Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01103 Педагогика және психология в Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

  • Психологияның теориялық-әдіснамалық негіздері

    Пән психологияның әдіснамалық ерекшелігі негіздерінің мәнін түсінуді меңгеруге; тұлғаның даму заңдылықтары мен факторлары туралы тұтастай түсініктің болуын; практикалық психологиялық іс-әрекеттің әдістері мен формаларын, құралдарының негізін игеруге мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Наукометрия

    Бұл пән наукометрияның пән ретіндегі түсініктер жүйесін қалыптастыруға: ғылыми және сыни ойлауын дамытуға, ғылыми ақпарат іздеу әдістерін және ғылыми дерекқорлардың ресурстарын қолдана білу іскерліктері мен дағдыларын дамытуға, ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектті пайдаланудың этикалық нормаларын қолдану дағдыларын меңгертуге ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық хат

    Пәнді оқу барысында докторанттар ғылыми мәтіндерді талдау және пікір жазу, және өзіндік идеяларды құрылымдап баяндау дағдыларын, психологиялық-педагогикалық академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әртүрлі түрдегі ғылыми және ғылыми-ақпараттық академиялық мәтіндерді жазу білу дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жобалау іс-әрекетінің әдіснамасы және технологиясы

    «Жобалау іс-әрекетінің әдіснамасы және технологиясы» пәні кәсіби саласы бойынша ғылыми жобаларды орындау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Жоба түрлері, олардың мақсаты мен мазмұнындағы ерекшеліктері, оны жүйелі сипаттау мен іске асыру механизмдерін ұйымдастыруды оқып үйренеді. Докторанттар пәнді оқу нәтижесінде ғылыми-зерттеулерді жобалау мен ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогика ғылымының әдіснамасы

    «Педагогика ғылымының әдіснамасы» пәні әдіс, әдістеме, әдіснама ұғымдарының өзара байланысын, әдіснама түрлерін, деңгейлерін қарастырады. Пәнді оқу барысында докторанттар ғылыми-зерттеу жұмысын іске асыру механизмдерін ұйымдастыруды меңгереді. Пән докторанттардың әдіснамалық мәдениетін дамытуға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу әдістері

    Пән психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері туралы түсініктерін қалыптастыруға, зерттеу құзыреттілігін және алған білімдері мен біліктілігін жеке ғылыми зерттеулерін ұйымдастыруда және өз кәсіби қызметінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда қолдануға дайындығын қалыптастыруға бағытталған.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Ғылыми зерттеулерді орындау процесінде наукометриялық мәліметтерді өңдеу, интерпретациялау және қолдану дағдыларын, ұлттық және халықаралық деректер базасымен жұмыс дағдыларын, ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектті пайдаланудың этикалық нормаларын қолдану дағдыларын меңгеру
  • Педагогика және психология саласындағы табысты зерттеу және практикалық жұмыс үшін ғылыми талдау мен жазу дағдыларын көрсету.
  • Дербес зерттеу нәтижелерін кәсіби әрекетке жобалау және бейімдей алу қабілетін көрсету.
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде әдіснамалық және зерттеу мәдениетін іске асыру дағдыларын меңгеру, білім алушылардың зерттеу белсенділігін қолдау мен даму стратегияларын қолдану.
Top