Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02210 Археология в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Пәндер

  • Абай ілімі

    Мақсаты – болашақ мамандардың бойында өзін-өзі тану қабілетін қалыптастыру, Абай ілімін қазіргі Қазақстанның руханилығы мен зиялылығының негізі ретінде пайдалану, ел бірлігін және қоғамның азаматтық ынтымағын нығайту мақсатында өзінің кәсіби білімін, түсінігі мен қабілеттерін гуманизм және білім беру призмасы арқылы қолдана білу. Оқытылатын болады: Абай ілімі туралы түсінік; оқыту қайнары; Абай ілімінің құрамдас бөліктері; Абай ілімінің категориялары; Абай ілімін өлшеу құралдары; Абай ілімінің мәні мен мағынасы.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері

    Пәннің мақсаты: сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қағидалары мен нормаларын қолдануды іс-жүзінде көрсете білу, жауапкершілік қабілетін қалыптастыру, азаматтық-құқықтық жауапкершілікке ие болып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің жүйесі мен қызметі, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі оқытылатын болады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әл-Фараби және қазіргі заман

    Пәннің мақсаты: студенттердің әлемдік және ұлттық мәдениеттің даму контекстіндегі ұлы түркі ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми және философиялық мұрасы туралы түсініктерді қалыптастыру. Әл-Фараби мұрасының ерекшеліктері және оның түркі философиясының қалыптасуына тигізген әсері; шығыс философиясының Еуропалық Ренессансқа әсер ету сипаты; ұлттық және әлемдік философия тарихының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі

    Мақсаты-адамның табиғатпен өзара әрекеттесу жағдайларын үйлесімді оңтайландыру қағидаттарын іске асыратын табиғатты пайдаланудың заманауи тұжырымдамаларына негізделген бірқатар негізгі құзыреттерді қалыптастыру. Оқытылатын болады: адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи ресурстарды тұрақты дамыту, сақтау және молайту қағидаттары, тәуекелдерді бағалау және азайту әдістері, қауіптерден, апаттардың салдарын жою шаралары, табиғи апаттар, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаны ұтымды басқару.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіпкерлік

    Мақсаты: экономикалық ойлау тәсілін; коммерциялық іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға бағытталуды қалыптастыру үшін қажетті өз бизнесін құрудың теориясы мен практикасы саласында базалық білімдерді қалыптастыру. Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнестің ішкі және сыртқы ортасының негізгі шарттары; мемлекеттік реттеу және мемлекеттің кәсіпкерлік орта үшін рөлі мәселелері қарастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Археологияға кіріспе

    Пәннің мақсаты: студенттердің археология туралы, негізгі зерттеу әдістері, ғылыми бағыттар мен мектептер туралы білімдерін қалыптастыру, ежелгі мәдениеттер тарихының жалпы заңдылықтарын, тарихи кезеңдер бойынша ежелгі қоғамдарды археологиялық сипаттау дағдыларын қалыптастыру. Пәнді зерделеу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: археологиялық ғылымды дамыту; археологияның даму тарихы, негізгі әдістері; жаратылыстану ғылымдары және археология.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Ғылыми зерттеудің әдістері

    Мақсаты: әдіснамалық және ғылыми мәдениетті қалыптастыру; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуде білім, білік және дағдылар жүйесін қалыптастыру. Зерттеудің жалпы ғылыми әдістері, оның ішінде ғылыми білімнің объективті мазмұнын табу үшін ғылыми ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, талдау, синтездеу, жалпылау және дәлелдеу әдістері зерделенеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржы сауаттылығының негіздері

    Пәннің мақсаты: қаржылық ақпаратты түсіну мен олардың жеке қаржы мәселелеріне қатысты сауатты және негізделген шешімдер қабылдау үшін студенттерде ұтымды қаржылық мінез-құлықты қалыптастыру, сонымен қатар сыни тұрғыдан бағалау қабілетін арттыру, қаржылық құралдарды, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалану арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты процестерді талдау.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Адамзаттың тарихилыққа дейінгі эволюциясы

    Пәннің негізгі мақсаты – адамзат қоғамының даму заңдылықтарын түсіндіру, оның шаруашылық және қоғамдық қызметтерінің ерте кезеңдегі дамуын объективті-тарихи түрде қалыптастыру. Пәнді оқу барысында келесі аспектілер қарастырылады: антропологиялық, этнографиялық, археологиялық деректер бойынша адамзаттың даму тарихын зерттеу.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Археологиялық зерттеу әдістері

    Пәннің мақсаты студенттерді адамзаттың тарихи-мәдени кезеңдері бойынша археологиялық зерттеу әдістері негізінде тарихи шынайылықты сипаттауын қалыптастыру және жұмыс істеуге дағдыландыру. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Археологиялық ескерткіштер және оның түрлері. Мәдени қабат және стратиграфия. Археологиялық барлау және оның түрлері. Археологиялық қазба. Қорымдарды қазу әдістері.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Физикалық антропология негіздері

    Пәнді оқудың мақсаты-студенттерді адамдар мен адам нәсілдерінің физикалық қалыптасу үдерісімен, дамуымен таныстыру. Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: адам денесінің морфологиясы, генетика, антропогенез, нәсілдер, адам биологиясын зерттеудің заманауи әдістері, физикалық антропология мен археологияның байланысы, екі пәннің өзара әрекеттесу әдістері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Палеонтология негіздері

    Пәннің мақсаты көне организмдердің түрлік құрамы, олардың морфологиясы, көне организмдердің өмір сүруі және олардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы, бактериялар мен цианобионттардың, өсімдіктердің және жануарлардың ірі топтарының дамуының негізгі бағыттары туралы түсінік қалыптастыру. Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: палеонтологияны зерттеу әдістері, палеогенетика, қазба жануарларының түрлері, ежелгі орнанизмдердің жіктелуі, палеоботаника, палеозоология.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Геология негіздері

    Мақсаты: жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы мен дамуын және органикалық әлем эволюциясының негізгі кезеңдерін зерттеу. Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: геологиялық жас туралы түсінік, шөгінді, магмалық және метаморфтық жыныстардың салыстырмалы жасын анықтау әдістері, халықаралық геохронологиялық (стратиграфиялық) шкала, жердің геологиялық жасы.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Тас ғасыры археологиясы

    Пәннің мақсаты - студенттердің тас ғасырына тән археологиялық мәдениеттер мен ескерткіштердің пайда болған кезеңдерін, сол дәуірде пайда болған археологиялық мәдениеттер мен ескерткіштер туралы көз-қарастарын қалыптастыру. Пәнді оқу барысында келесі аспектілер қарастырылады: Тас ғасырының кезеңделуі мен хронологиясы. Кезеңнің зерттелу тарихы мен маңызды ашылулары. Тас ғасырының мәдениеттері мен археологиялық ескерткіштері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Қола дәуірі

    Пәннің мақсаты: студенттерді қола дәуірінің археологиялық ескерткіштері мен мәдениеттерімен таныстыру. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Қола дәуірі кезіндегі Еуразия. Кезеңдеу мен мерзімдеу мәселелері. Қола дәуірі өнері. Қола дәуірі кезінде Еуразия территориясын мекендеген тайпалардың локалді мерзімдік ерекшеліктері. Еуразия мен көршілес аймақтардағы қола дәуірі мәдениеттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары мәселелері.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 3
    Несиелер - 5
  • Антикалық археология

    Пәннің мақсаты: студенттердің антикалық дәуір тарихы туралы түсініктерін қалыптастыру: тайпалардың шаруашылығы, тұрмысы, өнері. Сонымен қатар, археологиялық мәдениеттері және кезеңдеу мәселелерін саралауға дағдыларын қалыптастыру. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Антика дәуірінің зерттелу тарихы. Аппенин түбегінің ерте темір дәуірі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 6
  • Археогенетика

    Мақсаты: генетикалық әдістерді қолдана отырып, алғашқы адамдардың шығу тегі мен көші-қоны, сондай-ақ басқа топтармен өзара қарым-қатынасы туралы түсінік беру. Пәнді зерттеу барысында келесі аспектілер қарастырылады: генетикалық маркерлер, көші-қон, археологиядағы ДНҚ-ны зерттеу, археогенетикалық әдістер, молекулалық генетика негіздері, археологиялық мәліметтерге молекулалық генетиканың статистикалық әдістерін қолдану.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 5
  • Геодезия және топография негіздері

    Пән мақсаты: жер бетінің тұтас, жекелеген аумақтары мен учаскелерінің картографиялық кескінін топографиялық-геодезиялық қамсыздандыру туралы ой қалыптастыру. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: топографиялық және тақырыптық карталарды құрастыру мен жаңарту; ҚР мемлекеттік геодезиялық жүйесі; Картографиялық шығармалардың түрлері; Географияда қолданылатын координаталар жүйесі.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 4
    Несиелер - 6
  • Орталық Азияның ежелгі және ортағасырлар архитектурасы

    Пәннің мақсаты: қазақ және басқа да көршілес этностардың ежелгі және ортағасырлық монументалдық өнері мен архитектурасы, ауданның әлеуметтік- мәдени өміріндегі ролі туралы негізгі түсінік беру. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Ежелгі және ортағасырлық Орталық Азияның зерттелу тарихы. Самарқанд, Бұқара, Хиуа, Шахрисабз архитектуралық ескерткіштері, Орталық Азиядағы архитектура және қала салу ісі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Геодезиялық аспаптану

    Пән мақсаты: студенттердің геодезиялық аспаптар және оларды ұқыпты қолдану бойынша кәсіби білітілігін қалыптастыру. Пәнді оқытуда келесі аспектілер қарастырылады: геодезиялық аспаптар, олармен жұмыс істеу, ұқыпты сақтау және ұстау, және де оларды бақылау, зерттеу, тексеруден өткізу мәселелерін шеудегі негізгі кәсіби біліктіліктерді қалыптастыру.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Еуразияның ортағасырлар археологиясы

    Пәннің мақсаты-археологиялық дереккөздер контекстінде Еуразия аумағындағы ортағасырлық археологиялық ескерткіштерін түсіну және зерттеу қабілетін қалыптастыру. Пән студенттердің ортағасырлық археология, халықтардың материалдық және рухани мәдениеті, ортағасырлық қалашықтарды және осы кезеңдегі басқа археологиялық орындарды зерттеу тарихы туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Музейтану

    Пәннің мақсаты студенттердің музейтану және музейлерді жіктеу саласындағы негізгі ұғымдары туралы білімдерін, музейдегі ғылыми жұмыс типтері мен негізгі түрлерін, құрылымын, музейлік экспозицияларды құру ерекшеліктерін және мазмұнын, музейлердің қызметіндегі мәдени-білім берудің мәні мен ерекшелігін қалыптастыру болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Қазақстан петроглифтері

    Пән мақсаты: жартас бетіндегі суреттер және олардың салыну уақыты мен гегографиялық орналасу ерекшеліктері туралы ой қалыптастыру. Осы пәнді оқыту аясында Қазақстан мен Еуразия аумағында кеңінен таралған жартас бетіндегі суреттер туралы түсінік беріледі. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Қазақстан петороглифтерінің зерттелу тарихы; әр түрлі уақыт аралықтарына жататын петроглифтер ерекшеліктері; жартас бетіндегі суреттерді салыну техникасы мен күрделілігіне қарай ажырату.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Әскери іс археологиясы

    Мақсаты: қару-жараққа, әскери іске, әскери құрал-жабдықтарға, әскери-қорғаныс ісіне және жалпы әскери мәдениетке қатысты түсінік қалыптастыру. Пәнді зерделеу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: жауынгерлік жерлеу орындар, еске алу құрылыстары, ат-әбзелдер, ежелгі және ортағасырлық тайпалардың қару-жарақтары, суық қару түрлері, жақын және алыс қашықтықтағы қару-жарақ түрлері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Дүниежүзі тарихы

    Пәннің мақсаты әлем елдерінің тарихи дамуын оқыту болып табылады. Оқыту барысында басты тарихи оқиғалар олардың себептері мен жүргізулері қазіргі халықаралық системаның даму тенденцияларын маңызы оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Этноархеология

    Пәннің мақсаты этноархеологияның ерекшеліктері, қалыптасу тарихы және оқу әдістері туралы түсінік қалыптастыру. Пәнді оқу барысында келесі аспектілер қарастырылады: археологиялық материалдарды интерпретациялау, адам қызметінің түрлері, эксперименталды археология, ежелгі тайпалардың дәстүрлері мен сенімдері, культурогенез, социогенез.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Трасология және трасологиялық сараптама

    Пәннің мақсаты археология аясында материалдық іздер мен заттарды зерттеу кезінде студенттердің трасология саласында арнайы білімдерін, ғылыми-әзірленген әдістемелер мен техникалық құралдарды қолданудағы біліктері мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Пәнді оқу кезінде білім алушы трасологияның міндеттері, ғылыми негіздері мен әдістері, трасологиялық сәйкестендіру сараптамасы әдістемесінің негізгі ережелері, керамиканы трасологиялық сараптау туралы білім алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 5
    Несиелер - 5
  • Археологиядағы керамика

    Пәннің мақсаты - археологиядағы қыш өндірісін зерттеу мәселелері туралы түсінік қалыптастыру, қыш бұйымдарын зерттеу әдістерін, ежелгі қыш өндірісінің технологияларын, мерзімдеудің өзекті мәселелерін және далалық жағдайда қыш бұйымдармен жұмыс істеу әдістерін қарастыру. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Зерттелу деңгейі, қыш жасау технологиялары, қыш бұйымдарының уақытын анықтау мәселелері, далалық және камералдық жағдайдағы керамикамен жұмыс істеу, реставрация және консервация.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениет пен өркениет

    Пәннің мақсаты: Ұлы Жібек жолы бойында қалыптасқан мәдениет пен өркениет туралы, тармақтары жайында білімдерін қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Ерте ортағасырлық мемлекеттердің зерттелу тарихы. Түрік қағанаты. Ұлы Жібек Жолы бойындағы ортағасырлық қалалар. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу ортағасырлық қалалары. Керуен сарайлар.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Археологиядағы сандық әдістер мен технологиялар

    Пәннің мақсаты: археологиялық зерттеулер жүргізу барысында заманауи технологияларды пайдалану туралы білімді қалыптастыру болып табылады. Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: географиялық ақпараттық жүйе, аэрофототүсірілім, цифрлық карталар, 3D модельдеу, виртуалды шындық, спутниктік түсірілім.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Монументалды өнер

    Пәннің мақсаты ежелгі және ортағасырлық археологиялық, архитектуралық және басқа да ескерткіштер туралы түсінік қалыптастыру. Осы пәнді зерделеу барысында мынадай аспектілер қарастырылады: мегалитикалық құрылыстар, мүсіндер, балбалдар, монументалды-сәндік кескіндеме, сәулет құрылыстары, ежелгі құрылыстарды зерттеу әдістері, сәулет стильдері, ежелгі мәдениеттердің монументалды өнерінің ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 6
  • Мәдени антропология

    Пәннің мақсаты: этностың рөлі мен маңыздылығын, әлем халықтарының дәстүрлі өмір салтының этномәдени ерекшеліктерін, этникалық қауымдастықтар және олардың мәдениетке қосқан үлесін бағалау қабілетін қалыптастыру. Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: әлемнің этникалық көрінісі, антропологиялық, тілдік және шаруашылық-мәдени жіктелуі, этногенез және этникалық тарих, әлем халықтарының дәстүрлі және қазіргі заманғы мәдениетінің сипаттамасы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Тарихи өлкетану

    Пәннің мақсаты - студенттердің өлкетану жұмыстарын өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру. Келесі мәселелер қарастырылатын болады: өлкетану тарихы, өлкетану ғалымдарының өлкені археологиялық, этнографиялық, жаратылыстану тарихын зерттеуге, тарихи-мәдени мұраны сақтауға, алғашқы музей қорларын құруға қосқан үлесі. республика аумағы; ең көрнекті өлкетанушылардың тұлғалары мен қызметі.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Палеоэкологиялық археология

    Пәннің мақсаты: алғашқы адамдардың тіршілік ету ортасы, флора, фауна және көне табиғатты зерттеу әдістері туралы түсінік қалыптастыру. Пәнді оқу барысында келесі аспектілер қарастырылады: палеонтология, ежелгі ағзалар, экологиялық факторлар, ландшафт, ежелгі қоғамдарды қайта қалпына келтіру, тафономия.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Археологиялық ескерткіштерді қорғау, реставрациялау және консервациялау

    Пәннің мақсаты студенттерге археологиялық және этнографиялық материалдарды консервациялау және қалпына келтіру туралы түсініктерді мәдени мұраның түпнұсқалығы қағидасы негізінде түсіндіру, қалпына келтіру қызметінің тарихын білу. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Заманауи реставрацияның түрлері мен бағыттары. Керамикалық бұйымдар реставрациясы. Архитектуралық ескерткіштерді реставрациялау және консервациялау. Ағаш бұйымдар реставрациясы.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 6
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның палеометалл дәуірі археологиясы

    Пәннің мақсаты – қола дәуiрi заманында Қазақстан жерiн мекендеген тұрғындардың шаруашылығы, материалдық және рухани мәдениетiн оқып үйрету. Қола дәуiрiнiң қоғамдық-экономикалық қатынастарын түсiне бiлу және қола дәуiрi мәдениетінің теоретикалық мәселелерін меңгеру. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Қазақстан қола дәуірінің жерлеу ғұрпы. Қола дәуірі ескерткіштерінің түрлері. Қазақстан қола дәуірінің зерттелу тарихы.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Тарихи география

    Пәннің мақсаты: болашақ археологтарды Қазақстандағы тарихи-географиялық зерттеулермен таныстыру. Пән жалпы Қазақстанның және оның жекелеген аудандарының тарихи географиясын зерттеуге бағытталған. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Тарихи географияның зерттеу әдістері және нысандары. Ежелгі өркениеттік тарихи-географиялық аймақтар. Әлем халықтарының нәсілдік ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Қосалқы тарихи пәндер

    Пәннің мақсаты студенттерде палеография, сфрагистика, геральдика, нумизманика, эпиграфика, ономастика, фалеристика зерттеулері туралы түсінік қалыптастыру. Пәнді зерделеу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: мәтіндік жазуларды жіктеу және зерттеу, ескерткіштерді анықтау, монета ісінің тарихы, нумизматикалық материалмен жұмыс істеу әдістері, елтаңбалар, мөрлер, ордендер, медальдар тарихы.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Археозоология

    Мақсаты: адамдар мен олардың айналасындағы фауна қалай болғандығы туралы түсініктер қалыптастыру, археологиялық қазба кезінде жануарлардың сүйектерін зерттеу әдістерімен танысу. Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: ежелгі жануарлардың түрлері, доместикация, диета, адамдармен бірге жануарларды жерлеу рәсімдері, жануарлардың қалдықтарының макроскопиялық, микроскопиялық және молекулалық сипаттамалары.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 6
  • Археология және дін

    Пәннің мақсаты ежелгі тайпалардың нанымдары мен сенімдері және олардың археологиялық артефактілерді зерттеудегі рөлі туралы түсінік беру. Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: ежелгі тайпалардың әдет-ғұрыптары, ежелгі наным-сенімдер, рәсімдер, архитектуралық діни кешендер, ислам археологиясы, інжіл археологиясы.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Тарихи-археологиялық зерттеулердегі жасанды интеллект

    Пәннің мақсаты: археологиялық және тарихи зерттеулердегі жасанды интеллекттің рөлі туралы түсінік қалыптастыру. Деректерді талдау мен модельдеуде жасанды интеллекттің қолданылуын зерттеу. Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Машиналық оқыту алгоритмдері, өткен оқиғаларды модельдеу, археологиялық олжаларды талдау және жіктеу, археологиялық объектілерді визуализациялау, геокеңістіктік деректерді талдау.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның ерте темір дәуірі

    Пәннің мақсаты - студенттерде Қазақстанның ерте темір дәуірінің зерттелу тарихын білуді, негізгі археологиялық мәдениеттерді саралауды, кезеңделу мәселелерін талдауды және ерте темір дәуірі жұртшылығының шаруашылығы мен тұрмысы, өнері мен идеологиялық көзқарастары туралы білімді қалыптастырады. Пәнді оқыту кезінде келесі аспектілер қарастырылады: Қазақстанның ерте темір дәуірінің зерттелу тарихы. Сақ-скиф кезеңі. Ғұн-сармат кезеңі.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Археология және саясат

    Пәннің мақсаты археологиялық зерттеулердегі ежелгі және ортағасырлық мемлекеттердегі саяси жағдайдың рөлі туралы түсінік беру. Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: басқару жүйелері, әскери қақтығыстар, жауынгер жерлеу орындары, кенотафтар, саяси процестер мен қоғам, саяси жүйелер мен идеологиялар.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Теориялық археология

    Пәннің мақсаты: пәндік деректер негізінде қоғам тарихын зерттейтін дербес ғылым ретінде археологияның әдіснамалық негіздерін зерттеу. Пәнді оқу кезінде келесі аспектілер қарастырылады: археологиялық мектептер, археологиялық зерттеу процедурасы, археологиялық зерттеу әдістері, процессуалды археология, постпроцессуалды археология.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5
  • Алғашқы қауым өнері

    Пәннің мақсаты алғашқы бейнелеу өнері, ежелгі суретшілер қолданған материалдар мен техникалар туралы түсінік алады. Студенттер ежелгі өнер ескерткіштерінің классификациясы жөнінде, туындыларды, сюжеттерді, материалдарды құру әдістері туралы ежелгі адам үшін өнердің маңызы туралы түсінік алады. Пәнді оқыту барысында келесі аспектілер қарастырылады: Алғашқы қауым өнерінің зерттелу тарихы. Тас ғасырының жартас бетіндегі суреттері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 7
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Заманауи зерттеу әдістерін сипаттау және талдау мақсатында археология мәселелері бойынша пәнаралық әдістерді зерттеу процесіне интеграциялау; қоғамдағы ғылым мәселелерін шешу үшін әлеуметтік өзара ынтымақтастыққа, әріптестікке, қоғамдағы сыпайы және толерантты өзара қарым-қатынасқа дайын болу; Қазақстанның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, заңдылықтары мен өзіндік ерекшелігін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстаным таныту;
  • Археологиядағы трасологиялық, геологиялық, геодезиялық, топографиялық, археогенетикалық, зооархеологиялық, сандық әдістерді сипаттау; археологиялық зерттеудегі социологиялық, саяси, экологиялық процестердің рөлін түсіндіру
  • Музей қорларындағы археологиялық жәдігерлермен жұмыс істей білу; зертханалық-камералдық жұмыстарды жүргізу кезінде пәнаралық зерттеулер және жасанды интеллект әдістерін пайдалану
  • Археологиялық зерттеудің негізгі әдістерін сипаттау; археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктерін, қалыптасу процесі және ыдырау немесе өркендеу себептерін түсіндіру
  • Идеялық-тақырыптық мазмұн тұрғысынан әдебиеттерге кешенді талдау жүргізу, шетелдік ғалымдардың ғылыми әдебиеттерін пайдалану және салыстырмалы талдау жасау
  • Тарихи-мәдени мұра саласында сараптамалық қызметті жүзеге асыру; музей мекемелеріндегі археологиялық экспозициялармен тығыз жұмыс жасау
  • Археология саласында ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру, далалық археологиялық зерттеулерге қатысу; далалық жұмыстар кезінде табылған керамика фрагменттеріне зертханалық-камералдық жұмыстарды, трасологиялық сараптаманы жүзеге асыру
  • Түрі, құрылысы, кезеңдік ерекшеліктері негізінде ғұрыптық жерлеу ескерткіштерін талдауды жүзеге асыру; тұрмыстық, әскери заттар, жерлеу-ғұрыптық рәсімдер негізінде ескерткіштердің мәдени тиесілігін анықтау
  • Шетелдік ғылыми әдебиеттерді сараптау қабілеттерін көрсете алу, теориялық, процессуалдық, постпроцессуалдық археологияның қалыптасу кезеңін сараптау
  • Далалық зерттеу жұмыстары кезінде археологиялық барлау немесе қазба жұмыстарын жүргізу әдістері бойынша білімді пайдалану; археологиялық табылымдарды негіздей отырып, адамның шығу тегі туралы негізгі теорияларды сипаттау
  • Еуропа және Азия елдерінде қолданылатын археологиялық қазба жүргізу әдістерін жіктеу, қазба жүргізу әдістері және археологиялық ескерткіштерді реставрациялау мен консервациялау тәсілдерін саралау
  • Ежелгі және ортағасырлық тайпалардың рухани және материалдық мәдениетіне қатысты ғылыми пікірталас жүргізе алу, ғылыми ойлау қабілеттерін көрсету
Top