • Нормативті қазақ тілі

    Нормативті қазақ тілі курсы тіл, әдебиет мамандарын дайындау үшін оқылатын лингвистикалық пәндердің негізгісі болып есептеледі. Курс бүгінгі күні жалпыхалық қолданып жүрген қазақ әдеби тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесін ғылыми-теориялық негізін танытуды міндет етеді. Бұл ғылыми-теориялық негіз маманға тілдегі барлық фактілерді,құбылыс,процестердідұрыс танып, еркін түсіндіруге мүмкіндік береді, сондықтан «Нормативті қазақ тілі» курсы іргелі, практикалық сипатта оқытылады. Бұл курс берген білім қазақ тілінің тарихын, түрлі стильдік, функционалды жанрларын, оқыту әдістемесін орфоэпия, емле, пунктуация т.б. мәселеріне арналған пәндерді оқып, меңгеруіне тірек болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті

    Білім алушыларға қазақ фольклорын жеке пән ретінде оқыту арқылы халқымыздың сан ғасыр бойына жасаған рухани мәдениеті – фольклорлық мұраларды терең, жан-жақты таныстыру мақсат етіледі. Мазмұн-мәні терең, әрі көркем халық әдебиетін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзінше сыр-сипатын танытып, жастарға тағлым беру көзделеді. Фольклордың пайда болуы туралы пікірлер, фольклордың жанрлары мен түрлері жайында мағлұмат түсіндіріледі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Пәнаралық білім беру модулі (Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері, Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, Экология және өмір қауіпсіздігі)

    Модуль пәндері қаржы өнімдерін тұтыну кезінде туындайтын мәселелердің ықтималдығын азайту мақсатында қаржылық сауаттылық бойынша, кәсіпкерлік қызмет негіздері, экономикалық ойлауды қалыптастыру және өз ісін құру, құқық негіздері, құқықтық өзін-өзі тануды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру, экология және экологиялық мәдениет негіздері, тіршілік қауіпсіздігі бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын игеруіне арналған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілі фонетикасы

    «Қазіргі қазақ тілі фонетикасы» курсында фонетика ғылымы туралы түсінік беріліп, аталған саланы зерттеуші ғалымдардың еңбектері, олардың тілдің дыбыс жүйесін зерттеген ғылыми тұжырымдары жан-жақты талданып, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы, өзіндік ерекшеліктері мен түрлері, буын, сингармонизм, екпін, интонация, орфоэпия, орфография, графика, транскрипция т.б. жөнінде теориялық білім беріліп, фонетикалық талдау жасау дағдылары қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы

    Лексикалық тіл бірліктерінің типтерін, сөздік құрамның құрылымын, толығу жолдарын, сөздің семантикалық тұрғыда қарастырылуын, сөз, сөз арасындағы синтагматикалық, парадигматикалық қатынастар туралы білім беру көзделеді. Сөздік жасаудың теориясы мен тәжірибесі туралы түсінік қалыптастырылады. Аталған сала бойынша жетекші ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалып, негізгі тұжырымдар оқытылады. Тілдік талдау жасаудың тәсілдері меңгертіліп, өз білімдерін қолданудың әдістері үйретіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы

    Пәнді оқытуда студенттерде ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік өзгерістер, тарих сахнасына Қазақ хандығының шығуы, сол кезеңдегі әдебиеттің негізгі бағыты жыраулар поэзиясы түрінде дамуы туралы негізгі түсініктер қалыптастырылады. Жырау және ел басқарушы, жыраулар поэзиясының басты тақырыбы, жыраулар поэзиясының негізгі жанры - толғау екендігі, жырау- өз қоғамының басты идеологы, қол бастаған батыр, сөз бастаған шешен болатындығы жайлы әдеби зерттеулермен, пайымдаулармен таныстырылады. Жыраудың түрлі әлеуметтік функциялары туралы біледі..

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Тіл біліміне кіріспе

    Пәнді оқу барысында студенттер тілдің табиғаты, қоғамдық мәні, тілдің пайда болу теориялары, оның құрылымдық және жүйелілік сипаттары, құрылымдық элементтердің бір-бірімен байланысы, ара қатынастары, тілдер дамуындағы ортақ қасиеттер мен ерекшеліктер, жалпы халықтық тіл мен оның өмір сүру формалары, тілдердің типологиялық және генеологиялық топтастырулары, жазудың пайда болуы мен даму үрдістері, басқа ғылымдар жүйесімен байланысы туралы нақты теорияларды меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті

    Пәнді игеру барысында студенттер әдебиетіміздің ежелгі, әрі көне қатпары – сақ-ғұн, түркі, ислам дәуіріндегі көркем шығарма үлгілерімен танысады. Түркі жұртының жазу-сызу, көне тарихи ескерткіштері, қала мәдениетінен тұратын түркі өркениеті болғандығына, тарихта қалғандығына ғылыми тұрғыдан көз жеткізеді. Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің қазіргі қазақ қоғамымен байланысын, үндестігін, оның рухани өміріндегі орнын туралы түсініп қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдебиеттануға кіріспе

    Әдебиеттанудың болмысы мен бітімі (әдебиет туралы жалпы түсінік, әдебиеттану және оның даму кезеңдері, образ және образдылық) қарастырылады. Әдеби шығарманың сыры мен сипаты; әдеби дамудың мағынасы мен мәні (әдебиеттегі тек пен түр, әдеби бет пен бағыт), әдеби әдістер мен әдеби ағымдар заңдылығы меңгертіледі. Көркем шығарманың мән-мазмұнын терең ұғыну және талдай алу дағдысы қалыптасады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихы

    ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті мұраларын қазіргі әлемдік өркениет талаптарына сай оқыту, қазақ әдебиеті тарихы туралы ғылымды жүйелі түрде меңгерту болып табылады, әдебиетін кезең тарихымен, қоғамдық-әлеуметтік оқиғалармен, құбылыстармен байланыстыра оқытады. ХІХ ғасыр әдебиетін кезең тарихымен, қоғамдық-әлеуметтік оқиғалармен, құбылыстармен байланыстыра отырып, ХІХ ғасыр әдебиетінің дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзиямен сабақтастығы, көркемдік-стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық баяндалады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы

    «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы мен морфологиясы» пәні қазіргі қазақ әдеби тілінің сөзжасамдық және морфологиялық жүйесі туралы, қазақ тілінің қазіргі даму кезеңінде бұл жүйенің қызметі туралы түсініктер қалыптастырады. Сөздің құрамын, оның түрлерін және сөздің лексикалық-грамматикалық топтарын меңгертеді. Сөйлем мүшелерінің жүйесін,қазіргі қазақ тіліндегі қалыптасу және сөз өзгерістерінің жолдарын, сөйлемдегі және мәтіндегі грамматикалық формалардың қызметін таныстырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Бұл курс ғылыми зерттеудің мазмұны мен әдістері туралы жүйелі түсініктерді қалыптастыруға, түрлі салаларда зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін білім, дағды, технологиялар мен әдістерді игеруге бағытталған. Пән бағдарламасы ғылыми зерттеу тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды; теориялық және эксперименттік зерттеулердің әдіснамасын зерделеу; зерттеулерді талдау және тұжырымдар мен ұсыныстар беруді қамтиды. Ғылыми зерттеулердің енгізілуі мен тиімділігіне, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және дипломдық жұмыстарды ресімдеу ережелеріне көп көңіл бөлінеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шетел әдебиетінің тарихы

    Студенттер «шетел әдебиетінің тарихы» пәнін оқу барысында дүниежүзілік әдеби процестің заңдылығын түсініп, шығармалардың көркемдік маңызын қоғамдық жағдайлармен, заманның мәдениетімен байланыстыра оқиды. Шетел әдебиетінің рөлі мен орны, тарихи әдеби процестің негізгі ерекшеліктері, оның әдебиет пен мәдениеттің келешектегі дамуына ықпалы қарастырылады. Оған қоса көркем туындылардың дүниетанымдық, көркемдік, ұлттық ерекшеліктерінің орны жан-жақты меңгертіледі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ұлттық руханият

    Курс рухани құндылықтар жүйесін, қазақтың ұлттық болмысын, руханияттың этномәдени бастауларын, ұлттық сананы, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, дүниетанымды, діни шыдамдылықты, салт-дәстүрлерді, өнерді, әдебиетті, ұлттық тәрбиені, дәстүрлі мәдениетті, жоғары сананы тәрбиелейтін рухани мұраны зерттейді. Пән әлемдік және жалпыадамзаттық құндылықтарды, халықтық дәстүрлерді, ата-баба мұрасын құрметтеу рухында тәрбиеленген рухани-адамгершілік тұлғаны қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Алаш әдебиеттануы

    Пәннің мақсаты ұлт тұтастығы идеясының әдебиет тарихындағы ең елеулі, маңызды, кезең XX ғасырдың алғашқы ширегінде екендігін ұғындыру. Аталған кезеңдегі Қазақстандағы оқу-ағарту мәселелері; кітап басу ісінің жандануы; негізгі әдеби бағыттар; діни-ағартушылық ағымдағы ақындар және ағартушылық демократтық бағыттағы қаламгерлердің шығармашылығымен танысады. Алаш тақырыбының қазақ әдебиетіндегі маңызы, өміршеңдігі, дәстүр сабақтастығы, қолданылу ауқымы, таралу кеңістігі қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы

    Курсты оқу барысында студенттер Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті өкілдердің шығармашылығымен танысады. ХХ ғасырдың 40-80 ж.ж. әдебиет өкілдерінің көркем шығармаларын, оқу-ағарту, мәдениет саласының түрлі мәселелеріне арналған еңбектерін жан-жақты қамти отырып, олардың қазіргі заманғы әдебиетімізде алатын орнын зерделеу, әдеби туындылардағы қоғамдық, тарихи мәселелердің көрінісін ажырата алуға үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы

    Бұл пәнде жазба әдебиеттің ең бір өнімді де көркемдік ізденіске толы кезеңі - ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінің тарихы жұйеленеді. Аталмыш кезеңнің қазақ әдебиеті даму үрдісіндегі өзіндік орны, түрлі әдеби бағыттардың жазба әдебиеттің өркендеуіне қосқан үлесі қазақ қоғамындағы тарихи-әлеуметтік үдерістерімен бірлікте алынып қарастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әдебиет пәндерін оқытудың инновациялық және компьютерлік технологиялары

    Бұл пән жалпы білім беретін және жоғары оқу орындарында әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын инновациялық әдістер мен компьютерлік технологиялардың түрлері мен тиімділігін қарастырады. Пәннің мақсаты – заманауи білім беру талаптарына сай, цифрлық құралдарды, мультимедиалық ресурстарды, онлайн платформалар мен интерактивті әдістерді әдеби білім беру үдерісіне тиімді енгізудің жолдарын меңгерту. Пән аясында оқытудың жобалау, модульдік, саралап оқыту, геймификация, цифрлық визуализация, мультимедиалық презентация секілді инновациялық тәсілдері мен әдеби мәтінді сандық форматта талдаудың мүмкіндіктері қарастырылады. Сонымен қатар, әдеби білім беруде білім алушының сын тұрғысынан ойлау қабілетін, шығармашылық және коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған әдістер де қамтылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жасанды интеллект және цифрландыру

    Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды пайдалануға байланысты студенттерді дайындау, қазақ әдебиетін оқытуда нейрондық желілерді және басқа да AI технологияларын құруды үйрету; Цифрлық платформаларды, онлайн курстарды, электронды оқулықтарды және оқу мен өзін-өзі тәрбиелеуге арналған басқа да электронды ресурстарды пайдалануды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі

    Жай сөйлемнің теориялық мәселелерін меңгерту, жай сөйлемнің айырым белгілері, типтері, баяндауыштарының бастауышпен қиысу мәселелері, жасалуы, қазіргі қазақ тілінің синтаксис саласының ғылыми негіздемесін меңгереді. Жай сөйлемнің негізгі ерекшелігі болып табылатын құрамындағы сөздердің өзара бір-бірімен семантикалық бірлікте болуы,, екпін тұтастығы, сөздердің орын тәртібі, тіл білімінің негізгі салаларының жіктелімін, ғылымдағы жаңа терминдермен таныс болады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • ХХ ғасырдың II жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихы (1940- 1990)

    Бұл пәнде ХХ ғасырдың 1940–1990 жылдар аралығындағы қазақ әдебиетінің даму бағыттары, тақырыптық-идеялық мазмұны, жанрлық ерекшеліктері қарастырылады. Пән әдебиет пен тарихтың байланысын ашып көрсетіп, сол дәуірдегі қоғамдық-саяси жағдайлардың көркем шығармаға ықпалын айқындайды. Кеңестік кезеңдегі әдеби үдерістің ерекшеліктері, жазушылар шығармашылығына қойылған талаптар мен шектеулер, әдебиеттің тәрбиелік, идеологиялық рөлі кеңінен сараланады. Пән студентке аталған кезеңдегі қазақ әдебиетінің көркемдік деңгейін, әдеби дәстүр мен жаңашылдықтың арақатынасын, шығармаларда көтерілген идеялық-мазмұндық мәселелерді тануға негіз болады. Сонымен қатар, әдебиеттану ғылымындағы тұжырымдар мен әдістерді қолдана отырып, мәтінге талдау жасау дағдысы қалыптасады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Абайтану

    Абайтану сан алуан маңызды мәселелерді қамтиды, шығармашылық жолының халықтық негіздерін, ұлттық сипатын айқындайды, лирикалық шығармаларының, дастандары мен қара сөздерінің тақырыптық, идеялық, жанрлық, тілдік ерекшеліктерін, ақындық тұлғасын, суреткерлік әдісін, көркемдік шеберлігін тереңдеп ашып көрсетуге қатысты мәселелерді, сондай-ақ ұлы ойшыл ақынның дүниетанымын, қоғамдық, философиялық, эстетикалық көзқарастарын зерттеу мәселесін айқындайды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Шешендік өнер

    Курс барысында студенттерге халық әдебиеті тарихындағы шешендік өнердің алатын орны туралы білім беріледі. Түркі тектес халықтар көне жазба ескерткіштердегі шешендік сөз туралы пікірлерді зерделейді. Ертедегі би-шешендердің сөз сөйлеу өнеріне қатысты ой-пікірлерді жүйелей алады, «Жеті жарғы» заңы, ондағы шешендікке байланысты баптармен танысады. Билер сөзі және қазақтың шешендік өнері туралы ғылыми тұрғыдан толық мәлімет игереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Паблик рилейшнз теориясы мен практикасы (Minor)

    Паблик рилейшнз институтының жұмыс істеу теориясы мен тәжірибесі, принциптері, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы рөлі туралы білім беру, жобаларды табысты іске асыру үшін алынған білімді пайдалана білуге үйрету, қоғамдық пікірді қалыптастыру, оған ықпал ете білуді үйрету, коммерциялық қызметке PR негізгі қағидаттарын енгізуді үйрету, қалыптастыруға бағытталған нәтижелі ұйымның (фирманың) имиджін жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу механизмдерін меңгерту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • «Қоғаммен байланысқа» кіріспе (Minor)

    Курс барысында студенттер қоғаммен байланыстың (PR) және коммуникациялардың алдыңғы қатарлы жетістіктері, классикалық және сандық PR-құралдарын қолдана білуді меңгереді; PR-жобаларды жүзеге асыру дағдылары негізінде құзыреттіліктерін қалыптастырады. Қазақстанда және халықаралық нарықта жұртшылықпен байланыс жөніндегі мамандармен, имиджмейкерлермен, брэнд-менеджерлермен, продюсерлермен, SMM-мамандармен, контент модераторларымен, аккаунт-агенттермен одан әрі жұмыс істеу үшін медиарилешнз, сандық PR, SEO бойынша тұрақты практика арқылы қоғаммен байланыс жасауға үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қ.Жұбанов - әдебиет және фольклор зерттеушісі

    Ғалымның рухани қазынасының мен ғибратты ғұмыр жолы, Қ.Жұбанов мұрасының ғылыми сипаты мен әлеуметтік маңызына салыстырмалы талдау жүргізіледі. Қ.Жұбановтың озық ойлы көзқарасын танытатын зерттеулері «Абай – қазақ әдебиетінің классигі», «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы», «Мұра-хаттар. Түрки әдебиеттер тілінің танымы» т.б. ғылыми зерттеулеріндегі фольклортану, әдебиеттану, түркітану мәселелеріне қатысты ғылыми тұжырымдары толыққанды түрде талданады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Журналистикаға кіріспе (Minor)

    "Журналистикаға кіріспе" пәні студенттердің танымдық-әдіснамалық бағытын, қоғамдағы журналистиканың рөлін, ақпараттық қызметтің табиғатын, журналистік қызметтің ерекшеліктерін, журналистиканың функциялары мен принциптері, оның әсерлілігі мен тиімділігі, қазіргі блог мәтіндерінің әлеуметтік аспектілері туралы нақты түсініктерін қалыптастыруға; журналистік мамандықты құжаттық-әдеби және ұйымдастырушылық шығармашылықтың ерекше нысаны ретінде дәлелдеудің теориялық және практикалық дағдыларын белсенді әдістер арқылы қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тележурналистика (Minor)

    Пәнді оқу барысында студенттер журналистің негізгі кәсібімен танысады, оның ерекшеліктері, қиындықтары, мамандықтың маңыздылығы игереді. Теле, радио және интернет журналистиканы қоса алғандағы журналистика түрлерін меңгереді. Репортаж түрлері, оны жасау ережелері; кадрдағы журналистің жан-жақтылығы; сұхбат жүргізушінің шеберлігі; жұмыс түрлері; интернеттен түсетін ақпаратпен жұмыс; қажетті ақпаратты ала білу; баспасөз қызметтерін тиімді ұйымдастыра білу шарттары туралы біледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ауызекі дискурстың зерделенуі мен тәжірибесі

    Курстың мақсаты – ауызекі дискурстың зерделену ерекшеліктерін меңгерту арқылы қарым-қатынастың сәттілігін қамтамасыз етуге үйрету. Негізгі мазмұны келесідей тақарыптарды қамтиды: дискурс терминінің мәні, оны талдаудың, зерттеудің қажеттілігі, әңгімелесу, сөз, дискурстың арақатынасы және сөйлесу арқылы берілетін ойдың әлеуметтік астарына үңілу. Сондай-ақ, «Сөйлемдегі тіл» мен «Әрекеттегі тіл» арақатынасын да қарастырады Билік, білім, тәжірибе және әлеуметтік шындық құрылысын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі қазақ әдебиеті

    Қазіргі қазақ әдебиеті пәнін оқуда студенттер тәуелсіздік алған жылдардағы ұлттық әдебиеттегі көркемдік қуаты ерен, парасат-пайымдау толғамы терең ерекше шығармалардың генезисі, стилистикасы, поэтикасы, сөз өнерпазының көркемдік-философиялық дүниетанымы, жанрлық, тақырыптық, тілдік-стильдік, тағылымдық-танымдық ерекшеліктері, адам-табиғат-көркем туынды қарым-қатынастарын игереді. Қаламгерлердің көркемдік ізденістері, әдеби туындылардың танымдық және тағылымдық мәні, орны, маңызы, ұлттық сипаты туралы біледі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Құрмалас сөйлем синтаксисі

    Құрмалас сөйлемнің синтаксисі курсын оқытуда қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлемдер мәселелеріне арналған жаңа зерттеулердің нәтижелерімен таныстырылады. Жалпы тіл біліміндегі теориялық тұжырымдамаларды игертіледі. Құрмалас сөйлемдер, зерттелуі, құрмалас сөйлем түрлері, салалас құрмалас сөйлемдер, сабақтас құрмалас сөйлемдер, көп құрамды құрмалас сөйлемдер, түрлеріне анализ жасау, ажырату негізінде сөйлемдерге синтаксистік талдау жасап үйретіледі. Мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінің тарихы

    Бұл пән тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі (1991 жылдан бастап) қазақ әдебиетінің даму бағыттарын, тақырыптық, идеялық және жанрлық ерекшеліктерін қарастырады. Пәннің негізгі мақсаты – егемендік кезеңіндегі ұлттық рухани жаңғыруды, тарихи сананың әдебиеттегі көрінісін, заманауи әдебиеттегі жаңа көркемдік ізденістерді жүйелі түрде талдау. Тәуелсіздікпен бірге әдебиетте бұрын тыйым салынған тақырыптар ашық қозғала бастады. Пән аясында ұлттық тарих, азаттық идеясы, ұлттық болмыс пен мәдениет, қоғам мен тұлға мәселелері көркем әдебиеттегі көрінісімен байланыстырыла қарастырылады. Сонымен қатар, жаңа буын қаламгерлердің шығармашылық бағыттары мен әдеби процеске әкелген жаңалықтары да зерделенеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Журналистиканың теориясы мен практикасы

    Бұл пән журналистика саласының негізгі теориялық тұжырымдамаларын, принциптерін және әдістерін зерттейді, сонымен қатар журналистік қызметтің практикалық аспектілерін қарастырады. Пәннің мақсаты – студенттерге журналистиканың теориялық негіздері мен практикалық дағдыларын меңгерту, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру. Курс аясында журналистика теориясы, оның негізгі бағыттары мен әдістері, ақпараттық процесс, журналистік этика, жазу стилі мен техникасы, репортаж және сұхбат жүргізу, медиа-контентті өндіру мен өңдеу сияқты маңызды мәселелер талқыланады. Сонымен қатар, журналистиканың әртүрлі түрлері мен жанрлары, атап айтқанда жаңалықтар, аналитикалық мақалалар, интервьюлер мен сараптамалар, сондай-ақ мультимедиялық және онлайн-журналистика да қарастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жаңа медиа жұмысын ұйымдастыру (Minor)

    Пәнді оқытудың негізгі мақсаты жаңа технологияны пайдалана отырып, баспасөз мәтінін, аудио, бейне, интернет және басқа да материалдарды даярлап, редакциялау, түрлі типтегі БАҚ-та орныққан норма, стандарт, формат, стиль, технологиялық талаптарды орындау; ақпаратты өңдеуде заманауи компьютерлік бағдарламаларды, мобильді құралдарды және іздеу жүйелерін пайдалана отырып, техникалық және электронды есептегіш құралдарды меңгерту; БАҚ-тың түрлі құрылымдарында, шығармашылық ұжымдарда жұмысты ұйымдастыра білу сияқты дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Журналист этикасы

    Бұл пән журналистика саласындағы моральдық және этикалық нормаларды, журналистің кәсіби қызметінде этикалық принциптерді қолдану жолдарын зерттейді. Пәннің мақсаты – студенттерге журналистік қызметте кездесетін этикалық мәселелерді түсіну және оларды шешудің жолдарын меңгерту, сондай-ақ кәсіби жауапкершілікті арттыру. Курс аясында журналистиканың негізгі этикалық принциптері, ақпаратты беру мен өңдеудегі адалдық, шындық пен әділдік, жеке өмірді құрметтеу, жанжалды жағдайлар мен қоғамдық мүдде арасындағы теңгерімді табу мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, курс журналистің қоғам алдындағы жауапкершілігі, моральдық міндеттері және кәсіби этиканы сақтаудың маңызына ерекше назар аударады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Аймақтық әдебиеттану

    Аталған пәнде Ақтөбе өңірі әдебиетінің негізгі үш саласы оқытылады: халық ауыз әдебиеті (фольклор), ақын-жырау поэзиясы және жазба әдебиеті. Осылардың ішіндегі ауыз әдебиеті үлгілері қазақ елінің басқа өңірдегілеріндей негізінен қатар дамыған болса, жырау поэзиясы басқа аймақтарда бұрын көтеріліп, қаланды деуге болады. Пәннің мақсаты жергілікті әдебиет өкілдерінің мұрасын жан-жақты оқыту болып табылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Баспасөз және баспа ісі қызметін ұйымдастыру

    Бұл пән баспасөз және баспа саласының ұйымдастырылуын, жұмыс істеу принциптерін және өндірістік процестерін зерттейді. Пәннің мақсаты – студенттерге баспа өндірісінің негіздерін, баспасөздің құрылымын, оның жұмысын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері мен әдістерін меңгерту. Курс аясында баспасөз ұйымдарының құрылымы мен қызметі, баспа өнімдерін дайындау мен шығару процесі, редакциялық жұмыс, баспасөздің ақпараттық саясаты мен оның қоғамдағы рөлі, сонымен қатар қазіргі заманғы баспасөз және баспа ісінің жаңашылдықтары қарастырылады. Сонымен қатар, курс баспа өндірісінде қолданылатын жаңа технологиялар, баспа өнімдерінің сапасын басқару, маркетинг және баспа саласындағы қаржы-экономикалық аспектілерді зерттеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі

    Бұл пән қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін қарастырады; Оқыту технологияларымен, сабақтың формалары мен түрлерімен, оқыту әдістерімен таныстырады. Қазақ тілі мен әдебиетін оқуға қызығушылықты оятатын заманауи білім беру технологияларын саналы түрде таңдауды жүзеге асыруғ адайындайды; қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тұжырымдамалық-әдістемелік тәсілдеріне тұтас көзқарас қалыптастырады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Бизнес-риторика және қарым-қатынас мәдениеті (Minor)

    Курсты оқыту барысында көзделетін мақсат Бизнес риториканың қалыптасу тарихы, бизнес-риторикадағы белгілі есімдердің өмір жолы, аталған саланың теориясы, концепциялары, танымал ғалымдар мен шешендердің шеберлігі туралы түсінік беру. Сондай-ақ, көпшілік алдында сөйлеудің талаптары мен ережелері; аудиторияның түрлері; әр түрлі жанрдағы пікірлерді ұйымдастыру, құру; іскерлік қарым-қатынастың әр түрлі жағдайларында сөйлеушінің сөйлеу мінез-құлқына қатысты этикеттік талаптарды меңгерту болып табылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Стилистика және тіл мәдениеті

    «Стилистика және тіл мәдениеті» ғылымының теориялық, қолданбалы, прагматикалық негіздерімен таныстыра отырып, қазақ әдеби тілінің мәдениеті мен стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары туралы мәлімет беріледі. Стиль түрлерін ажыратудың жолдарын оқытып, меңгертеді. Қазақ әдеби тілінің функциональды (мақсатты) стиль түрлері, классификациялау, дәстүрлі классификация, жалпы және жеке тіл біліміндегі бағыт-бағдары бойынша кең түрде мәлімет беріледі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әдебиет теориясы

    «Әдебиет теориясы» көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін ұғынады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Жалпы тіл білімі

    Тіл ғылымындағы сабақтастық, оның дамуы жөніндегі қисыны, бірегейлігі мен көп аспектілігі туралы мәліметтермен танысып, жалпы тілдік функциялары мен тіл табиғатын, олардың қоғам өміріндегі рөлі мен мәселелерін, тілдерді зерттеу әдістерінің бүгінгі бағыттарын ажырата біледі, әлемдік тіл біліміндегі жетекші ғалымдардың еңбегімен танысады, жалпы және жеке тіл біліміне тән ортақ заңдылықтарды жобалауға, дайындауға үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әдеби шығармашылық

    Әдеби шығармашылықтың сан алуан ерекшеліктері, көркем туындыны жазу процесіндегі әр қилы күрделі сипаттары жөнінде жан-жақты мағлұмат беріледі. Пән студенттердің танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға негізделіп, шығармашылық жұмыстың сан қырлы мәселелерімен таныстыру негізінде творчестволық процестің заңдылықтарын білу, қабілет деңгейіне қарай оның технологиясы мен әдістемесі меңгертіледі, көркем әдебиет шығармаларына сыни көзқарас қалыптастырылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Әлемдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарының даму тарихы

    Әлемдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарының даму тарихы пәні бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) әлем мен Қазақстандағы даму кезеңдері мен ерекшеліктерін зерттейді. Пәннің мақсаты – студенттерге БАҚ-тың құрылымы, функциялары, тарихы мен олардың қоғамдағы рөлі туралы кең ауқымды білім беру. Бұл курс әлемдік БАҚ тарихын, оның эволюциясын, ақпараттың таралу әдістерін, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының саяси, әлеуметтік және мәдени процестерге әсерін қарастырады. Сонымен қатар, пән Қазақстандағы БАҚ-тың даму жолдарын, отандық басылымдардың, радио, телевидение және интернет-журналистиканың қалыптасуын талдайды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • Тіл білімі мен әдебиеттану саласы, терминология, әдебиет тарихы, менеджмент және көшбасшылық бойынша алдыңғы қатарлы білім элементтерін, түсінеді, көрсете біледі, оны кәсіби деңгейде қолданады.
  • Кәсіби бағыттағы филологиялық білімдерін еңбек нарығындағы нақты сұраныстарға, экономикалық талаптарға сай кәсіпкерлік мақсатқа және бизнес, қоғаммен байланыс, менеджмент салаларына құқықтық нормалар аясында пайдаланады және қолданады.
  • Лингвистикалық бағыттағы және аймақтық, қазақ, шығыс, шетел әдебиеті, жасанды интелект бойынша, Алаш әдебиетіне қатысты материалдарды жинаудың, дискурстық талдаудың, мәтінді қажетті деңгейде түсіндірудің базалық дағдыларын меңгереді.
  • Әдебиет тарихын, терминологияға қатысты мәселелерді, оқылатын тілде әдеби көркем сөйлеу, осы тілдегі ауызша және жазбаша қарым-қатынастың және қоғаммен байланыстың, әдеби шығармашылықтың барлық түрлерінің негізгі әдістері мен тәсілдерін игереді.
  • Тіл білім және әдебиет тарихы, лирика жанры, журналистика салалары, оқыту әдістемесі бойынша озық ғылыми нәтижелерді игеріп, ақпараттық коммуникациялық технологияларды өзінің кәсіби қызметінде еркін қолданады.
  • Кәсіби қызметке және магистратурада оқуды жалғастыруға қажетті тіл білімі мен әдебиеттану, журналистика салалары, әдебиет тарихы бойынша жаңа білімді, ұлттық рухани құндылықтарды, кәсіби тіл заңдылықтарын, құқық негіздері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет талаптарын, өмір қауіпсіздігі негіздерін меңгереді.
  • Тіл білімі мен әдебиеттану, журналистика, бұқаралық ақпарат құралдары бойынша қазіргі ғылыми парадигманың және оның даму динамикасы, зерттеулердің, ғылыми зерттеу негіздерінің әдіснамалық принциптері мен әдістемелік тәсілдерін, мәтінді қажетті деңгейде стилистикалық талаптарға сай түсіндірудің базалық дағдыларын игергендігін көрсете алады.
  • Өзін-өзі дамыту және кәсіпкерлік мансаптық дәрежеде өсу қағидаларын, өмір қауіпсіздігі ережелерін біледі, ұлттық рухани сипаттағы, филологиялық теориялық, әдеби шығармашылық сала бойынша және теле және бизнес саласындағы журналист ретіндегі білімін терең, жан-жақты көрсете алады.
Top