Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M02219 Археология в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Археология аясында ғылым және білім беру, тарихи және ағартушылық салалар үшін Қазақстанның ұлттық басымдықтары туралы құнды тұжырымдарға ие, осы саладағы қазіргі заманғы білімді, жаңа теорияларды түсіндіру және бағалау дағдылары бар және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде IT қолдана алатын, инновациялық, пәнаралық әдістерді қолдана отырып далалық және қолданбалы зерттеулерді, археологиялық экспедицияларды жүргізуге қабілетті, археологиялық пәндерді дәстүрлі және қашықтан оқыту кезінде жаңа инновациялық оқыту әдістері мен технологияларын енгізе білетін ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M153 Археология және этнология
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Шетел тілі (кәсіби)
Сақ-скиф археологиясы
Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)
Археологияның теориялық және методологиялық мәселелері
Классикалық археологияның өзекті мәселелері
Когнитивтік және өндірістік археологияның заманауи мәселелері
Басқару психологиясы
Орталық Азия археологиясының өзекті мәселелері
Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстандағы этномәдени үдерістері
Орта Азия және Қазақстандағы алғашқы қалалық мәдениет \ \
Жоғары мектептің педагогикасы
Ғылым тарихы мен философиясы
Түркі дәуірі археологиясы
Еуразия халықтарының өнеріндегі скиф-сібірлік аң стилі
-
2 Оқу жылы
Тас дәуірі археологиясындағы тәжірибиелік трассология, жоспарлау және жөндеу
Тас индустриясының типологиясы мен классификациясы
Әлемнің ежелгі ұлы өркениеттері
Ғұн-сармат археологиясы
Антропогенездің заманауи мәселелері
Қола дәуірін кезеңдеу және мерзімдеу мәселесі
Археологиядағы пәнаралық зерттеулер
Эксперименталды археология
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Физикалық, химиялық, геологиялық және биологиялық теориялар мен әдістерді қолдана отырып археологиялық нысандарды зерттеу;
- Салыстырмалы талдау негізінде, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау, пәнаралық және жүйелік көзқарас, IT технологиясын қолданумен тарихи және әлеуметтік әдістерді меңгереді;
- Әлемдік және Орталық Азия археологиясының зерттеулеріндегі ғылыми әдіс, әдістемелерінің негізінде археологиялық қазбалар мен камералдық өндеу жұмыстарын жүргізу, Қазақстандағы этномәдени процестердің үдерісі мен қала мәдениетінің ерекшеліктерін бағалау және ескерткіштерді сақтау саласындағы заңдылықтарды білу.
- Пәнаралық әдістерді қолдана отырып, археологиялық экспедицияны ұйымдастыру және экспедицияның жетекшісі ретінде шешім қабылдау
- ГАЖ саласындағы білімдерін көрсете отырып, ежелгі карталар негізінде ландшафттың 3D реконструкциясын жасау немесе компьютерде археологиялық артефактінің көлемді моделін жасау.
- Жоғары мектеп педагогикасы саласында терең заманауи білімді көрсету және ІТ технологиясын қолдана отырып, археологияның қолданбалы аспектілері бойынша білім беру, мұражай мекемелерінде сабақтар өткізу, оқу және тәрбие бағдарламаларын, әдістемелік ұсыныстарды, қашықтықтан оқыту формасы үшін бағалау құралдарын әзірлеу
- Археологиялық бақылау негізінде тарихи-мәдени мұраны сақтау бағдарламаларын әзірлеу және археологиялық қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу
- Қазақстан Республикасының заңнамасын және менеджменттің заңдылықтарын пайдалана отырып, стратегиялар негізінде әлеуметтік-мәдени бағыттағы ұйымдарды басқару
- Археология саласындағы теория мен тәжірибенің жаңа жетістіктерін сыни бағалау және түсіндіру және Қазақстан археологиясының бағыттары бойынша энциклопедиялық, арнайы әдебиет, қазба материалдары бойынша мәліметтерді жүйелеу арқылы археологиялық ескерткіштер бойынша шолулар дайындау.
- Ғылыми семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, пікірсайыс клубтарын өткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, мәдени мекемелерде, мәдениет бөлімінің бөлімдерінде стратегиялық даму бағдарламаларын жасау;
- Экспозицияларды, белгілі бір тақырып бойынша көрмелерді жасау кезінде экспозициялық жұмыстың заманауи жобалаудың теориясы мен тәжірибесінде технологияларды және шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, өзіндік және шығармашылық көрсету.
- Ұжымда жұмыс істеу, талқылау, әр түрлі мәдени және конфессиялық деңгейлерде ұжымда өзара іс-қимылдың Әлеуметтік-этикалық нормаларын пайдалану, тұлғалық және кәсіби дамудың перспективалық стратегиясын құру, одан әрі оқуға және өзін-өзі оқытуға дайын болу, шет тілінде тұлғааралық, кәсіби және мәдениаралық өзара іс-қимыл міндеттерін шешу үшін коммуникацияларға қабілетті болу қажет.