Жаңалықтарды бақылап, талқылауға қатысыңыз!
Инстаграмымызға,
Telegram-арнаға жазылып,
қауымдастық чатына қосылыңыз — грант байқауының нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B11301 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру (теміржол көлігі) в Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Теміржол көлігінде өндірістік-басқару, сервистік-пайдалану қызметін жүзеге асыруға, тасымалдау процесін ұйымдастыруда маркетинг және менеджмент әдістерін әзірлеуге және енгізуге, ҚР бірыңғай көлік жүйесінің құрылымын талдай отырып, қазіргі заманғы логистикалық жүйелерді практикада пайдалануға қабілетті жоғары тұлғалық-кәсіби құзыреттілікке ие жоғары білікті кадрларды даярлау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Қазақша
-
ЖОО атауы Қызылорда "Болашақ" университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B095 Көлік қызметтері
-
ҰБТ-дағы пәндер Математика және География
-
Білім беру саласы 6B11 Қызмет көрсету
-
Дайындық бағыты 6B113 Көлік қызметтері
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Физика
Жоғары математика
Көліктің жалпы курсы
-
2 Оқу жылы
Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі
Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
Құқық жүйесі
Сызба геометриясы және инженерлік графика
Кәсіпкерлік
Қаржылық сауаттылық негіздері
Жүктану
Экономикалық теория
Жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру
Бірыңғай көлік жүйесі
Жасанды интеллект негіздері
Инклюзивті білім беру
Логистика негіздері
-
3 Оқу жылы
Жүктерді тиеу мен бекітудің техникалық шарттары
Көліктегі метрология, стандарттау және сертификаттау
Көліктегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Көліктегі ақпараттық технологиялар
Тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы және механизациясы
Көлік логистикасы
Ғылыми-зерттеу әдістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерінің модулі (Ғылыми-зерттеу әдістері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері)
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің техникалық құралдары
Экология және тіршілік қауіпсіздігі негіздері модулі (Экология және тұрақты даму, Тіршілік қауіпсіздігі және еңбекті қорғау)
Теміржол бекеттері мен тораптары
Көліктік-логистикалық инфрақұрылым
Интермодальдық тасымалдауды ұйымдастыру
Темір жол көлігіндегі экономика
Халықаралық көлік дәліздері
Көліктік-диспетчерлік қызметін ұйымдастыру
Жеткізу тізбегіндегі тасымалдау
Көліктік-экспедициялық қызмет көрсету негіздері
Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті
Теміржол көлігінде пайдалану жұмыстарын басқару
Жүк тасымалдау
-
4 Оқу жылы
Қорларды басқару
Жылжымалы құрам және көлік құралдарының тартымы
Теміржол көлігінде автоматтандырылған басқару жүйелері
Жүк тасымалын ұйымдастырудағы инновациялық бағыттар
Теміржол стансаларының жұмыс технологиясы
Поездар қозғалысын ұйымдастыру
Теміржол көлігінде жолаушылар тасымалдау технологиясы және ұйымдастырылуы
Контейнерлік және пакеттік тасымалдауды ұйымдастыру
Жылжымалы құрамдарды техникалық баптау және жөндеу
Көліктік сервис нысандарының жұмысын ұйымдастыру
Көлік құқығы
Сапаны басқару
Өнеркәсіптік көліктің жұмыс технологиясы
Жылдамдықты және жоғары жылдамдықтағы қозғалысты ұйымдастыру
Теміржол көлігін техникалық пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі
Теміржол көлігінде халықаралық тасымалдарды ұйымдастыру
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Теміржол көлігі саласында өмір қауіпсіздігі, еңбек қорғау және экологиялық қауіпсіздік бойынша іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ әлеуметтік, мәдени, тарихи және саяси аспектілерді ескеру
- Көлік саласындағы өзекті мәселелерді шешу үшін ғылыми зерттеу әдістерін қолдану, Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде экономика және кәсіпкерлік нормаларын сақтау, сондай-ақ академиялық адалдық қағидаларын ұстану және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатынасты қалыптастыру
- Тұлғааралық және мәдениетаралық өзара іс-қимыл мәселелерін шешу үшін орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасауға, толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету үшін дене шынықтыру әдістері мен құралдарын пайдалануға, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және жасанды интеллект негіздерін, сондай-ақ инклюзивті білім беруді қолдана отырып, кәсіби қызмет мәселелерін шешуге қабілетті
- Көлік мәселелерін шешуде жаратылыстану, математикалық және инженерлік білімді,сондай-ақ стандарттау және сапа менеджменті бойынша білімді жүзеге асыру
- Жүк және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру және басқару принциптерін, көлік жүйесінің құрылымын білу, жүктердің көліктік жіктелуін және әртүрлі көлік түрлерінің өзара әрекеттесу шарттарын анықтау
- Қозғалыс қауіпсіздігін және көлікті пайдалануды ұйымдастыруға, басқаруға және қамтамасыз етуге байланысты қызмет алгоритмдерін қолдануға, жүктерді тасымалдау бойынша қызметтерді сапалы және уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүргізуге және оны жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдауға қабілетті.
- Жылжымалы құрамды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, көлік инфрақұрылымы объектілерінің технологиялық процестерін автоматтандыру және материалдық-техникалық базаны ұтымды пайдалану жөніндегі проблемаларды шешу
- Көлік-логистикалық инфрақұрылымды пайдалану, жеткізу тізбегін басқару және тасымалдауды ұйымдастырудың заманауи әдістерін қолдану арқылы көлік-логистикалық процестерді талдау, жоспарлау және оңтайландыру, логистикалық жүйелердің тиімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету
- Теміржол көлігінде қозғалысты ұйымдастыруды бақылау мен басқаруды жүзеге асыру үшін автоматтандырылған басқару жүйелерін пайдалану, тарату көлік желісінің жүк иелерінің қорларын басқару
- Белгісіздік пен тәуекел жағдайында экономикалық және ұйымдастырушылық сипаттағы шешімдер қабылдауға, техникалық-экономикалық талдау жүргізуге, қабылданған шешімдерді кешенді негіздеуге және нәтижелерді бағалауға қабілетті
- Станция жұмысының технологиялық процесінің нормативтерінің орындалуын бақылау, тексеру және талдау және станцияның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету
- Жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға тасымалдау құжаттарын ресімдеу және тиеу-түсіру және қойма операцияларын орындау, тасымалдау кезінде жүктердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету
- Көлік инфрақұрылымы объектілері мен көлік құралдарының әртүрлі санаттары үшін тасымалдау процесін ұйымдастырудың және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық, нормативтік-техникалық және ұйымдастырушылық негіздерін қолдану
- Кәсіптік қызмет саласында қажетті жаңа білім алу және білім беруді жалғастыру дағдыларын меңгерген, көлік жүйелерінің бәсекеге қабілеттілігін ескере отырып, өнеркәсіптік және магистральдық, халықаралық теміржол көлігі, сондай-ақ заманауи технологиялар бойынша жылдамдық және жоғары жылдамдықты қозғалыс саласындағы жұмысты тиімді ұйымдастыра алады