8D02211 Этнология және антропология в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты – этнология және антропология ғылымы саласындағы мәліметтермен ақпараттарды сыни талдау, баға беру, синтездеуге айқын қабілетті, сондай ақ этносаяси мәселелер мен шиеленістерді шешу үшін нақты алгоритмдер құра алатын жоғары деңгейдегі кәсіби құзіреттілігі бар білікті маман дайындау.
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D153 Археология және этнология
-
Білім беру саласы 8D02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 8D022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
Этнология ғылымындағы ұлт және этнос
Пәннің мақсаты – әлемдік этнология мен мәдени антропологиядағы этникалық проблемалар концепцияларын зерттеу негізінде қазіргі ұлт және этностың теориялық мәселерін талдау, синтездеу қабілетін қалыптастыру. Курсты игеруде этностың пайда болу заңдылықтарын, этностың иерархиялық классификациясын, ұлт және этностың арақатынасы мәселелері, ұлттық идея ұғымы, ұлт және этностың әлеуметтік-тарихи типтері сияқты ұлт мәселесі қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазақстандағы этноконфессионалдық үдерістер
Пәннің мақсаты полиэтникалық және көп конфессионалды Қазақстан қоғамындағы діни факторлардың көрініс беру ерекшелігі мен функциясын талдауға қабілетті болу. Қазақстандағы этноконфессионалдық қаты-настардың теориялық-методикалық негізі және қолданбалы зерттеулерде оларды қолданудың ерекшелігі оқытылады; ұлтаралық және этноконфессионалдық қаты-настар концепциясының негізі талданады; республикадағы ұлтаралық қатынастар динамикасы мен діни факторлар жағдайына ықпал ететін факторлар қарас-тырылады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Этнология ғылымындағы пәнаралық әдістер
Пәннің мақсаты - этнологиялық нысандарды зерттеуде пәнаралық әдістерді қолдана білу қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқытуда бағытталған: этнологиялық дерек көздердің кең спектрін зерттеу үшін қолданылатын әртүрлі ғылымдардың әдістері; пәнаралық әдістердің қазіргі даму деңгейі. Студенттер сонымен қатар ғылымның техникалық және технологиялық әдістерін қолдануды үйренеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Материалдық емес мәдениетті ескерткіштердің сақтау және зерттеу мәселелелері/
Пәннің мақсаты материал-дық емес мәдени мұра нысандарын музейлендіру, сақтау және қолдану принциптерін, олардың ерекшеліктері мен әдістері жөнінде түсінік қалыптастыру. Пән мынаны оқып-үйренуге бағытталған: ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны сақтау саласындағы қызметі, дәстүрлі мәдениетті сақтау ерекшеліктері мен механизмдері; материалдық емес мұраларды музейлендірудің ғылыми негіздері; оны жіктеу қағидалары, сонымен қатар өзектендіру әдістерін оқып үйрену.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қазіргі этносаяси үдерістер
Курстың мақсаты – қазіргі әлемдік кеңістік түйісінде этносаяси ахуал мен аймақтық ерекшеліктерді зерттеу негізінде қазіргі әлемдегі этносаяси ахуалдардың ортақтығы мен ерекшелігін айқындай білу қабілеттілігін қалыптастыру. Курста докторант қазіргі әлемдегі этносаяси үдерістердің негізгі бағыттары мен тенденцияларымен таныс бола алады; этносаяси ахуалдардың типологиясымен, қазіргі әлемдегі этносаяси үдерістерді саяси құқықтық жағынан реттеуді, оны теориялық-методологиялық талдау
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеудің әдістері
Пәннің мақсаты – сандық технологияларды қолдану негізінде тарихи және басқа да байланысты ғылымдардың әдіснамасын қолдану дағдыларын қалыптастыру. Зерттеуде жалпы ғылыми әдістерді, әдіснамаларды, гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдарды қолданудың ғылыми құралдары қаралатын болады. Пән гуманитарлық ғылымдарды зерттеу барысында алынған білім сомасына негізделеді, тарих, этнология және басқа да байланысты ғылымдардың барлық салаларында ғылыми зерттеулер жүргізудің тиімді құралы ретінде білім беру бағдарламасының барлық пәндеріне қатысты әдіснамалық және әдістемелік функцияларды жүзеге асырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Академиялық жазу
Мақсаты – ғылыми мәтіндерді жазу дағдыларын қалыптастыру, өз идеяларын құрылымдау. Ғылыми жұмысты жазудың негізгі әдіснамалық тәсілдері қаралатын болады; идеяларды жазбаша түрде дәлелдеу; академиялық жұмыстарды құрылымдау тәсілдерін пайдалану; сілтемелерді, библиографияны, оның ішінде шет тілінде ресімдеу; ғылыми мақалаларды Q1-Q4 көрсеткіштері бар журналдарда және импакт-факторы жоғары немесе JCR-дәйексөзді басылымдарда жариялау құралдары көрсетілетін болады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 2
-
Этнологияның деректік және тарихнамалық мәселелері
Пәннің мақсаты - әлемдік және отандық этнология ғылымының қазіргі кезеңдегі жетістіктері негізінде деректанулық және тарихнамалық мәселелерін зерттеу, докторанттардың этнология ғылымының деректанулық және тарихнамалық аспектідегі қазіргі негізгі бағыттарын талдап, синтездей білу қабілетін қалыптастыру. Курста этнология ғылымындағы деректану мен тарихнаманың теориялық-методологиялық мәселелері: негізгі бағыттары қарастырылады
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- зерттеудің жаңа әдістері мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалана отырып, кәсіби саласына сәйкес ғылыми зерттеу қызметін жүзеге асырады;
- отандық және шетелдік этнология ғылымының теориялық-методологиялық жетістіктері негізінде жаңа ғылыми теориялық-практикалық концепциялар жасау;алынған білім мен жасалған концепцияды ғылыми зерттеу және ғылыми-педагогикалық салада дәлелді түрде дәйектей білу;
- қазіргі ғылыми жетістіктерді сыни талдау және баға беру қабілеті негізінде этноұлттық үдерістерге қатысты пікірталас жағдайында өзіндік қорытындысы мен пікірін қалыптасыру және көрсете білу, зерттеу және практикалық міндеттерді шешуде оның ішінде пәнаралық салада жаңа леп беретін идеяларды қоса білу;
- этнология саласындағы ғылыми зерттеу үдерістерін жоспарлау, жасау, жүзеге асыру және үйлестіру, шет елдерде ҚР территориясында далалық және ғылыми-зерттеу экспедициясын, Қазақстанның этносаясатын жүргізу негізінде мәдени, білім беру және ағарту шараларын жүргізе алу, ҚР аймақтарында этнологиялық мониторинг, көрме, семинарлар, конференциялар және т.б. ұйымдастыру және жүргізу;
- жоғары оқу ұйымдарының білім беру, кәсіби академиялық институттар және басқа да ҒЗИ, сараптама-талдау орталықтары, ақпараттық-аналитикалық профильдегі қоғамдық және мемлекеттік ұйымдарда кәсіби міндеттерін жүзеге асыру, жоғары оқу орнының негізгі білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби біліктілігі жоғары деңгейдегі ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау;
- этнологиялық зерттеулер бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау және этноұлттық үдерістерді басқару мәселелері бойынша ұлттық тарих, мәдениет мұраларына сараптама жүргізу, көпұлтты ҚР жан-жалды мәселелерді айқындау және шешу;
- кешенді ғылыми-практикалық этнографиялық оның ішінде пәнаралық зерттеулерді жобалау, жүргізу және жүзеге асыру, ҚР этносаясатындағы жаңа гуманитарлық идеялар мен тәсілдер негізінде Қазақстан халықтарының тұрақтылығы мен толеранттылығын бекітетін әртүрлі іс шаралар жүргізу;
- мемлекеттік және шет тілдердегі ғылыми коммуникацияның қазіргі әдістері мен технологиясын пайдалану, ұжымды басқару, команда мақсатын қалыптастыруға ықпал ету, мақсат бағытында жетістікке жету үшін оның әлеуметтік-психологиялық климатына ықпал ету, қызмет нәтижесінің сапасын бағалай білу;