Жаңа білім беру бағдарламасы

8D01802 Әлеуметтік педагогика в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Оқыту нәтижелері

  • әлеуметтік маңызы бар мәселелерді, зерттеу әдістерін ғылыми тұрғыдан талдау, пәнаралық білімдерді интеграциялау әдістемелерін трансляция жасау, докторлық диссертацияны аяқтағаннан кейін тұжырымдамаларды жасау;
  • студенттер мен зерттеушілердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін инновациялық технологиялармен ықпалдастықта әлеуметтік педагогикадағы басым теориялық концепцияларды, әлеуметтік-педагогикалық экспериментті ұйымдастыру үшін қолданбалы немесе теориялық міндеттерін анықтау;
  • әртүрлі әлеуметтік-педагогикалық тұжырымдамаларды салыстыру және олардың тиімділігін ұлттық білім беру моделінің бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан бағалау;
  • әлеуметтік педагогика саласында математикалық және статистикалық зерттеу әдістерінің білімін қолдануды суреттеу;
  • әлеуметтік-педагогикалық білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологиясын, әлеуметтік педагогиканы белсенді, интерактивті және инновациялық оқыту технологиясын анықтауда құзыреттілікке негізделген тәсілді қолдану;
  • адекватты әдістемелік тәсілдерді, оқыту мен тәрбиелеу әдістерін таңдау, проблемалық әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шығармашылықпен шешу;
  • әлеуметтік-педагогикалық бейінді ұйымдастырудың миссиясы мен мақсаттарын анықтау; бәсекелестік ортада білім беруді ұйымдастырудың күшті және әлсіз жақтарын талдау, осы негізде оны дамыту стратегиясын әзірлеу және енгізу;
  • білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының тиімділігін қамтамасыз ету технологияларын салыстыру, осы бағдарламалардың сапасын арттыру параметрлерін болжау және білім беру ортасына цифрлық технологияларды енгізу; цифрлық технологияларды пайдалана отырып, білімгерлермен кері байланыс орнату;
  • сыйластық, төзімділік пен әділеттілік және руханилықты дамыту негізінде адамгершілік құндылықтарды дамыту, эмоционалдық-адамгершілік құзыреттіліктерін, сондай-ақ эмпатияны дамыту, өз эмоцияларын басқару, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру мақсатында рухани-адамгершілік тәрбиенің маңызды факторы ретінде болашақ педагогтың өмірлік көшбасшылық ұстанымын қалыптастыру;
  • өз құзыреттерін кеңейту мақсатында ғылыми семинарларға, конференцияларға, біліктілікті арттыру курстарына және басқа да білім беру іс-шараларына қатысу үшін үздіксіз білім беруді жүзеге асыру; әрбір қатысушы өзін құрметтейтінін және қабылданғанын сезінетін ғылыми-білім беру ортасында инклюзивті атмосфераны құру үшін толерантты қарым-қатынас әдістерін қолдану.
Top