Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M08302 Биоресурстарды басқару в Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Болашақ мамандарға негізгі кәсіптік құзырлықты қалыптастыру; магистранттардың өзіндік ғылыми-ізденушілік бағытына жағдай құру; ғылыми-техникалық ақпаратпен жұмыс жасай білу, ғылыми-техникалық ақпаратпен жұмыс істеу мүмкіндігі, кәсіптік қызметте шет елдік және отандық тәжірибені қолдану, алынған ақпаратты жиынтықтау және жүйелеу.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 1,5 года
-
Кредиттер көлемі 90
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M133 Орман шаруашылығы
-
Білім беру саласы 7M08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
-
Дайындық бағыты 7M083 Орман шаруашылығы
Пәндер
Оқыту нәтижелері
- Биологиялық ресурстарды бақылайтын ұйымдардың жұмыс қағидалары туралы білу; табиғи ортаның құрамдас бөліктерін, табиғи экологиялық жүйелерді және оларда болып жатқан үдерістер мен құбылыстарды қоса алғанда, қоршаған ортаның жай-күйіне жан-жақты бақылау жүргізе алу; қоршаған ортаның өзгеруін болжау және бағалау дағдыларының болуы.
- Пәнді оқу нәтижесінде магистрант биологиялық ресурстарды жіктеудің негізгі тәсілдерін, оларды экономикалық бағалауды біледі, биологиялық ресурстарды мемлекеттік есепке алуды, кадастрлық бағалауды және түгендеуді жүргізе алады, биологиялық ресурстардың кадастрын жинау, сақтау және жүргізе алады.
- Орманның морфологиялық құрылымы туралы түсініктерге ие болу; орманның теориялық негіздерін, орманның типтерін, орманды жанама пайдалану түрлерін, олардың әртүрлілігін, орманның тұқымдық және вегетативті қалпына келу ерекшеліктерін, түрлердің өзгеруін білу; негізгі ағаш кесу және аралық ағаш кесу әдістерін, орманның табиғи қалпына келуіне ықпал ететін әдістерді қолдана білу; өрттен қорғаудың дұрыс жүйесін таңдай білу, ормандарды өрттен қорғауды қамтамасыз ету және егер олар пайда болса, өртті сөндіруді дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз ету
- Пәндерді оқып-үйрену нәтижесінде магистрант білуі керек: Қазақстанның биоресурстарының қазіргі жағдайының теориялық негіздері, биоресурстар проблемаларының заңнамалық негіздері; теориялық және басқа да әдіснамалық мәселелерді шешуде алынған білімді қолдануға, қоршаған ортаның флорасы мен фаунасының әртүрлілігін талдайды, оқу материалдарының дәрежесін және тереңдігін анықтайды, білімді бақылаудың әртүрлі әдістерін және құралдарын қолданады
- Оқу нәтижесінде магистрант экотуризмнің жағдайын талдай алуы керек; қазақстандық экотуризмнің дамуын болжау; рекреациялық іс-шараларды ұйымдастыруға, табиғатты қорғау жұмыстарын жүргізуге, орман ресурстарын ұтымды пайдалану саласындағы әртүрлі іс-шараларды жобалауды жүргізе алуы тиіс; экотуризм элементтерін тиімді пайдалану дағдыларын игеру
- Пәндерді оқу нәтижесінде студент әлемдік, ұлттық және аймақтық деңгейлерде тұрақты дамудың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін білуі керек.; ретроспективті перспективада қор анализ әдісі мен теориясын; қор анализне жаңа заманғы әдіс. Қазақстандағы жасыл экономиканың дамуы мен жасыл технологияны енгізу