Жаңа білім беру бағдарламасы

8D01710 Қазақ тілі мен әдебиеті в Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

Пәндер

  • Көркем мәтін теориясы

    Шығарманың мәселесі және мотивi. Шығармадағы тақырып пен мәселе, тақырып пен идея, тақырып пен мотивтің өзара байланысы. Көркем шығарма құрылымының компоненттері. Шығарма композициясының шарттылануы – шығармадағы ақиқатты суреттеудегі шынайы заңдылықтар мен көркем әдістер, шығарма жанрлары. Көркем шығарманың тілі. Көркем сөйлеудің стилистикалық өзгешелігі. Көркем сөйлеудің басқа формаларымен байланысы. Көркем сөйлеудің құрамы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Пән зерттеу жұмысын ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік мәселелерін, әдіснамалық аппаратты зерделеуге, гипотезаны тексеру үшін зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістерін негіздеу мен қолдануға, ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруда ғылыми логика заңдарын, стандарттарды пайдалануға бағытталған; білім алушылар практикада модельдеуді және зерттеу нәтижелерін жүйелі талдауды қолдана отырып, ғылыми менеджмент қағидаттары негізінде психологиялық-педагогикалық эксперимент жүргізу әдістерін меңгереді. Жүргізілген экспериментті кешенді бағалау жүзеге асырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мәтінтану және сөз аясы

    Пәннің зерттелуі; мақсаты мен міндеті. Мәтінтану – кез келген мәтінлі оқу және оны түсіндіру, содан кейін жариялау мақсатында оны сыни тексеру пәні болып табылатын филологиялық пән. Мәтінтану зерттеудің салыстырмалы, тарихи-әдеби, әдебиеттанушылық және кітаптану әдістеріне негізделе отырып, мәтінді оқыту қағидаларын, әдістемесі мен тәсілдерін түсіндіреді. Курс мақсаты –студенттердің мәтіндік талдау дағдыларын меңгеруі, Курс міндеті – үйренген тәсілдерді өз бетінше қолдана алуы "Орфография мен пунктуация", "Мәтінді нақтылау", Атрибут", "Шығармалық мәтіннің орналасу реті" тақырыптары мәселелерін түсініп қабылдауы. Контекст мәселесі. Оның сөзді түсінудегі қызметі. Дербес сөз бен мәтін ішіндегі сөз мәні туралы түсінік. Контекстік мағына мен мазмұн.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақстандағы қазіргі әдеби үрдіс

    Қазіргі әдебиеттану бағыты мен ағымдары; жаңа бағыттардың пайда болуы; алғы шарттары. Әдебиеттегі ғасыр тоғысынан туындаған әдеби өзгерістер. Әдеби тілдік қолданыстар, көркемдік қолданыс ерекшеліктері. Әдебиет теориясындағы тың тұжырымдар. Әдебиеттану ғылымында әдебиеттің басты қызметі. Қазіргі әдебиеттану ғылымындағы герменевтикалық, құрылымдық,семиотикалық зерттеу тәсілдері. Әдебиеттану ғылымындағы структуралистік тәсілдің ерекшелігі.Структуралистік поэтиканың негізгі ұстанымы. Прозалық шығармалар талдаудағы фоника, метрикалардың орны – шығарма фабуласы мен сюжеті; уақыт пен кеңістік.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Қазақ тіл білімінің семантика теориясы

    Пәндік курстың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері. Тіл мазмұны. Мағына ілімі. Мағына ілімі туралы негізделген тұжырымдар. Тілдік бірліктердің мағыналық құрылымы мағыналық қызметтің құрылымдық сипаттан жаңа талдамалық, танымдық зерттеуге түсу; Мағына, мазмұн, ұғым байланысы. Сөз мағынасы мен мазмұн. Аталым теориясы туралы. Әрекет, мазмұн, атау. Сөз мағынасы мен сөз аясы. Семантикалық ұшбұрыш; тілдік таңба теориясы. Макромағыналар Денотат пен референт түсінігі. Сигнификаттық, реляциялық мағына. Метафоралы, фразелогиялық мағына.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазіргі әдебиеттану бағыты

    Қазіргі әдебиеттану бағыты мен ағымдары; жаңа бағыттардың пайда болуы; алғы шарттары. Әдебиеттегі ғасыр тоғысынан туындаған әдеби өзгерістер. Әдеби тілдік қолданыстар, көркемдік қолданыс ерекшеліктері. Әдебиет теориясындағы тың тұжырымдар.Әдебиеттану ғылымында әдебиеттің басты қызметі. Қазіргі әдебиеттану ғылымындағы герменевтикалық, құрылымдық,семиотикалық зерттеу тәсілдері. Әдебиеттану ғылымындағы структуралистік тәсілдің ерекшелігі. Структуралистік поэтиканың негізгі ұстанымы Прозалық шығармалар талдаудағы фоника, метрикалардың орны – шығарма фабуласы мен сюжеті; уақыт пен кеңістік Әдебиеттану ғылымындағы герменевтикалық тәсіл. Герменевтика – мәтінді игеру теориясы мен мағынаны түйсіну ғылымы. Әдеби герменевтика. Әдебиеттанудағы жаңа ұстанымдар мен қағидалар.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Мәтін және дискурс теориясы

    Мәтін лингвистикасының өзіндік ерекшеліктері, бағыттары. Мәтін талдау, мәтінтану. Дискурс, үш деңгейлі құрылым: суперқұрылым; байланыс құрылымы; синтаксистік құрылым. Ғалымдардың дискурс терминіне берген анықтамалары. Мәтін мен дискурстың айырмашылығы. Дискурстың әлеуметтік салаға тиесілі категория екендігі, ал мәтіннің лигвистикалық категорияға тәуелділігі.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Қазақ тілінің жалпы курсы

    Қазақ тілінің тарихтан бүгінге жалғасқан Қазіргі қазақ тілінің ахуалы. Қазақ тілінің тарихына тоқала отырып, бүгінгі жағдайын саралау. Мемлекеттік тіл дамуындағы өсекті мәселелерді дәлелді талдау.Қазақ тілінен бұрын меңгерген білім, дағды негіздерін жетілдіру, жоғары курстарда өтілетін ғылыми курсқа дайындау және тілдік нормаларды сақтап сауатты жаза білуге, әдеби тілде мәдениетті сөйлей білуге дағдыландыру.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Академиялық хат

    Курс жазбаша жұмыстың барлық түрін қолданыстағы талаптарға сай құрастыру, жазу дағдыларын дамытуға бағытталған. Болашақ мұғалімдер қарым-қатынас және топтық жұмыс технологиясын, коммуникация стратегияларын меңгереді. Болашақ мұғалімдер академиялық жазудың ерекшеліктерін, жазбаша жұмыс түрлерін академиялық адалдық қағидаттарына сәйкес дұрыс жазуды және құрастыруды зерттейді. Құзыреттілікті меңгерген болашақ мұғалімдер: • қолданыстағы талаптарға сәйкес жазбаша жұмыстарды: ғылыми эссе, тәжірибелік зерттеу есебі, жоба қызметінің сипаттамасы мен нәтижелері және т.б. құрастырады және рәсімдейді • зияткерлік меншік құқықтарын сақтау үшін сілтеме жүйелерінің біріне ақпарат көздерін құжаттайды • ғылыми басылымдардың деректер қорымен, библиографиялық дереккөздермен жұмыс істейді, пайдаланылған дереккөздерге сілтеме жасайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ахметтану

    Ахмет және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі ахметтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету; /Қазақ тілінің жалпы курс мақсаты- тіл біліміндегі осы заманғы ғылыми концепциялар мен жетістіктер туралы мәлімет беру. Қазақ тілінің құрылымы мен теориялық мазмұнын терең меңгерту; мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен техникалық жетістіктерін іс - жүзінде пайдалана білуге үйрету; ағымдағы әдеби үдерістің жай-күйінен жаңа мәліметтер беру және қалыптастыру;

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3

Оқыту нәтижелері

  • Тіл ғылымы мен әдебиеттану бағыты негізінде басқа ғылым салаларының ұлттық ғылыми тілдік дамуын жетілдіру үшін ғылыми әдістер ұсына білу
  • Өз саласы бойынша зерттеулік дағдылар мен зерттеу әдістерін меңгеріп, білім беруде, оқытуда, зерттеулік тәжірибеде қолдана алу
  • Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының ішкі салалық ілімдерін игеріп, білім беру жүйесінде, қоғамдық талқылауда, кәсіби қызметте, ғылыми зерттеу жүргізуде қолдана алу
  • Тіл білімі мен әдебиеттану ғылымы бойынша маңызды тұжырымды ұғынып, талдауда, ойлап, шешім шығаруда ғылыми бейімділігінің (қабілетін) көрсете алу
  • Кәсіби бағытта ұйымдастыру жұмысын жүргізуде, басқару шешімін беруде тың әрі күрделі ғылыми тұжырымдарды сыни талдап, ой қорытып, жинақтап, бағалай алу
  • Қазіргі білім беру жүйесінде тіл-әдебиет бағыты жағынан қоғамның технологиялық, әлеуметтік мәдени дамуына академиялық, кәсіби көмек бере білу
  • Қазақстандағы тіл мен әдеби бағыттың даму заңдылықтарын, қолданыстық ерекшеліктерін, ғылыми негіздерін саралап, өз тарапынан ғылыми жобалау жасап, тұжырым бере білу
  • Кез келген жағдайда өзінің кәсіби құзіреттілігін,толыққанды ғылым иесі екенін, тілдік тұлға қалыптастырушы шеберлігін таныта алу
  • Тіл білімі мен әдебиеттану бағыты бойынша ғылым саласын дамытуға арналған түпнұсқа ғылыми зерттеу нәтижесін ұлттық, халықаралық деңгейде жариялап, ғылыми айналымға енгізе алу
  • Тіл білімі мен әдебиеттану бағыты бойынша заман талабына қарай туындаған өзекті мәселелерді талқылап, талдап, өз ұстанымдарын көрсете алу
  • Басқа ғылым саласы бойынша ақпаратты игеріп, оларды тіл білімі мен әдебиеттануда қолданып, қол жеткізген білімдері мен ғылыми жетістіктерін көпшілікке, әріптестері мен ғылыми ортаға танытып жеткізе алу
  • Тіл білімі мен әдебиеттану бағытында зерттеу жұмысын жүргізуде зерттеу әдіснамасын жүйелі түсінгенін көрсету
Top