Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07205 Металлургия в Торайгыров университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қара металлургияда технологиялық процестерді жүргізуді ұйымдастырады. Қара металлургиядағы инновациялық және рационализаторлық қызметке қатысады
  • Сапа менеджменті жүйесінің, экологиялық менеджмент жүйесінің талаптарын орындайды
  • Әртүрлі әлеуметтік жағдайларда дұрыс бағдар ала алады, командада жұмыс істей алады, өз көзқарасын дұрыс қорғай алады, жаңа шешімдер ұсына алады
  • Қызметкерлерді басқарады және еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді
  • Жұмысты ұйымдастыру және стандартты кәсіби міндеттерді шешу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген
  • Бақылау, интерпретация, талдау, қорытынды шығару қабілеті, баға беру қабілеті, сыни ойлау дағдылары, креативтілік, өзін-өзі дамытуға қабілетті
  • Мемлекеттік, орыс және шет тілінде (А2, B1, B2 деңгейі), оның ішінде кәсіби салада коммуникацияның негізгі дағдыларын меңгеруді көрсетеді
  • Түсті, сирек және асыл металдар металлургиясында технологиялық процестерді жүргізуді ұйымдастырады. Түсті, сирек және асыл металдар металлургиясындағы инновациялық және рационализаторлық қызметке қатысады
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін, оның ішінде экология және табиғат пайдалану саласындағы актілерді ескере отырып, кәсіби қызмет бағыты бойынша стартап-жобаларды әзірлейді
  • Сала машиналары мен аппараттарының конструкциялық, динамикалық, беріктік және басқа да параметрлерін есептеуді орындау үшін техникалық ғылымдар саласындағы базалық білімді қолданады
  • Күнделікті жағдайларда кәсіби есептерді математикалық ойлау тәсілдерін қолдана отырып шешеді.
  • Университеттік, аймақтық, республикалық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу кезінде азаматтық және патриоттық, рухани Жаңғыру-қоғамдық сананы жаңғырту, Қазақстанның Үшінші жаңғыруы идеяларының негізінде көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді
  • Құю өндірісінде технологиялық процестерді жүргізуді ұйымдастырады. Құю өндірісінде инновациялық және рационализаторлық қызметке қатысады
  • Металдарды қысыммен өңдеудің технологиялық процестерін жүргізуді ұйымдастырады. Металдарды қысыммен өңдеуде инновациялық және рационализаторлық қызметке қатысады
Top