7M02209 Шығыстану в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Шығыстану саласы бойынша тереңдетілген ғылыми және әдістемелік білімі бар шығыс елдері бойынша сараптамалық талдау жүргізуге, ғылыми практикалық мәселелерді шешуге, тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жоспарлауға қабілетті жоғары деңгейлі мамандарды дайындау.
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M055 Шығыстану
-
Білім беру саласы 7M02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M022 Гуманитарлық ғылымдар
Пәндер
-
Шығыс (корей/жапон/ қытай/араб/парсы) тілін оқыту әдістері
Курстың мақсаты студенттерді шығыс тілін оқытудың заманауи әдістерімен таныстыру; әдістеменің басқа ғылымдармен байланысын көрсету, студенттерге шығыс тілдерін оқытудың концепцияларына баға беру қабілетін дамыту. Бұл пәнде білім алушы шығыс тілі бойынша алған білімдері мен дағдыларын қазақ және шетел әдіскерлерінің жаңашыл әдістерін игеруі арқылы дамытады. Шығыс тілін оқыту үрдістерінде заманауи тәсілдер мен технологияларды пайдалану қабілетін қалыптастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шығыс тарихын зерттеудің методологиялық аспектілері
Курстың мақсаты – шығыс тарихының маңызды тарихи оқиғаларын, процестерін, құбылыстарын қайта қарастыру. Сондай-ақ магистранттарда шығыс елдерін зерттеуге қажетті теориялық білімді талдау және синтездеу дағдыларын қалыптастыру. Аталған пән Шығыс тарихын зерттеудің негізгі әдіс-тәсілдерін, адамзат тарихының кезеңдік және өркениеттік тұрғыларын, Шығыс тарихының проблематикасын қарастырады. Сонымен қатар Шығыс елдерінің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымдарына байланысты қалыптасқан әртүрлі тұжырымдамалар оқытылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қытай/ Жапония/ Корея/ Иран/ араб елдерінің аймақтық тарихи, этномәдени және саяси даму үдерісі
Курстың мақсаты – аймақтық үдерістердің мәселелері бойынша ғылыми және қоғамдық пікірталас жүргізу дағдыларын меңгеру, қақтығыстар мен жанжалды жағдайлардың тарихи алғышарттарын анықтау және қазіргі болып жатқан жағдайларға жан-жақты талдау жасауды үйрету. Бұл курста оқытылатын шығыс елдеріндегі ішінара аймақтарының тарихи, этномәдени және саяси үдерісі кең ауқымда қарастырылады. Пәнді оқу арқылы шығыстанушы маман оқытылатын аймақтың мәселелерімен жан-жақты таныс болады, аймақаралық, этникалық, және диаспорологиялық ауқымдағы мәселелермен кеңінен танысып, олардың түпнегіздері айқындалады. Оқытылатын шығыс елінің тарихын, ондағы ұлтаралық қатынастар мен саяси жағдайлар зерттеледі, сарапталады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеулердегі әдістер жүйесі
Курстың мақсаты - белгілі бір объектіні (пәнді) анықтау және оның құрылымын, сипаттамаларын, байланыстарын ғылымда жасалған таным әдістерін қолдана отырып жан-жақты, сенімді зерттеу, сонымен қатар магистранттың қызметі үшін пайдалы нәтижелер алу және оларды практикаға енгізу. Аталған пән жекелеген әдістерге емес, зерттеушіге қажетті әдістер жүйесіне, іліміне негізделеді. Сонымен қатар ғылыми зерттеудің әдістер жүйесін, әрбір ғылыми әдістердің мазмұнын, ғылыми зерттеудің эмпирикалық әдістерінің теориялық әдістерден айырмашылығын, ғылыми зерттеулердегі нақты әдістердің қалай қолданылатынын қарастырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылым тарихы мен философиясы
Курстың мақсаты – магистранттарда ғылымның әлеуметтік институт ретінде дамуы туралы тұтас түсінікті қалыптастыру, сонымен қатар қазіргі ғылымның әдіснамалық негіздері мен мәселелерін меңгеру. Курс ғылым тарихын, ғылыми танымның философиялық негіздерін және ғылыми зерттеу әдіснамасын зерттеуге бағытталған. Ғылым мен философияның өзара байланысының тарихымен, оның ішінде нақты онтологиялық және гносеологиялық проблемалармен, сонымен қатар нақты ғылымдардың қазіргі жағдайындағы философиялық мәселелерімен таныстырады. Курс заманауи ғылыми жетістіктерді сыни талдауға және ғылыми зерттеу жұмысының әдіснамалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Шетел тілі (кәсіби)
Бұл пәннің мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болашақ магистрдің табысты кәсіби және ғылыми қызметі үшін қарым-қатынас құралы ретінде шет тілін (жоғары-базалық стандарттылық деңгейінде (С1) пайдалануға мүмкіндік беретін шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді игеру және жетілдіру болып табылады. Оқыту курсы білім беру бағдарламасына сәйкес кәсіби және академиялық контексте ағылшын тілін үйретуді қамтиды. Кәсіби және ғылыми саламен байланысты арнайы терминдерді үйретуге және оны белсенді қолдануға, сыни оқуға, мәтіндерді талдауға, тыңдау арқылы алынған ақпаратты қабылдауға, ғылыми жұмыстарды жазуға қажетті академиялық жазу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ академиялық ортада қарым-қатынас жасау үшін ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға баса назар аударылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Академиялық мақсаттағы араб/корей/ жапон/қытай/парсы тілі
Пәннің мақсаты – шығыс тілі саласындағы білімді жетілдіру; шығыс тілінде ғылыми басылымдар мен ғылыми зерттеулер жасау; тиісті коммуникация жағдайында ауызша және жазбаша тиімді қарым-қатынас жасауды үйрету. Академиялық салаға бағытталған магистранттардың негізгі шығыс тілі бойынша алған білімдері мен дағдыларын дамыту. Лексикалық қорды толықтыру, жаңа стилистикалық тәсілдерді меңгеру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шығыс елдерінің саяси мәдениеті (Қытай, Жапония, Корей, араб елдері, Иран)
Курстың мақсаты - білім алушыларға саяси мәдениеттің негізгі категориялары мен тұжырымдамаларын пайдалана отырып, шығыс елдерінің қазіргі қоғамдарының әртүрлі әлеуметтік топтарының саяси мәдениетіне қатысты іргелі теориялық және қолданбалы мәселелерді зерделеу, болашақ зерттеушілерге саяси мәдениеттің теориялық негіздері туралы білімдерін ғылыми тұрғыда Шығыстың қазіргі динамикалық және күрделі қоғамдарында болып жатқан әлеуметтік-саяси процестерді талдау үшін пайдалануға үйрету. Курс магистранттарды әлеуметтік институттар, нормалар, құндылықтар, қандай да бір әлеуметтік және саяси жүйелерге тән біртұтас саяси мәдениет түсінігімен таныстырады. Курста қазіргі Шығыс елдерінің дәстүрлі және қазіргі саяси мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы
Мақсаты: магистранттардың кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру, қазіргі педагогика ғылымының теориялық негіздерін меңгерту. Мазмұны: жоғары мектеп педагогикасы: пәні, міндеттері, қызметтері, педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орны. Жоғары білім құбылыстары мен процестерінің мәні, оның негізгі даму тенденциялары. Жоғары мектептің педагогикалық үдерісінің құрылымы. Студенттерді оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың технологиялары, әдістері мен формалары. Жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Шығыс тілінде ғылыми сараптамалық еңбектерді рәсімдеу (корей/ жапон/ қытай/ араб/ парсы)
Бұл пән оқыған тіл негізінде ғылыми-зерттеу жұмыстардың нeгізгі ұғымдары мен ережелерін жүйелі түрде түсіндіруге, ғылыми-сараптамалық еңбектердің дайындалу жолдарын, рәсімделуін үйретуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шығыс тіліндегі ғылыми еңбектерді талдау (корей/ жапон/ қытай/ араб/ парсы)
Бұл курста оқытылатын елдің әлеуметтік-экономикалық үдерістерінің даму тенденцияларын оқиды, аймақтағы басқа елдермен салыстырады, даму үдерісін зерттейді, әлемдегі орнын анықтайды және болжамдар жасайды. Бұл курстың мақсаты - шығыс тілінде ғылыми мақалаларды жазу және талдау дағдыларын игеру, магистранттардың академиялық сауаттылығын арттыру.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шығыс елдеріндегі қазіргі саяси үдерістер
Мақсаты - қазіргі тарихи процестің тұжырымдамалық-категориялық аппаратын игеру, шығыс елдерінің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірін қарастыру, Шығыстағы халықаралық қатынастардың дамуы, бағыты туралы түсінік пен болжам жасауға үйрету. Бұл курс қазіргі Шығыс елдеріндегі саяси процестердің ерекшеліктерімен, факторларымен және қоғамдағы үрдістерімен таныстырады. Курста жасанды интеллекті қолдану саяси құбылыстарды талдау, болжау және интерпретациялау мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді, терең зерттеулер жүргізуге және шығыстану саласында негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін озық цифрлық құралдарды пайдалануға көмектеседі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шығыс елдерінің экономикалық модернизациясы
Пәннің мақсаты – Шығыс елдеріндегі өзекті әлеуметтік-экономикалық міндеттерді түсіне алатын, сондай-ақ негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жолдарын зерттейтін шығыстану саласында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау. Бұл пән шығыс елдеріндегі экономикалық модернизация үдерісін зерттеуге, экономикасының даму, жаңғыру үрдістерін талдау үшін білім алушыларға қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Жасанды интеллектіні пайдалану арқылы мәліметтерді өңдеу және интерпретациялау, сыртқы экономикалық деректерді автоматтандырылған талдау жасау, сондай-ақ Шығыс экономикасына қатысты баяндамалар, заңдар мен ғылыми мақалаларды зерттеу мүмкіндігі қарастырылады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Шығыс елдерінің интеграциялық үдерістері
Курстың мақсаты – аймақтық саяси, экономикалық және мәдени реттеу жүйесінде орын алатын объективті интеграциялық процестер туралы ғылыми негізделген түсінікті дамыту. Пәннің негізгі мазмұны интеграция ұғымы, халықаралық ұйымдардың рөлі, олардың қызметінің заңдылықтары мен механизмдері туралы ғылыми түсініктерден құралады. Шығыс елдеріндегі интеграциялық құбылыстарды, үдерістер мен қазіргі кездегі болып жатқан мәселелерді бірізді әрі дәйекті түрде анықтауға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Басқару психологиясы
«Басқару психологиясы» курсы магистранттың ұлттық біліктілік шеңберіндегі басқарушы мамандардың біліктілік анықтамалығына сәйкес кәсіби қызметімен айқындалған басқарушылық міндеттерді шешу контекстінде магистранттардың әлеуметтік және басқарушылық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Курстың мақсаты- магистранттардың іс- әрекетінде одан әрі қолдану үшін басқару психологиясының әлеуметтік-психологиялық процестері, құбылыстары, қасиеттері және негізгі категориялары туралы білімді жүйелеу және тереңдету. Ол басқарушы тұлғасы, әлеуметтік құбылыс ретіндегі басқару және көшбасшылық ерекшеліктері, басқару қызметінің негізгі функциялары, басқару және көшбасшылық стильдері, басқару объектісі ретіндегі бағынушы тұлғасы, тұлғаның әлеуметтенуі, әлеуметтік құбылыс, бағыныштының ұйым жағдайына бейімделу процесінің ерекшеліктері, тұлғаның мінез-құлқы мен белсенділігін реттеу жүйесі, қарым-қатынас әлеуметтік құбылыс ретінде, басқарушылық қарым-қатынас ерекшеліктері және т.б. тақырыптарды қамтиды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Шығыс елдеріндегі қауіпсіздік саясаты
Аталған пәннің мақсаты ̵ магистранттарды Шығыс елдеріндегі қауіпсіздік саясаты бойынша алған білімдерін болашақ мансабында қолдануға үйрету Бұл курс теориялық негіздерді (қауіпсіздік саласындағы зерттеулердің эволюциялары, негізгі парадигмалар мен тұжырымдар) игеру, сондай-ақ шығыс елдеріндегі ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясатын зерттеуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шығыс өркениеттерінің дәстүршілдігі мен модернизациясы
Пән білім алушының назарын Шығыс қоғамының дамуындағы дәстүрлі мен заманауидың синтезі мен симбиозына аудара отырып, Шығыс өркениеттеріндегі дәстүршілдік пен жаңғыртылуды қарастырады. Курстың мақсаты – дәстүрлі шығыс қоғамдарының қалыптасу және қызмет ету ерекшеліктеріне, олардың эволюциясы мен модернизациялану процестеріне байланысты мәселелерді қарастыру, сондай-ақ студенттерге дәстүрлі және модернизация процестері туралы кәсіби түсінік қалыптастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Қытай/ Жапон/ Корей/ араб елдері/ Иранның діни және философиялық трактаттарын ғылыми талдау
Бұл пән білім алушыларды классикалық шығыстану негізінде шығыс елдерінің діни және философиялық трактаттарымен таныстыруға, әртүрлі кезеңдердегі шығыс тілінде жазылған классикалық жазба мұраларды оқу және талдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пәннің мақсаты ̵ орта ғасырдағы шығыс ойшылдардың философия, логика, этика, рухани және қоғамдық құрылымның өзекті мәселелеріне қатысты ойлары жүйелі түрде зерделеу.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Корей/Жапон/Қытай/Иран/ араб елдерінің деректануы мен тарихнамасы
Бұл курстың мақсаты - магистранттарға болашақ ғылыми жұмыстар үшін шығыс көздерін пайдалануға мүмкіндік беретін тұрақты білім мен дағдыларды қалыптастыру. Шығыс елдерінің деректануы мен тарихнамасының теориясы мен әдіснамасы туралы кешенді түсіндіру, білім алушыны әртүрлі тарихи деректер мен жұмыс жасауға үйрету.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 7
-
Жаһандану жағдайындағы оқытылатын шығыс тілі (араб, қытай, корей, парсы, жапон)
Пәннің өзектілігі жаһанданудың экономикалық, саяси және социологиялық аспектілерімен қатар тілдік өлшемді де қамтуымен анықталады. Оның процестерінің нәтижесінде әр түрлі тілдерде елеулі өзгерістер орын алады: тілдердің өзара енуі, экономика мен ғылымда үстемдік ететін тілдерден енген сөздердің басым болуы. Тіл арқылы Шығыс елдерінің өкілдері өздерінің болмысын, өзіндік ерекшелігін сақтауға тырысады. Бұл курстың мақсаты ̵ жаһандану жағдайында шығыс тілдерінің дамуына байланысты теориялық базаны меңгеру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шығыс елдеріндегі этноконфессиялық ахуал
Пән бойынша адамзаттың жаһандық дамуына ықпал етуші Шығыс елдеріндегі этноконфессиялық ахуал қарастырылады. Аймақтық және әлемдік қауіпсіздікке төнген қатерлердің пайда болуына жетелейтін өзекті этноконфессиялық мәселелер зерделенеді. Бұл пәннің мақсаты - этноконфессиялық қатынастардың негізгі принциптерін зерттеу, толерантты конфессияаралық диалог дағдыларына үйрету және тарихи жағдайлар мен заманауи процесстерді, тарихи-мәдени ерекшеліктер мен дәстүрлерді ескере отырып, этноконфессиялық топтардың әлеуметтік-экономикалық саяси жағдайының ерекшеліктерін қарастыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шығыс тіліндегі дискурсивті формалар (араб, қытай, корей, парсы, жапон)
Бұл пәнде білім алушылар оқитын тіл бойынша дискурсивті формалардың теориялықәдістемелік негіздерімен, қажетті білім мен ғылым саласындағы жетістіктерімен танысады. Алған нәтижелер бойынша әртүрлі дискурс түрлері (медиа, саяси, діни дискурс) бойынша сараптама жасайды. Бұл пәннің мақсаты – магистранттарды шығыс тілдеріндегі дискурсивті формалардың ерекшеліктерімен таныстыру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Негізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдау және кәсіби қызметте пайдалану.
- Заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игеру, педагогикалық менеджмент және жас ерекшелік психологиясын білу.
- Шығыс елдердегі әлеуметтік-мәдени, саяси-экономикалық үдерістерді талдау және кәсіби қызметтегі проблемалық міндеттерді анықтау және оларды табысты шешу.
- Шығыс тілдері мен шығыстануға қатысты пәндерді оқыту дағдыларын меңгеру және шығыс тілдерінде кәсіби және ғылыми қарым-қатынасты жүзеге асыру, академиялық және кәсіби қатынастар үшін заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) оқыту технологиялары қолдану.
- Ғылыми біліктілік жұмысы тақырыбына байланысты статистикалық зерттеулер жүргізе білу, саяси процестерді талдау, жаңалықтар ағынын бақылау және геосаяси үрдістерді анықтау үшін жасанды интеллектіні қолдану; түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтік желілерде өзекті мақалалар жариялау, ғылыми зерттеулер әдіснамасын білу.
- Оқытылатын елдің дамуының жалпы мәселелері туралы зерттеу жүргізіп, Шығыс елдеріндегі интеграциялық үдерістерді болжауға бағытталған ақпаратты жүйелей білу.
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарын әзірлеу және шығыс елдеріндегі үдерістерді талдай, даму тенденцияларына болжам жасай білу.
- Шығыс елдеріндегі түрлі мәселелер туралы ғылыми талдауды, есептерді, ақпараттық анықтамаларды құрастыра білу.
- Ғылыми мәтіндерді кәсіби саладағы коммуникация құралдары мен ғылыми-зерттеу нәтижелері негізінде қарастыра білу.