Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07155 Электрэнергетика в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми -техникалық ақпаратты, отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу; эксперименттік зерттеулерді жоспарлау; электр энергетикасы мен электр техникасы объектілері мен жүйелерін зерттеуге қатысу; өз зерттеулерінің нәтижелерін логикалық және дәлелді түрде қорғау; қолданбалы есептерді шешу үшін сәйкес физикалық -математикалық аппаратты қолдану; ғылыми -техникалық есептерді дайындау
  • Жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіпкерлік, құқықтық, экологиялық білімдерді, тіршілік қауіпсіздігі мәдениеті мен көшбасшылық қасиеттерді түрлі салаларында қолдануға қабілеттілігі мен дайындығын көрсету.
  • Электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау, электр энергетикалық жүйелерді, электр станцияларын релелік қорғау және автоматтандыру білімдері мен дағдыларын меңгеру. Электр энергетикасы объектілерінің жұмыс режимдерін есептеу және талдау және олардың тиімді режимдерін, жабдықтардың құрамын, параметрлері мен схемаларын анықтау.
  • Жаңартылатын энергия көздеріне негізделген электрмен жабдықтау жүйесін жасауға қатыса алуы. Электр энергетикасы кәсіпорындарында энергиямен жабдықтау мен энергия тұтыну жүйелерінің жай-күйін және Қазақстан Республикасының энергия мен ресурстарды үнемдеу бойынша техникалық саясатын талдай және бағалай білуі.жүйелерінің күйін және Қазақстан Республикасының энергия және ресурстар үнемдейтін техникалық саясатын талдауы және бағалауы.
  • Жоғары кернеу техникасымен және заманауи электр материалдарымен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруі, электр машиналары, жарық техникасы мен электр технологиялық қондырғылары, электр энергетикалық жүйелердің электр жабдықтары параметрелерін есептеуді және таңдауды жүзеге асыруы.
  • Өлшеу құралдарын, аспаптарын, релелік қорғаныс және автоматика құрылғыларын қажетті дәлдік пен жұмыс жағдайына сәйкес таңдау шарттарын тұжырымдауы, сондай -ақ оларды таңдауды, баптауды және пайдалануды жүзеге асыруы
  • Заманауи ақпараттық технологияларын, ақпаратты өңдеу әдістерін, электр энергетикадағы технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін жобалау мен бағдарламалау әдістерін меңгеруі.
  • Электр стансалары, электр энергетикалық тораптар, релелік қорғаныс және автоматика, сондай-ақ электрмен жабдықтау жүйесі электр жабдықтарын монтаждауды, баптауды, жөндеуді, сынауды, диагностикалауды және пайдалануды жүргізуі
  • Бизнес субъектілерінің кәсіпкерлік қызметін талдауды, жоспарлауды мен жүргізуді жүзеге асыру және қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау мен экология ережелерін сақтау үшін құқықтық және экономикалық білім негіздерін, өндірісті ұйымдастыру әдістері мен тәсілдерін игеруі
  • Жаратылыстану саласындағы негізгі білімдерін көрсетуі, математикалық талдау мен модельдеудің, электротехниканың, электрониканың, автоматты басқару теориясынның әдістері мен құралдарын электр энергетикасы саласындағы инженерлік есептерді құрастыру, талдау және шешу үшін қолдануы.
Top