Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M05103 Молекулалық биотехнология және биомедицина в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Пәннің мақсаты: магистранттардың кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру, қазіргі педагогика ғылымының теориялық негіздерін меңгерту. Қысқаша мазмұны: жоғары мектеп педагогикасы: пәні, міндеттері, қызметтері, педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орны. Жоғары білім құбылыстары мен процестерінің мәні, оның негізгі даму тенденциялары. Жоғары мектептің педагогикалық үдерісінің құрылымы. Студенттерді оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың технологиялары, әдістері мен формалары. Жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджмент.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Басқару психологиясы..

    «Басқару психологиясы» курсы магистранттың ұлттық біліктілік шеңберіндегі басқарушы мамандардың біліктілік анықтамалығына сәйкес кәсіби қызметімен айқындалған басқарушылық міндеттерді шешу контекстінде магистранттардың әлеуметтік және басқарушылық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Курстың мақсаты- магистранттардың іс- әрекетінде одан әрі қолдану үшін басқару психологиясының әлеуметтік-психологиялық процестері, құбылыстары, қасиеттері және негізгі категориялары туралы білімді жүйелеу және тереңдету. Ол басқарушы тұлғасы, әлеуметтік құбылыс ретіндегі басқару және көшбасшылық ерекшеліктері, басқару қызметінің негізгі функциялары, басқару және көшбасшылық стильдері, басқару объектісі ретіндегі бағынушы тұлғасы, тұлғаның әлеуметтенуі, әлеуметтік құбылыс, бағыныштының ұйым жағдайына бейімделу процесінің ерекшеліктері, тұлғаның мінез-құлқы мен белсенділігін реттеу жүйесі, қарым-қатынас әлеуметтік құбылыс ретінде, басқарушылық қарым-қатынас ерекшеліктері және т.б. тақырыптарды қамтиды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Ақуыздық инженерия

    Протеомиканың биологиялық ғылымдар жүйесіндегі рөлі. Транскриптомика түсінігі: нысандары, әдістемесі және негізгі бөлімдері. Геномдық және протеомдық зерттеулердің заманауи технологиялық платформалары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Молекулалық геномика

    Геномика және молекулалық медицина. Геномиканың негізгі қағидалары. Ген және геномдар анализі. Рекомбинантты ДНҚ технологиясы. Клондалган гендердің функционалды сипаттамасы. Геномиканың негізгі қағидлары.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Иммуногенетика

    Адам иммуногенетикасы. Гемолитикалық аномалиялар. Зат алмасу аурулары. Канцерогенездегі иммуногенетикалық аспектілер. Канцерогенездік факторлар. Онкологиялық аурулардың иммундық жағдайының ерекшеліктері. Ісіктің иммунодиагностика, иммунопрофилактика және иммунотерапиясы. Ісікке қарсы иммунотеттегі клеткалық және гуморальдық механизмдердің рөлі. Ісіктің классификациясы (қатерлі, қатерсіз).

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Геномика мен протеомикадағы биоинформатика

    ДНҚ реттілігін талдау. Геномның секвенирленген реттіліктерін талдауда қолданылатын компьютерлік бағдарламалар. Ақуыздың амин қышқылды реттілігінің статистикасы. Дәлелдер және домендер. Ақуыздың ширатылуы. Ақуыз құрылымын алдын ала болжау, ақуыздың қызметі мен клеткалық орналасуын болжау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 8
  • Генотерапия

    Генотерапия: нысандары, технологиялар және технологиялық шешімдер, жетістіктер, мәселелері және даму болашағы. Имммунотерапиядағы гендік технологиялар. Адамның тұқым қуалайтын және жүре пайда болған генетикалық өзгерістерінің гендік терапиясы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Регенерацияның биомедициналық негіздері

    Ұлпалық инженерия: ұлпалар мен мүшелердің құрылымдық және функционалдық эквиваленттерін құрастыру. Биосәйкес келетін материалдар және биотехнология. Ұлпалық инженерияның жаңа материалдары. Ұлпалар мен мүшелердің регенрациясын басқаратын жасушалық және молекулалық механизмдер.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Бионанотехнологиялар

    Наноәлемнің негізгі түсініктері. Наноқұрылымды материалдардың физикалық химиясының негіздері. Наноқұрылымдарды құрастыру. Фундаменталды және қолданбалы зерттеулер: наноғылым мен нанотехнологиялар байланысы. Наноқұрылымдарды зерттеу әдістері. Медицинадағы бионанотехнологиялар. Биомедициналық зерттеулердегі және медициналық практикадағы наноқұрылымды материалдар және нанобөлшектер. Биомедициналық наноматериалдар. Генодиагномтикадағы және генотерапиядағы нанотехнологиялар. Табиғатты қорғауға арналған нанотехнологиялар. Нысан-мүшелерге дәрілік препараттар мен диагностикалық препараттарды жеткізудің нано��ехнологиялық аспектілері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Заманауи клиникалық диагностикасындағы ақуыз-маркерлер

    Ақуыз-маркерлерінің сандық және сапалық зерттеу әдістері. Диагностиканың заманауи молекулалық-генетикалық әдістері, кейбір мультифакториалды ауруларға молекулалық-генетикалық талдау, онкологиядағы молекулалық-генетикалық талдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Генетикалық аурулардың молекулалық негіздері

    Курс тұқым қуалайтын аурулардың патогенезінің негізінде жатқан генетикалық және эпигенетикалық процестерді, олардың семиотикасын, сонымен қатар адам геномын зерттеудің молекулалық-генетикалық және цитогенетикалық әдістерін зерттейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Эукариоттардағы гендер экспрессиясының молекалық реттілігі

    Эпигенетиканың молекулалық негіздері – эпигенетикалық тұқым қуалаудың заңдылықтарын, ДНҚ тізбегімен байланысты емес механизмдердің себебінен туындаған гендер экспрессиясы және жасуша фенотипінің өзгеруін зерттеу. Прокариоттар және эукариоттар гендерінің активтілігін реттеу. Промоторлар және энхансерлар. РНҚ сплайсингі. РНҚ: тасымалдау және локализация. РНҚ-редакциялау. РНҚ деградациясы. РНҚ интерференциясы. Кіші РНҚ. Каталитикалық РНҚ.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы және философиясы

    Курс ғылым тарихын, ғылыми танымның философиялық негіздерін және ғылыми зерттеу әдіснамасын зерттеуге бағытталған. Курстың мақсаты – магистранттарда ғылымның әлеуметтік институт ретінде дамуы туралы тұтас түсінікті қалыптастыру, сонымен қатар қазіргі ғылымның әдіснамалық негіздері мен мәселелерін меңгеру. Курс ғылым мен философияның өзара байланысының тарихымен, оның ішінде нақты онтологиялық және гносеологиялық проблемалармен, сонымен қатар нақты ғылымдардың қазіргі жағдайындағы философиялық мәселелерімен таныстырады. Курс заманауи ғылыми жетістіктерді сыни талдауға және ғылыми зерттеу жұмысының әдіснамалық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Шет тілі (кәсіби)

    Бұл пәннің мақсаты еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болашақ магистрдің табысты кәсіби және ғылыми қызметі үшін қарым-қатынас құралы ретінде шет тілін (жоғары-базалық стандарттылық деңгейінде (С1) пайдалануға мүмкіндік беретін шет тілін оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес құзыреттерді игеру және жетілдіру болып табылады. Оқыту курсы білім беру бағдарламасына сәйкес кәсіби және академиялық контексте ағылшын тілін үйретуді қамтиды. Кәсіби және ғылыми саламен байланысты арнайы терминдерді үйретуге және оны белсенді қолдануға, сыни оқуға, мәтіндерді талдауға, тыңдау арқылы алынған ақпаратты қабылдауға, ғылыми жұмыстарды жазуға қажетті академиялық жазу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ академиялық ортада қарым-қатынас жасау үшін ауызша сөйлеу дағдыларын дамытуға баса назар аударылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • ГМА биоқауіпсіздігінің құқықтық негіздері

    Гендік инженерлік кәсіптің халықаралық құқықтық реттелу мәселелері, гендік инженерлік технологиялар өнімдеріне тұрғындар мен әртүрлі мемлекеттер әкімшіліктерінің көзқарасы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • ГМА биоқауіпсіздігі мен қауіп-қатерлері

    Геномның құрылымы мен қызметі туралы жалпы түсінік, ГМА алудың заманауи технологиялары. ГМА және олардан алынған өнімдердің биологиялық қауіптілігін бағалау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Биологиялық макромолекулаларды бөліп алу және тазарту әдістері

    Биологиялық макромолекулаларды бөліп алу әдістері (электрофорез, хроматография және т.б). Зерттеудің хроматографиялық және спектральды әдістері (ядролық магниттік резонанс спектроскопиясы, ИК-спектроскопия, газ-сұйықтықтық хроматография, хроматомасс-спектрометрия және т.б).

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Апоптоз және некроз механизмдері

    Бағдармаланған жасушалық өлімді жарықтық, электронды микроскопия әдістерімен бақылау. Жасуша апоптозының морфологиялық және биохимиялық белгілері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бос радикалды процестерді реттеу механизмдері

    Бос радикалдық процесстерді зерттеудің заманауи медицинадағы рөлі. Тірі жасушларда кездесетін бос радикалдар. Бос радикалды биология және медицинаның зерттеу әдістері: негізгі қағидалары және әдістемелік жолдары.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • БАЗ-ды бөліп алу және тазарту әдістері

    БАЗ-дың химиялық құрылысы және биосинтезі бойынша жіктелуі. БАЗ-ды сандық және сапалық зерттеу әдістерінің жіктелуі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеулердің методологиялық негіздері

    Ғылыми зерттеу стратегиясын өңдеу, алынған қорытындылар бағасы және сараптамасы. Тәжірибені жоспарлаудың негізгі ұғымдары мен принциптері; оптималдылық (оңтайлылық) критерийлері, эксперименталды жоспарларды жасаудың әртүрлілігі мен ережелері; Зерттеу объектісінің математикалық моделінің параметрлерін есептеу әдістері, олардың маңыздылығын бағалау және алынған модельдің дұрыстығын (оңтайлылығын) бағалау.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • ОН1 - негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады.
  • ОН2 - заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игере білу
  • ОН3 - жүргізіліп жатқан іргелі зерттеулер мен технологиялық әзірлемелерді ғылыми, патенттік және маркетингтік қамтамасыз ету мақсатында биотехнология саласындағы және сабақтас пәндер бойынша мәліметтерді жинауды талдау, кешенді талдау және ғылыми ақпарат пен техникалық құжаттаманың аналитикалық синтезін жүргізу; ғылыми зерттеулерді жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын меңгеру, эксперименттердің нәтижелерін дұрыс өңдеу, тұжырымдар жасау, ғылыми нәтижелерді (мақалалар, тезистер, диссертациялар) әзірлеу әдіснамасын меңгеру
  • ОН4 – биотехнология өнімдерінің сапасын басқару жүйесін Қазақстандық талаптарға және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес іске асыру дағдыларына ие болу
  • ОН5 – биологиялық объектілердің құрылымдық және функционалдық ұйымдастыру принциптерін және олардың қызметінің механизмдерін біледі; молекулярлық-биологиялық және биохимиялық әдістердің кең спектрін, оның ішінде эукариот жасушаларын өсіру, геномдық ДНҚ және РНҚ-ны бөліп алу, гендерді ПТР-мен амплификациялау және секвенирлеу, плазмидалар бөліп алу және анықтау, рестрикциялық талдау; электрофорез, генотиптеудің әртүрлі әдістерін, хроматографиялық әдістерді, биотехнологиялық өнімнің қауіпсіздігін талдау және бақылау әдістерін меңгерген.
  • ОН6 – про - және эукариоттық жасушалардың әртүрлі сатыларда гендерді реттеу мен экспрессиясының молекулалық пост-транскрипциялық механизмдері өтетін негізгі метаболикалық үрдістерді қамтитын геномдардың құрылымдық ерекшеліктері мен эволюциясы аясында теориялық білімді шығармашылықпен пайдалана алy
  • ОН7–қолданбалы және іргелі сипаттағы биохимиялық, биотехнологиялық, медициналық және фармакологиялық міндеттерді шешу үшін геномдық, протеомдық талдау деңгейінде биоинформатика әдістерін меңгеру; биоинформатикалық бағдарламалармен және ресурстармен жұмыс істеу, ғылыми және практикалық міндеттерді шешу үшін биологиялық ақпаратты жинауды, өңдеуді, интерпретациялауды өз бетінше жүзеге асыру; in vitro жасушаларымен жұмыс істеу әдістерін меңгеру, диагностика және емдеу үшін жасушалық культураларды пайдалану; бионотехнологиялар бойынша зерттеулерге қатысу дайындығын көрсету
  • ОН8– биотехнологиялық өнімдерді алудың жаңа тиімді жолдарын әзірлеуі мен іздестіруін жүргізу, ДНҚ технологиясы мен жасушалы технологияларды қоса отырып, заманауи биотехнологияларды құру. Биосинтез өнімдерін бөліп алуға, анықтауға және талдауға, биологиялық препараттардың жаңа штамм-продуценттерін алуға қабілетті болу.
Top