Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01103 Сандық педагогика в ҚарУ Е.А.Бөкетов

Оқыту нәтижелері

  • Заманауи ғылымның философиясы мен әдіснамасының негіздерін, инновациялық сандық технологияларды меңгерген; оқу сабақтарын өткізу барысында психологиялық-педагогикалық білім мен пәндік сала бойынша білімдерді интеграциялауды қамтамасыз етеді; білім алушылардың азаматтық және кәсіби белсенділігін арттыруға ықпал етеді, академиялық адалдық пен парасаттылық қағидаларын сақтайды.
  • Педагогикалық қызметінде кәсіби бағытталған технологияларды, тәжірибеге бағытталған оқыту әдістері мен технологияларын сандық педагогиканың қолданбалы және ғылыми міндеттерін инновациялық тұрғыда шешу үшін қолданады.
  • Сандық педагогиканың пәнаралық және ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу үшін заманауи және инновациялық сандық оқыту технологияларын таңдап, Web технологиялар, онлайн сервистер мен сандық құралдарды орынды қолданады.
  • Кәсіби міндеттерді іске асыру мақсатында сандық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, ғылыми-педагогикалық тәсіл негізінде сандық білім беру сервистері мен ресурстарын жобалау және әзірлеу үшін сандық технологияларды пайдаланады.
  • Ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларын меңгерген, ғылыми-зерттеу коммуникациясы үшін академиялық жазу әдістерін қолданады, ғылыми-педагогикалық зерттеулер әдіснамасы бойынша өзектi білімдерді көрсетеді, кәсіби педагогикалық міндеттерді, соның ішінде сандық педагогиканың пәнаралық салаларындағы міндеттерді талдау мен шешу әдістерін таңдауын негіздейді.
  • Білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекеттестігін, ақпараттық-білім беру ортасы мен ұйымдық мәдениетті жобалау және қолдау дағдыларын меңгерген; білім, ғылым және инновацияны интеграциялау ерекшеліктерін ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдар мен сандық ресурстар әзірлейді.
  • Ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүзеге асырады, ғылыми құжаттаманы әзірлеу мен ресімдеу тәсілдерін меңгерген, ғылыми нәтижелілікті және жарияланымдық белсенділікті арттырады, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, сондай-ақ сандық педагогика саласындағы ұлттық және халықаралық дерекқорлармен жұмыс істеу қабілетін қолданады.
Top