Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01805 Әлеуметтік педагогика в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Әлеуметтік-педагогикалық қызмет саласында жеке қасиеттері мен арнайы құзыреттілігі бар, кәсіби қызметінде зерттеушілік дағдылары мен инновациялық әдістерін меңгерген бәсекеге қабілетті әлеуметтік педагогтарды даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M020 Әлеуметтік педагогтарды даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M018 Әлеуметтік педагогика мамандарын даярлау
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Әлеуметтік педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері
Шетел тілі (кәсіби)
Әлеуметтік педагогтың дарынды балалармен қызметінің технологиясы
Дағдарыс орталығында әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтегі тьюторлық
Басқару психологиясы
Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттегі қамқорлық, қараушылық, патронаж
Халықтың әртүрлі категорияларын әлеуметтік-педагогикалық қолдау
Балалық шақты зерттеу
Әлеуметтік-педагогикалық супервизия және имитация
Ғылым тарихы мен философиясы
Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтік әділеттілікті дамыту
Жоғары мектептің педагогикасы
-
2 Оқу жылы
Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік басқару
Оңалту және алдын-алу бағдарламаларын жасау мен жүзеге асыру
Цифрлық ұрпақ және балалардың денсаулығын психологиялық қолдау
Цифрлық білім берудегі педагогикалық өлшеу және бағалау
ЖОО-да әлеуметтік педагогика оқыту әдістемесі
Әлеуметтік-педагогикалық виктимологиядан кеңес беру
Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттегі инклюзия
Әлеуметтік-педагогикалық акмеология
Цифрлық білім беру ресурстарының дизайны
Әлеуметтік педагогтың диагностикалық қызметі
Бакалавриат білім беру бағдарламасын жобалау
Профессии
Оқыту нәтижелері
- ғылымның дамуының тарихи-философиялық білімдерін, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру принциптерін талдау және шығармашылықпен пайдалану, мамандықтағы жаңалықтарды оқу процесіне экстраполяциялау;
- әлеуметтік-педагогикалық әдіснаманың ұғымдық аппаратын, концепцияларды, әдістемелік тұғырларды, білімгерге бағытталған оқыту мен бағалаудың принциптері мен әдістерін қолдану;
- әлеуметтік педагогика саласындағы зерттеулерді, алдын-алудың, әлеуметтік-педагогикалық оңалтудың және тұлғаны дамытудың жалпы және жеке бағдарламаларын, әлеуметтік-педагогикалық кеңес беруді, патронаттық тәрбиені, қорғаншылық пен қамқорлық насихаттауды жобалау;
- білімгерді адамгершілік құндылықтар мен этикалық принциптерге негізделген білім беру контекстінде адамгершілік пен руханилықты дамытуға жеке үлгі арқылы шабыттандыру;
- Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында дидактика білімі және жоғары білім беру тәрбие теориясына негізделген университетте педагогикалық процесті, оқыту мен тәрбиелеу саласындағы кәсіби міндеттерді тиімді шешудің жаңа тәсілдері мен әдістерін іздеуді жүзеге асыру;
- ЖОО-ның білім беру бағдарламаларын заманауи білім беру талаптарына сәйкес жобалау, талдау және бағалау, оқу бағдарламаларын әзірлеуді, негізгі тақырыптар мен тұжырымдамаларды анықтауды ескере отырып, мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында оқыту кезінде әлеуметтік педагогиканың мазмұнын құрылымдау;
- меңгерілген материалды белсенді қолдануға ықпал ететін оқытудың интерактивті әдістерін енгізу негізінде алған білімдері мен дағдыларын тәжірибеде қолдана білу арқылы инклюзия, акмеология, өмірлік дағдыларды дамыту бойынша кеңес беру, кәсіби әңгімелесу, тренингтер өткізу;
- девиантты мінез-құлқы бар оқушыларды әлеуметтік қолдау бағдарламаларын құрастыру, түзету/қолдау және дамыту, оқушылардың әлеуметтік құнды әрекеттерін әзірлеу, әлеуметтік-педагогикалық бастамалар мен жобаларды әзірлеу жұмыстарын жүргізу;
- жеке тұлғаның және ұжымның маңызды әлеуметтік-педагогикалық сипаттамаларын және топтық құбылыстар мен процестердің, білім беру ұйымдарының әлеуметтік қызметтерінің қызметін басқарудың әлеуметтік-педагогикалық механизмдерінің диагностикалық зерттеулермен айналысу;
- цифрлық ұрпақ және электрондық білім беру саласында зерттеулер жүргізу, қолданбалы пайдалану үшін қорытындылар мен ұсыныстар енгізу, цифрлық технологияларды пайдалана отырып, бакалавриат студенттерімен кері байланыс орнату.