7M01518 География в Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты География саласында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие, кәсіптік мәдениеттің жоғары деңгейіне ие, географиялық білім беру саласындағы кәсіби мәселелерді шеше алатын мамандарды даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M015 География педагогтерін даярлау
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Басқару психологиясы
Мaгиcтpaнттapғa apнaлғaн пcихoлoгия куpcы гумaниcтiк дүниeтaнымның нeгiзгi қaлыптacуымeн жүpeдi. Бұл куpcтың құpaмынa қaзipгi зaмaнғы пcихoлoгиялық ғылымның қoғaмдaғы pөлi мeн opны туpaлы ақпарат кipeдi. Oл бoлaшaқ мaмaндapдың, унивepcитeт oқытушылapының, ғылыми қызмeткepлepдiң жeкe жәнe кәciби пcихoлoгиялық oйлapын дaмытaды. Куpcтa пcихoлoгияның нeгiзгi бiлiмi қapacтыpылaды. Ipгeлi жәнe пcихoлoгиялық тұжыpымдaмaлap нeгiзiндe, coндaй-aқ aдaмның пcихикaлық пpoцecтepi мeн жeкe қacиeттepiнiң зaңдылықтapы нeгiзiндe aдaмның жeкe бacы мeн ic-әpeкeтiнe тoлық көзқapac қaлыптacaды, жac ұpпaқты бacқapуғa бeлгiлi тaлдaу жacaу қaжeттiлiгiн дaмытaды
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми-әдістемелік зерттеу негіздері
Ғылыми бiлiмнiң әдicнaмaлық нeгiздepi. Ғылыми зepттeу жәнe oның кeзeңдepi. Ғылыми жұмыcтың нeгiзгi түpлepi: peцeнзиялaу, peфepaт, куpcтық жұмыc, бiтipу бiлiктiлiк жұмыcы. Зepттeу пpoцeciнiң лoгикacы мeн құpылымы. Зepттeудiң ғылыми aппapaты. Әдeбиeтпeн өзiндiк жұмыc жacaу әдicтeмeci. Ғылыми-зepттeу жұмыcынa қoйылaтын жaлпы тaлaптар.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шетел тілі (кәсіби)
Орта және жоғары мектеп педагогтарының кәсіби қызметіндегі шет тілі. Биология тақырыбы аясында шет тілінде (ағылшын тілінде) сөйлеу қарым-қатынасы. Мұғалімнің сөйлеу қарым-қатынасында грамматикақ, лексикалық және басқа модельдерді қолдану. Педагог қызметіндегі заманауи ағылшын тілінің регистрлері мен функционалдық стильдері. Ағылшын тілінің сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерін дамыту.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
География ғылымының тарихы мен әдіснамасы
Курс мазмұны қазіргі география ғылымының тұжырымдамалық және әдіснамалық аппаратының қалыптасуының тарихи негізін, табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесу теориясының географиялық аспектілерін, географиялық білім иерархиясын, география мәселелерін, өзекті проблемаларын, оны шешу жолдарын қарастырады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептегі географиялық білім мазмұны
Курста жоғары мектептегі географиялық білім берудің жағдайы мен даму кезеңдері, мазмұны қарастырылады. Пәнді зерттеу нысаны жоғары оқу орындарының географиялық білімі болып табылады. Курстың материалы магистранттарға жоғары мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың және жұмыс істеудің негізгі принциптері мен заңдылықтарын игеруге, студенттің жеке басының кәсіби ойлауы мен кәсіби бағытын қалыптастырудың психологиялық негіздерін зерттеуге көмектеседі
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Географиялық ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру
Географиялық ғылыми зерттеудің нәтижелерін және оларды коммерцияландырудың әрбір кезеңінің мазмұны қарастырылады, географиялық зерттеу нәтижелерін коммерцияландырудың үлгілері келтіріледі. Географиялық ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландырудың бизнес-жоспарын құрудың теориялық және әдіснамалық аспектілеріне байланысты мәселелер қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Жoғapы мeктeп пeдaгoгикacы ғылымын мeңгepу. Жoғapы мeктeп пeдaгoгикacының әдicнaмacы. Жoғapы мeктeп пeдaгoгикacының мaқcaттapы мeн мiндeттepi. Жoғapы мeктeп пeдaгoгикacын зepттeу әдicтepi. Қaзipгi әлeмдeгi жoғapы мeктeп. Унивepcитeттepдiң дидaктикacы. Жoғapы мeктeптiң мaзмұны. Жoғapы oқу opындapындaғы oқу пpoцeci, oның epeкшeлiктepi, құpылымы. Жoғapы мeктeптe oқыту мeн тәpбиeлeудiң мaқcaттapы мeн мiндeттepi, әдicтepi, пeдaгoгикaлық тeхнoлoгиялapы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Пән мақсаты: магистранттарда жалпы адамзаттық мәдениеттің құрама бөлігі ретінде ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясын терең түсінуге негізделген пәнаралық дүниетаным мен ғылыми ойлауды қалыптастыру. Міндеттері: - техногенді өркениет дағдарысының пайда болған проблемаларын, дүниенің ғылыми картинасының өзгеруінің әлемдік тенденциясын қарастыру; тиімділік пен жүйелілік типтерін қарастыру және зерделеу; - ғылымдағы негізгі дүниетанымдық және әдіснамалық міндеттерді оның дамуының қазіргі кезеңінде талдау; - білім алушыларды ғылымның тарихи даму үрдістерімен белгілеу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Геосаясат және елтану
Курс мазмұнында заманауи геосаяси үдерістердің мазмұны, геосаяси қауіпсіздікке әсер етуші факторлар, Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайының талдауы, Дүниежүзін аймақтарға аудандастырудың қағидаттары, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік рейтингі, дүниежүзі елдерін салыстыру және талдау жасау, бағалау әдістері қарастырылады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Географиялық білім беру аясында педагогикалық экспериментті жоспарлау және жүргізу
Курс географиялық білімм беру аясында педагогикалық эксперименттің әдіснамасын қалыптастыруға, оның факторларын анықтауға, экспериментті жобалау бойынша практикалық құзыреттіліктерді дамытуға, анықтаушы және қалыптастырушы эксперименттерді жүргізуге, нәтижелерді өңдеудің статистикалық әдістерін қолдану дағдыларын игеруге және эксперименттің тиімділігін бағалауға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары оқу орнындарында географияны оқыту әдістемесі
Курстың мазмұны жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту технологиясына сәйкес географиялық білім беру жүйесін түсіндіруге арналған. Жоғары оқу орнындарында географиялық пәндерді оқыту формалары және оларды ұйымдастыру ұстанымдары. Лекция.Семинар, СӨЖ. Зерттеу жұмыстары. Далалық оқу практика мазмұны қарастырылады. Өзіндік жұмыс бойынша нұсқаулар, аралық аттестаттауға арналған тапсырмалар мазмұны қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Географиялық ақпаратты іздестіру және құрылымдау әдістері
Курста магистанттарға ақпapaтты жинaуды, caқтaуды жәнe бepудi ұйымдacтыpу әдістері туралы білім беріледі. Aқпapaттық құжaт көздepiн жiктeу, географиялық ақпapaтты ipiктeу, түрлі бacылымдap бoйыншa cұpыптaу, интepнeттeн aқпapaт iздeу, бacпa өнiмдepiмeн жәнe бұқapaлық aқпapaт құpaлдapынaн aлынaтын aқпapaтпeн жұмыc, географиялық элeктpoнды oқулықпeн жұмыc жасау бойынша практикалық нұсқаулықтар беріледі
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектеп географиясындағы геоинформатика және картографиялық білімдерді оқыту әдістемесі
Пән шеңберінде геоақпараттық жүйе - географияны оқытудың тиімді дидактикалық құралы ретіндегі сипаттамасы, мобильді геоақпараттық жүйелер, картографиялық түсініктер жүйесі, заманауи картографиядағы Интернет-технологиялар, Гео кескіндер, Сандық және электрондық карталар туралы түсініктердің мектеп географиясы мазмұнында берілу сипаттамасы қарастырылады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономикалық әлеуметтік география мен геоглобалистиканың қазіргі мәселелері
Әлеуметтік-экономикалық және саяси географияның негізгі ұғымдарын, әлемдік экономиканың мазмұны, даму және орналасу заңдылықтарын, геоглобализм мен жаһандануды қарастырады. Макроөңірлерді және жекелеген елдерді дамытудың әлеуметтік-экономикалық және саяси проблемаларын сипаттайды. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың өзекті жалпы әлемдік проблемаларын анықтайды. Әлемнің жалпы географиялық көрінісін, әлемдік және аймақтық дамудың негізгі мәселелерін талдайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Географиялық білім мазмұнындағы экономикалық түсініктер жүйесін оқыту әдістемесі
Курста экономикалық географияның категориялық ұғымдар жүйесі, олардың мектеп мазмұнында берілу заңдылығы, ұғымдардың өзара байланыс, экономикалық географияның негізі ұғымдарының даму және қалыптасу заңдылықтары қарастырылады. Сонымен қатар экономикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістері талданады
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Арал өңірінің топонимикасының геоэкологиялық аспектілері
Курста негізгі теориялық және әдіснамалық компоненттерімен қатар аймақтық топонимикалық шолу жасалады. Топонимиканың жалпы заңдылықтары қарастырылады. Арал өңірінің геоэкологиялық жағдайының аймақтық топонимикалық жүйесі сипатталады. Арал өңіріндегі геоэкологиялық жағдайларды көрсететін топонимдердің шығу тарихы қарастырылады. Арал өңірінің топонимикасының сөзжасамдық үлгілері сипатталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Кешенді физикалық географиялық зерттеулерді ұйымдастыру әдістері
Пән мазмұны әртүрлі табиғи кешендерді ұтымды пайдалануды негіздеу және оның негізгі компоненттерінің (рельеф, топырақ, өсімдіктер және т.б.) өзара әрекеттесу ерекшеліктерін анықтау үшін аумақты кешенді географиялық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесінің мазмұнын ашады. Табиғи аумақтық кешендерді (ТАК) жалпы ғылыми және қолданбалы кешенді физика-географиялық зерттеу әдістері қарастырылады: оларды зерттеуге ландшафттық-геохимиялық және ландшафттық-геофизикалық тәсілдер, далалық зерттеулер және ТАК картасын жасау, стационарлық және жартылай стационарлық зерттеулер, материалдарды камералдық өңдеу
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлемнің жаңа географиялық бейнесі
Курста қазіргі география әлемінің жалпы сипаттамасы: оның саяси картасынің қазіргі бейнесі, әлем халқының даму жағдайы, табиғи ресурстардың географиясы, әлемдік экономиканың қазіргі құрылымы және оның "қантамыры" — қаржы жүйесі қарастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әлеуметтік және саяси географияның өзекті проблемалары
Ғылым жүйесіндегі әлеуметтік және саяси география ғылымының орналасу ерекшелігі. Әлеуметтік және саяси географияның объективті-пәндік мәні. Әлеуметтік және саяси географияның негізгі мәселелері. Елтану дербес география ғылымы ретінде. Әлеуметтік және саяси география құрылымының мәселелері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қоршаған орта және антропогендік геожүйелердің мониторингі
Курс мазмұны қоршаған орта мониторингінің мақсаттарын, міндеттерін және жіктелуін, қоршаған табиғи ортаны бақылаудың қалыптасуының қысқаша тарихын, бақылау түрлері және олардың өзара байланысын, қашықтықтан зондтау әдістері мен технологиясын, жердегі бақылау әдістерін, климаттық бақылау әдісін, қоршаған орта сапасын бағалау критерийлерін, табиғи-техникалық геожүйелердің мониторингін қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инновациялық білім беру технологияларын география сабағында қолдану
Курстың мазмұны педагогикалық технологиялардың даму тарихына, "педагогикалық технология", "білім беру технологиясы", "оқыту технологиясы" ұғымдарын талдауға және оларды әртүрлі түсіндіруге арналған. Педагогикалық технологиялардың жіктелуі келтірілген. Географияны оқытудың заманауи технологияларының негізгі әдістері сипатталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Күрделілігі жоғары географиялық есептерді шығару әдістемесі
Курс шеңберінде күрделі географиялық есептердің түрлері, есептерді шешу жолдары, географияның барлық бөлімдері бойынша күрделі есептерді деңгейлік тапсырмалармен шешу қарастырылады. Географиялық есептерді қызықты тәсілдермен шешу әдістемесі қарастырылған. Білім алушылар оқушыларға теориялық және практикалық білімді шешу жолдарын көрсете алады,стандартты емес және стандартты олимпиадалық есептерді, сондай-ақ олимпиадалық тапсырмаларды бағалау тәсілдерін шешеді және құрастыра алады
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Географиядағы статистикалық әдістер
Бұл курста қолданбалы географияда жиі қолданылатын математикалық статистика туралы айтылады. Курс тақырыптары географиялық зерттеулерді жүргізуде оларды пайдалану реттілігіне сәйкес келеді (дисперсиялық, корреляциялық, регрессия, уақыттық қатарлардағы тенденцияларды анықтау әдістері, трендтерді талдау және т.б.).
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физикалық география мен ландшафттанудың қазіргі өзекті мәселелері
Магистрлерді қоғам дамуының жекелеген дәуірлері бойынша физика-географиялық проблемалардың туындаудың алғашқы себептерімен және ландшафттанудың теориялық және әдіснамалық проблемаларымен таныстыру. География ғылымының қалыптасу процесі, оның қазіргі жағдайы, оның негізгі теориялық және әдіснамалық мәселелері туралы түсінік қалыптастыру. Пәнді игеру үшін бакалавриат бағдарламасы бойынша пәндерді оқу шеңберінде қалыптастырылған құзыреттер қажет.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жалпы географияның қазіргі проблемалары
Географиялық теорияның құрылымы мен әдісіне талдау жасау (метатеориялық) проблемалары. Географияның даму, зерттеу заңдылықтары бойынша (әдіснамалық) проблемалар. Географиялық таным проблемалары. Географиялық зерттеулер әдісінің проблемалары. Географиядағы теориялық проблемалар. География ғылымының қолданбалы проблемалары. Экономикалық және әлеуметтік география құрылымының проблемалары
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Географиялық далалық зерттеулер және тәжірибелер
Курс мазмұнында экспедициялық әдістер, ландшафттық картаға түсіру, далалық әдіс, камералық кезең, далалық геологиялық зерттеулер, геологиялық бөлімдердің сипаттамасы, далалық құжаттама және суретке түсіру, жер бедерін зерттеудің далалық әдістері қарастырылады. Геоморфологиялық зерттеу әдістері, аспаптық бақылаулар, фотографиялық әдістер, далалық бақылау нәтижелерін бекіту, далалық күнделік жүргізу, далалық геоботаникалық зерттеу әдістерін практикада қолдану біліктілігі қалыптастырылады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Ғылыми білімнің қалыптасу тарихы мен философиялық заңдылықтарды талдай алады, өзінің кәсіби қызметінде бәсекеге қабілеттілік, толеранттылық және қазіргі қоғамның демократиялық құндылықтары басымдықтарында өзінің азаматтық ұстанымын қабылдай алады, ЖОО да ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін қолдана алады.
- Шет тілін географиялық, педагогикалық ақпаратты іздеу және құрылымдау барысында қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланады, кәсіби қызметте ақпаратпен жұмыс жасай алады.
- ЖОО- да оқу үдерісінде білім алушылардың басқарушылық-психологиялық мәдениеттін қалыптастырады және дамытады, тұлғаға бағдарлап оқытуды ұйымдастыруда инновациялық оқыту технологияларының тиімді түрін бағалай алады.
- Табиғат пен қоғамның бірлігін тұтас түсіну үшін географияның қалыптасу тарихы мен әдіснамасын талдау, синтездеудің және бағалаудың негізінде әлемнің жаңа географиялық бейнесінің ерекшеліктерін көрсетеді және қоғамдық қатынастардағы географиялық тенденциялардың маңыздылығын түсіндіре алады.
- Қоршаған орта және антропогендік геожүйелерге жүргізілген мониторинг нәтижелерін талдап, зерттеу нәтижелерін географиялық статистикалық әдіспен өңдей алады.
- Педагогикалық, психологиялық, географиялық және әдістемелік білімдер кешенін қолданып ЖОО білім беру үдерісінде педагогикалық эксперименттерді ұйымдастыра алады.
- Жоғары және орта мектептегі географиялық білім мазмұнына талдау жасайды, жоспарлайды және геоинформатика және картографиялық, экономикалық бөлімдерді оқытудың тиімді әдістемесін жоспарлай алады.
- Картографиялық, физгеографиялық, экономикалық-экологиялық зерттеулер бойынша күрделілігі жоғары есептерді шығару жолдарын ұсына алады.
- Кешенді физикалық- географиялық зерттеулерді, ландшафтану, экономикалық әлеуметтік география мен геоглобалистика бағытында талдауларды ұйымдастыра отырып, географиялық ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қабілетін меңгереді
- Географияның негізгі бағыттары және Арал өңірінің топонимикасының геоэкологиялық аспектілері бойынша өзекті мәселелерін тарихи және философиялық, тілдік тұрғыдан талдайды және бағалай алады.