Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B11301 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру в Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру саласында білімі мен дағдыларын практикалық қызметте заманауи технологияларды қолдана алатын және көлік саласындағы ұйымдастырушылық-басқарушылық, өндірістік-технологиялық міндеттер мен мәселелерді тиімді шеше алатын жоғары білікті кадрларды даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B095 Көлік қызметтері
  • Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
  • Дайындық бағыты 6B113 Көлік қызметтері

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Философия, Қазақстан тарихы, құқықтану, әлеуметтану, саясаттану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, қаржылық сауаттыдық пен психология білімдеріне негізделген өзінің азаматтық ұстанымын көрсетеді, гуманизм қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асырады, қоғамдық және кәсіби қызметте салауатты өмір салтына көңіл бөледі.
  • Жаратылыстану ғылымдарын зерттеу, математикалық талдау және модельдеу, мамандыққа кіріспе қолдана отырып, кәсіби қызметте ақпараттық технологияларды қолданады, ұжымда көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді, менеджменттің басқарушылық қасиеттеріне ие.
  • Ауызша және жазбаша сөйлеуді дәлелді түрде құруға, кәсіби және ғылыми-зерттеу мақсатындағы, оның ішінде мемлекеттік және шет тіліндегі мәтіндерді жасауға ықпал етеді.
  • Әртүрлі өлшеу құралдары мен дәлдік аспаптарды пайдаланудың техникалық сызбалары мен ережелерін құру бойынша білімдерін көрсетеді, өлшеу құралдарының қателіктерін, құрылыстар мен көлік коммуникацияларын геодезиялық бақылауды анықтайды.
  • Экономикалық тиімділік және экологиялық қауіпсіздік критерийлеріне сүйене отырып, көлік ағындарының жұмыс істеуі бойынша шараларды, автомобиль, темір жол және көлік кәсіпорындарында қозғалыс қауіпсіздігін арттыру талаптарын негіздейді және әзірлейді.
  • Теміржол көлігінде және жол жағдайларында қозғалыс қауіпсіздігінің белгіленген талаптарының сақталуын тексереді, жол-көлік оқиғаларының статистикасын жүргізеді, жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін математикалық талдаудың, автоматтандырудың және модельдеудің техникалық құралдары мен әдістерін пайдалана отырып, жол қозғалысын басқарады.
  • Жүктерді және жолаушыларды тасымалдау үшін көліктік логистикалық жүйелерді жобалауға ықпал етеді, халықаралық тасымалдарда көлік құқығы туралы білімді қолданады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, көліктік-экспедициялық компаниялардың қызметін ұйымдастырады және бақылайды.
  • Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу, тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру жолымен коммерциялық операцияларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, жүктерді көліктік жіктеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, технологияларды үздіксіз іске асыруды және контейнерлік тасымалдардың қауіпсіздігін, көлікті сақтандыруды қамтамасыз етеді.
  • Тасымалдау кезінде көлік түрі бойынша жұмысты ұйымдастыруды және үйлестіруді, елдің көлік жүйесіне кіретін негізгі көлік түрлерін, цифрлық технологиялар саласында жасанды интеллектті пайдалануды ұйымдастыру мен ерекшеліктерін негізге ала отырып, өзара әрекеттесу пункттерінің техникалық жабдықталуын есептеуді біледі.
  • Автомобиль жолдарын, қалаларды жобалау және реконструкциялау кезінде жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді, жүру жолындағы разъездердің, озу пункттерінің, технологиялық станциялардың және басқа да объектілердің сызбаларын жасайды, арнайы жүктерді тасымалдау жөніндегі операцияларды жүзеге асырады.
Top