7R01116 Пульмонология (ересектер, балалар) в Семей медицина университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Дәлелді медицинаның халықаралық стандарттары мен қағидаттарына, емдеу-диагностикалық технологиялардың қазіргі заманғы жетістіктеріне сәйкес тыныс алу органдарының аурулары кезінде науқасқа білікті медициналық көмек көрсетуге қабілетті бәсекеге қабілетті, білікті пульмонолог дәрігерді даярлау.
-
Академиялық дәреже Резидентура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Семей медицина университеті
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 140
-
Білім беру бағдарламаларының тобы R007 Пульмонология ересектердің, балалардың
-
Білім беру саласы 7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
-
Дайындық бағыты 7R011 Денсаулық сақтау
Пәндер
-
Стационардағы пульмонология-1, ересектер (Пульмонологиядағы диагностиканың визуалды әдістері; Пульмонологиядағы патоморфология; Пульмонологиядағы фармакотерапия; Стационардағы тыныс алу органдарының респираторлық аурулары)
Ересектерде Астма, ӨСОА, Пневмония сияқты жиі кездесетін респираторлы жүйенің аурулары мен шекарааралық жағдайларды(Кәсіптік аурулар, Саркаидоз, Пневмоканиоздар, ИИП, Абцесс) негізгі диагностикалық белгілерін; госпиталды деңгейде жиі кездесетін респираторлы жүйенің ауруларының диагностика әдістерін, классификациясын, салыстырмалы диагностикасын; ересектерде жиі кездесетін респираторляы жүйенің аурулары мен шұғыл жағдайларды емдеу тәсілдерін; ересек адамдарда сирек кездедсетін аурулардың диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы мен емін зерттейді.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 22
-
Пульмонологиядағы гериатриялық аспектілер
Зерттейді: тыныс жолдары ағзаларының патологиясы бар қарттарда адамдардағы стационар мен амбулатория жағдайында медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету және ерте анықтау шараларын ұйымдастырады.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 4
-
Пульмонологиядағы реабилитация сұрақтары
Респираторлы аурулар кезінде ерте оңалту шараларының кешенін зерттейді, оңалту бағдарламасын одан әрі дамыту үшін пациенттің физикалық мүмкіндіктерін бағалайды, сондай-ақ медициналық өзін-өзі бақылау, өмір салтын өзгерту және тамақтану бойынша ұсыныстар жасайды.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 4
-
Ғылыми зерттеулердің менеджменті
Пән сипаттама, аналитикалық және эксперименталды зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру ережелерін зерделеуді қамтиды. Пән аясында білім алушылар аталған дизайндарды зерттеу ережелерін үйренеді, олар зерттеудің әр түрлі кезеңдеріндегі құрылымдық және жүйелі қателерді болдырмай, өздерінің ғылыми зерттеулерінің хаттамасын дұрыс құрастыруға көмектеседі.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 4
-
Стационардағы пульмонология-1, балалар (Балалар пульмонологиясындағы диагностиканың визуалды әдістері; Балалар пульмонологиясындағы фармакотерапия; Әр түрлі патогенді факторлармен байланысты аурулар; Тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары)
Балаларда тыныс алу жолдары ауруларының (туа біткен және жүре пайда болған өкпе ақаулары) этиология, патогенез, клиникалық симптоматикасын, жіктелуін, дифференциалды диагностикасын, емдеуін және тыныс алу жолдары аурулары кезіндегі балаларды тексеру ерекшеліктері зерделеу.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 18
-
Пульмонологиядағы рационалды фармакотерпия
Зерттейді: тыныс алу жүйелері ауруларының пульмонологиялық тәжірибеде ұтымды фармако-терапиясын, стационар мен амбулаториялық емханада дәлелді базамен емдеудің ең тиімді әдістерін.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 4
-
Амбулаториялық-емханалық пульмонология-1, балалар (Бронх-өкпе ауруларды диагностикалаудың функционалды әдістері және дифференциальды диагностикасы; Амбулаториялық кезеңде балалар пульмонологиясындағы кең таралған аурулар; Балалардағы бронх-өкпе ауруларды диспансерлеу; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде бойынша қызмет көрсету)
Балалар амбулаториялық-емханалық пульмонологиялық қызметін ұйымдастыруын: тыныс жолдары ауруының қауіп факторларын ерте анықтау (туа біткен және жүре пайда болған өкпе ақаулары,) диагностикасы, емі, дәрігерлік тактика, ауруханаға жатқызу көрсеткіштері, медициналық-әлеуметтік сараптама, алдын алу (біріншілік, екіншілік және үшіншілік), диспансерлеу мен реабилитациясын зерделеу.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 12
-
Амбулаториялық-емханалық пульмонология-1, ересектер (Пульмонологиядағы функционалды диагностикалық әдістер; Бронхолитикалық және бактерияға қарсы терапияның жалпы қағидалары; Амбулаториялық кезеңде тыныс алу органдарының респираторлық аурулары)
Тыныс алу жүйесінің жедел және қабыну ауруларының(ХОБЛ, Астма, Пневмония және т.б.) амбулаториялық аспектілерін (диагностикасы, емі, медициналық көмек көрету тактикасы, медициналық-әлеуметтік сараптамасы, профилактикасы, медициналық тексеру және оңалту) мәселелерін зерттейді.
Оқу жылы - 1
Несиелер - 18
-
Амбулаториялық-емханалық пульмонология-2, балалар (Балалардағы орфандық аурулар; Балалардағы бронх-өкпе жүйенің туа біткен ақаулары; Балалардағы өкпе мен бронхтың тұқым қуалайтын аурулары; Бронх-өкпе аурулары бар балаларды оңалту)
Зерттеу: балалардағы Пневмония, ӨСОА, Астма, бронхоэктаз ауруларының алдын алу: диагностикасы заманауи әдістері, емдеу, дәрігерлік тактика, ауруханаға жатқызу көрсеткіштері, медициналық-әлеуметтік сараптамасы.
Оқу жылы - 2
Несиелер - 10
-
Стационардағы пульмонология-2, ересектер (Фтизиопульмонология; Онкопульмонология; Өкпенің интерстициальді және орфандық аурулары; Бронхо-өкпе жүйесінің дамуындағы ауытқулар және өкпедегі іріңді процестер; Қарқынды пульмонология; Интервенциялық пульмонология)
Альфа-1 антитрипсин жетіспеушілігі, орталық ұйқа апноэсы, гиповентиляциясы бар және коморбидті тыныс алу жүйелері аурулары бар науқастардың клиникалық симптоматикасын, ағымын, салыстырмалы диагностикасын; коморбидті науқастарда респираторлық аурулардың диагностикасының заманауи әдістерін; оларды емдеу тәсілдерін зерттейді.
Оқу жылы - 2
Несиелер - 26
-
Амбулаториялық-емханалық пульмонология-2, ересектер (Өкпенің аллергиялық және кәсіби аурулары; Ұйқыдағы тыныс алудың бұзылуы; Өкпені оңалту; Амбулаториялық кезеңде тыныс алуды қолдау)
Келесідей: Коллагеноздар, Муковисцидоз, Амилоидоз сияқты сирек кездесетін тыныс алу органдары ауруларының амбулаториялық аспектілерін (диагностикасы, емі, медициналық көмек көрету тактикасы, медициналық-әлеуметтік сараптамасы, профилактикасы, медициналық тексеру және оңалту) мәселелерін зерттейді.
Оқу жылы - 2
Несиелер - 12
-
Стационардағы пульмонология-2, балалар (Бронх-өкпе жүйенің туа біткен ауытқулары және балалардағы генетикалық анықталған аурулар; Балалардағы өкпенің интерстициальды аурулары; Бала жасындағы қарқынды пульмонология)
Балаларда тыныс алу жолдары аурулары кезіндегі дәлелдік медицина тұрғысынан емдеу, диагностикалау, салыстырмалы диагностика жүргізу әдістері, балаларды тексеру ерекшеліктерін зерделеу.
Оқу жылы - 2
Несиелер - 16
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Өз бетінше оқуға және пульмонологиялық кәсіби команданың басқа да мүшелерін оқытуға, пікірталастарға, конференцияларға және пульмонологиясаласының үздіксіз кәсіби дамудың басқа да нысандарына белсенді қатысуға қабілетті.
- Жоғарғы және төменгі тыныс жолдар аурулары кезіндегі клиникалық диагнозды тұжырымдауға, емдеу жоспарын тағайындауға және медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәлелді практика негізінде оның тиімділігін бағалауға қабілетті.
- Пульмонологиялық профильдің адекватты зерттеу сұрақтарын құрастыра алады, пульмонология бойынша кәсіби әдебиеттерді сыни тұрғыдан бағалай алады, күнделікті қызметінде халықаралық деректер қорын тиімді пайдалана алады, пульмонологиялық бағыттағы зерттеу тобының жұмысына қатыса алады.
- «Пульмонология ересектердің, балалардың» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің құқықтық және ұйымдастыру алаңы шеңберінде әрекет етуге, төтенше жағдайларда базалық көмек көрсетуге, ұлт денсаулығын нығайту саясатын жүзеге асыру үшін кәсіптік топтар құрамында жұмыс істеуге қабілетті.
- Респираторлы аурулары бар науқастар үшін үздік нәтижелерге қол жеткізу мақсатында науқаспен, оның ортасымен, денсаулық сақтау мамандарымен тиімді өзара қарым-қатынас жасай алады.
- Пульмонологиялық патология кезіндегі медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бағалауға және неғұрлым тиімді әдістерді пайдалануға қабілетті.