6B01505 Химия-биология в ОАИУ
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – университеттің миссиясы мен академиялық саясатын және стратегиялық даму жоспарын негізге ала отырып, қазіргі қоғамның серпінді сұраныстарына сәйкес сыни тұрғыдан ойлайтын, шығармашыл және функционалды сауатты, кәсіби қызметі үшін қажетті құзіреттіліктерді игерген, химия-биология пәні мұғалімінің кәсіби міндеттерін шеше алатын, өмір бойы білім алатын, еңбек нарығының жаңа талаптарына икемді, шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті білікті маман даярлау
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы Орталық Азия Инновациялық Университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B012 Химия мұғалімдерін даярлау
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 6B015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
Пәндер
-
Цитология және гистология
Адам және жануарлар ағзасындағы жасушалар, ұлпалар, ағзалар, оның жүйелерінiң микро, субмикроскопиялық құрылысын, қызметiнің жүйеленуін түсіндіреді. Жасушалар мен ұлпалардың құрылыс ерекшеліктерін анықтайды. Цитологиялық, гистологиялық әдістерді қолданып эксперименттер жүргізеді. Микроскопиялық деңгейде гистологиялық препараттарда тіндерді ажырата білуді дәлелдейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Пән білім алушылардың өз ғылыми жобаларын іске асыру және олардың нәтижелерін халықаралық академиялық қоғамдастық нормаларына сәйкес жазбаша нысанда ұсыну, ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін қолдану, өз зерттеулерінің ережелерін дәлелді баяндау, өз ғылыми жобасын іске асыру үшін тиісті құралдарды таңдау қабілетін дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Бейорганикалық химияның теориялары мен заңдылықтары
Бейорганикалық химияның периодтық заңын, жүйелердің периодтық өзгерістерін оқытады. Заттардың қасиеттері мен байланыстары туралы заңдылықтарын қарастырады. Химиялық процестердің энергетикасы мен бағытын, электролиттік диссоциация теориясына сараптама жасап, химиялық раекциялардың жүру мүмкіндігін бағалайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Жасанды интеллект негіздері
Пәннің мақсаты - жасанды интеллект жұмысының негіздері мен принциптерін оқыту. Оқыту барысында білім алушылар жасанды интеллекттің негізгі тұжырымдамалары мен әдістерімен танысады, машиналық оқытудың, нейрондық желілердің, табиғи тілді өңдеудің және компьютерлік көрудің негізгі алгоритмдерін үйренеді. Пән алынған білімді жасанды интеллектті қолданатын әртүрлі қосымшалар мен жүйелерді жүзеге асыруда практикалық қолдануға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика негіздері және кәсіпкерлік дағдылары
Курс бизнесті жүргізу дағдыларын теориялық зерделеуге және практикалық қолдануға, білім алушылардың жалпы экономикалық және басқарушылық дайындығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлік қызметтің мәні мен ұйымдастырушылық аспектілері және оның экономиканы дамытудағы мақсаты туралы білімді қалыптастыруға, нарықтық қатынастарға сәтті қатысу мәселелері бойынша кәсіпкерлік қызмет тәсілдерін зерделеуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Курс адамның адаммен, қоғаммен, қоршаған әлеммен қарым-қатынасын реттейтін этикалық және заңнамалық нормаларды білуге, білім алушылардың қоғамдық және жеке құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білім жүйесі мен азаматтық ұстанымды ұлттық мүдделер мен қауіпсіздікке қатер ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экология және тіршілік қауіпсіздігі
Пән білім алушылардың экологиялық дүниетанымын және тіршілік қауіпсіздігі бойынша зиянсыз, әрі қауіпсіз өмір сүрудің негізгі білімдерін қалыптастыруға, табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуінің негізгі заңдылықтарын, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы қауіпті және төтенше жағдайларда адамның қауіпсіз іс-әрекетін, азаматтық қорғаныстың мақсатын, құрылымын, міндеттерін білуге бағытталған.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Элементтер химиясы
Химиялық элементтердің ашылуын, периодтық жүйедегі орнын, қосылыстарының қасиеттерін, химиялық заңдылықтары мен принциптерінің жіктелуін оқытады. Бейорганикалық химиядағы жалпы заңдар мен негізгі заңдылықтардағы есептерді шығару нәтижелерін қарастырады. Бейорганикалық заттарды өндірістік алу жолдарын және қасиеттерін, химия ғылымының халық және ауыл шаруашылығындағы маңызын талдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Инклюзивті білім беру
Пән дамуы қалыпты және ауытқитын балаларды бірлесіп оқыту идеясын дамыту туралы теориялық білімді қалыптастыруға, ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарды әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеудің міндеттері мен мазмұнына, студенттерді дамуы бұзылған оқушыларға білім берудің педагогикалық жүйелері саласында қажетті біліммен жарақтандыруға және интеграция жағдайында түзету-дамыту оқу процесін ұйымдастыруға даярлауға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогика
Курс оқыту мен тәрбиелеу саласындағы педагогикалық зерттеулердің негізгі бағыттары туралы ұғымдарды қалыптастыруға, кәсіптік педагогикалық қызметтің жалпы сипаттамасы, педагогиканың пәні, әдіснамасы және құрылымы, оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі туралы, кәсіптік шеберлік пен педагогикалық технологиялар, мектепте білім беру процесін тиімді ұйымдастыру үшін қажетті дағдылар туралы білімді меңгеруге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Онтогенездің әртүрлі кезеңдеріндегі ағзаның тіршілік әрекетінің ерекшеліктерін, өсу және даму барысындағы мүшелер жүйесінің және жалпы организмнің қызметтерін, әрбір жас кезеңіндегі осы қызметтердің өзіндік ерекшелігін зерттейді. Мектептегі оқу-тәрбие процесінің физиологиялық-гигиеналық негіздеріне, оқушылардың еңбек және демалыс режимін оқытады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мәңгілік Ел идеясы және рухани жаңғыру
Пән қазақ халқының зияткерлік күшін, қазақстандық мәдениеттің қуатын өздігінен ұйымдастыруға, ұлт пен елдің рухани, ғылыми-зияткерлік, ғылыми-шығармашылық және көркемдік әлеуетін жаңартуға негізделген. Қазақстанның азаматтық және рухани, этникалық және ұлттық бірегейлігін, адамгершілік-рухани жаңғыруын қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған..
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Жоғары сатыдағы өсімдіктер таксономиясының түрлерін жіктейді. Өсімдіктердің негізгі таксондары өкілдерінің морфологиясы мен көбею ерекшеліктерін, географиялық таралуы мен экологиясын талдайды. Биосферадағы жоғары сатыдағы өсімдіктердің рөлін, олардың экономикалық маңызын зерттейді. Биотикалық және абиотикалық бақылаулардың нәтижелері бойынша қорытынды жасайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ботаника
Өсімдіктердің негізгі таксондарының құрылысын, олардың жіктелуін, филогенезін, көбею жолдарын, олардың табиғатта және адам тіршілігінде маңызын түсіндіреді. Өсімдік кесінділерінен уақытша препараттар дайындап, микроскоп арқылы зерттейді, зертханалық сабақтарда және оқу-далалық тәжірибелерде микроскоп арқылы өсімдіктерді анықтау, табиғи өсімдіктерден гербарий құрастыру дағдылары қалыптасады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Бейметалдар химиясы
Бейметалдардың электрондық құрылымын, физикалық-химиялық қасиеттерін және алу тәсілдерін анықтайды. Д.И.Менделеев элементтердің периодтық жүйесіндегі бейметалдардың орны мен орналасуын көрсетеді. Бейметалдар химиясы туралы білімді қорытады, химиялық әдістерді практикада үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Әл-Фарабиден хакім Абайға дейінгі рухани сабақтастық
Пән Қазақстан халқының өркениеттік және дүниетанымдық тамырлары мен руханиятына деген қызығушылықты қалыптастыруға және жандандыруға, этностың мәдени тарихының құрамдас бөлігі ретінде, дүниетаным тарихы мен философияны білуге, халық ойшылдарының мұрасын зерттеуге, қазіргі заманғы қоғамдық сұраныс пен дүниетанымдық түсінігі контекстінде дәстүрлі бастауларға жүгінуге, этностың өмірлік перспективаларын түсінуге бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Аналитикалық химия
Қазіргі аналитикалық химияның құрылымын және оның негізгі түсініктерін түсіндіреді. Аналитикалық химияның теориялық негіздерін, заттардық химиялық құрамын, сандық және сапалық анализдің талдауларын қарастырады. Қосылыстарды талдауда және талдауды технологиялық орындауда сапалық, сандық, құрылымдық, элементтік, молекулалық, фазалық әдістерді және химиялық, физика-химиялық, физикалық және биологиялық әдістерді үйретеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Паразитология
Гельминттердің негізгі морфологиялық және физиологиялық бейімделуін олардың өмір салтына, паразитизмнің пайда болуының қазіргі заманғы негізгі түсініктерін анықтайды. Паразиттердің негізгі түрлерін диагностикалық сипаттамалары бойынша ажыратады. Паразиттік тіршілік формаларының әртүрлілігін талдайды. Табиғи ошақтық және паразиттік ауруларды, олардың таралу жолдарын қарастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Адам анатомиясы
Адам денесінің және мүшелері мен оның жүйелерінің құрылысын, тіршілігі мен дамуын қызметіне байланысты түсіндіреді. Теориялық білімді базалық ретінде кейінгі медициналық-биологиялық және психологиялық-педагогикалық пәндерді меңгеру кезінде қарастырады. Балалар организмінің жеке ерекшеліктеріне, олардың мектептегі жетілу дәрежесіне, баланың дамуындағы ауытқушылықтардың болуына байланысты педагогикалық және оқу-тәрбие міндеттерін шешуде дифференциалды тәсілді тұжырымдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі
Пән болашақ мұғалімнің оқушылармен тәрбие жұмысының теориясы, әдістемесі және техникасы саласындағы кәсіби-педагогикалық құзыретін қалыптастыруға, студенттерді диагностикалық, мақсатты болжау, жобалау, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, талдамалық іскерліктермен қаруландыруға, оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және жүргізуге, білім алушылармен өзара іс-қимылға жауапты және шығармашылық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Зоология
Жануарлардың алуан түрлілігін және олардың әртүрлі топтарға қалыптасуының негізгі заңдылықтарын, биологиялық прогрестің немесе регрессияның себептерін түсіндіреді. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің эволюциясындағы әртүрлі топтарды анықтайды. Мүшелер мен мүшелер жүйелерінің құрылысын, омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың өкілдерінің систематикасы мен эволюциясын талдайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Заманауи педагогикалық технологиялар
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы білім беру технологияларының ерекшеліктерін анықтайтын заманауи инновациялық технологиялардың мәнін, түсіну жолдарын, оқу үдерісін ұйымдастыру принциптерін, әдістерін қарастырады. Әр түрлі білім беру мекемелерінде әртүрлі білім беру деңгейлерінде оқу процесін ұйымдастырудың және жүзеге асырудың заманауи әдістері мен технологияларын қолдануды үйретеді. Заманауи диагностикалық технологияларды қолдана отырып, білім беру үрдісінің сапасын бағалау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы
Өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылысын, өсімдіктердің вегетативтік мүшелерінің құрылыстық ерекшеліктерін қарастырады. Өсімдіктердің морфологиялық эволюциясының басты бағыттарын, көбею мен ұрпақ жалғастырудың биологиялық негізін түсіндіреді. Өсімдіктер дүниесінің әр түрлі систематикалық топтардағы өсімдіктердің құрылысындағы және көбеюіндегі ерекшеліктерін талдайды. Өсімдіктердің басқа да тірі организмдермен және тіршілік ортасы арасындағы байланыстары туралы білімдерін жүйелейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Алифатты қосылыстардың органикалық химиясы
Ашық тізбекті қосылыстар, ациклді қосылыстар молекуласындағы көміртек атомдарының тізбек құруына байланысын түсіндіреді. Қаныққан, қанықпаған көмірсутектер және олардың атомды туындыларын, изомерлерін қарастырады. Органикалық химия реакциялар теңдеулерін шешу, зертханалық зерттеу нәтижесін талдау дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Органикалық химия
Органикалық заттар, олардың қосылыстары мен реакцияларының жіктелуін және жүру қағидаларын қарастырады. Көміртектің қаныққан атомдарындағы және қанықпаған жүйелерге қосылу реакцияларының механизмдерін түсіндіреді. Көмірсутектердің түрлерін ажыратады. Органика курсын өндірісте, тұрмыста, медицинада және мектепте қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Биологияны оқыту әдістемесі және критериалды бағалау
Пән биологияны оқыту әдістемесінің негіздерін, «критерий», «бағалау», «білім беру нәтижесі» ұғымдарын зерделеуге, тұрған міндеттерді айқын түсіну негізінде оқушылармен жұмыс жасау әдістемесін меңгеруге, балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білуге, оқушылардың білімін меңгеру процесін білуге, білім беру нәтижелерін критериалды бағалаудың практикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Мектептегі педагогикалық инновациялар
12 жылдық білім беру мен орта білім берудің жаңартылған мазмұнының негізгі аспектілерін айқындайды. Педагогикалық технологиялар үрдісінің заңдылықтары мен қағидаларын меңгереді. Ақпараттық оқу, эксперименттік зерттеу қызметінің түрлі іс-әрекеттерін жоспарлау дағдыларын үйретеді. Инновациялық технологияны қолдану саласы бойынша шығармашылықпен жұмыс жасауға қол жеткізуді бағдарлайды. Қашықтықтан оқыту жүйесін құру қағидаларын меңгереді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жеке даму биологиясы
Онтогенез –дараның жеке дамуы немесе дараның зигота түзілуі мен басталып тіршілігін жойғанға дейінгі дамуын үйретеді. Эволюция үдерісінде адамның дамуының негізгі кезеңдерін, жеке органдардың құрылымдық ерекшеліктерін, қоршаған ортаның жағдайында адам ағзасының қалыптасуын зерттеуді үйретеді. Тіршілік құбылысындағы түрлі деңгейдегі жүйелер құрылымы, қызметінің мәнін айқындау, заттардың алмасу процестерін, сыртқы ортамен қарым-қатынасын, дамуын және шығу тегін білуге үйретеді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Өсімдіктер физиологиясы
Өсімдіктің тіршілік үрдістерінің мәнін түсіндіреді, онтогенез үдерісіндегі метоболизм, судың және заттың алмасуын анықтайды. Фотосинтездің, минералды қоректенудің, тыныс алудың, өсу мен дамудың заңдылықтарын қарастырады. Физиологиялық құбылыстардың маңыздылығын, өсімдіктердің өнімділігін, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын арттыру жолдарын анықтайды. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларға төзімділігіне және оларды қорғауға бағытталған әдістердің теориялық негіздерін зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Адам және жануарлар физиологиясы
Онтогенездің негізгі кезеңдерін, әртүрлі таксондар өкілдерінің даму барысындағы морфологиялық, функционалдық және биохимиялық өзгерістерді қарастырады. Адамдар мен жануарлардың морфологиясын, физиологиясын және көбеюін, географиялық таралуы мен экологиясының ерекшеліктерін түсіндіреді. Адамдар мен жануарлардың гомеостазын қамтамасыз етудің реттеуші механизмдерін салыстырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 6
-
Химияны оқыту әдістемесі және критериалды бағалау
Пән химияны оқыту әдістемесінің негіздерін, «критерий», «бағалау», «білім беру нәтижесі» ұғымдарын зерделеуге, тұрған міндеттерді айқын түсіну негізінде оқушылармен жұмыс жасау әдістемесін меңгеруге, балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білуге, оқушылардың білімін меңгеру процесін білуге, білім беру нәтижелерін критериалды бағалаудың практикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Циклды қосылыстардың органикалық химиясы
Циклді қосылыстардың алифатты органикалық қосылыстармен химиялық қасиеттерін, құрылысын байланыстыратын жалпы заңдылықтарды, номенклатурасын, изомериясын, түрлендіру жолдарын, реакция механизмдерін қарастырады. Теориялық білімдерді практикада қолдану, мәселенің шешімін талдау, химияның нақты өмірдегі орны мен рөлін дәйектеу, пәнаралық білімдерді интеграциялау жолдарын сипаттайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Химиядан есептер шығару әдістемесі
Химиялық есептерді шығаруда қабылданған шартты белгілерді қолдану және есептің шартын қысқаша жазу мәселелерін қарастырады. Мектепте химияны оқыту үрдісінде сандық есептердің рөлін сипаттайды. Орта мектепте химия курсында сандық есептер түрлері мен типтерін және химиялық есептердің негізгі түрлерін ұсынады. Химиялық есептердің шешімін тексеру және бағалау әдістемесін түсіндіреді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Қазақстан экологиясы
ҚР экологиялық шарттары туралы ақпаратты қарастырады. ҚР әртүрлі өңірлерінде қалыптасқан нақты экологиялық жағдайды түсіндіреді. Табиғи ортаға әсер ететін факторлар арасындағы байланысты анықтайды. Қолданбалы экологиялық теория тұрғысынан ҚР экологиялық мәселелерін талдайды. Қоршаған ортаны қорғау саласында маманның кәсіби даярлығын қалыптастырады. ҚР-дағы экологиялық жағдайларды зерттейді.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Өсімдіктер мен жануарлар экологиясы
Өсімдіктер мен жануарлардың әртүрлі тіршілік ету орталарына байланысты бейімделушіліктерін, ортаның экологиялық факторларының әсері туралы заңдылықтарын анықтайды. Ғылымның өзекті мәселелері туралы түсінік беретін қазіргі заманғы кешендік ғылымдар ретінде өсімдіктер мен жануарлар экологиясы негіздерін тұжырымдайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Органикалық заттар химиясы
Органикалық реакциялардың жіктелуін, органикалық заттардың номенклатурасын, жіктеу принциптерін сипаттайды. Химиялық реакциялардың жүру механизмдерін, кеңістікте атомдардың орналасуын және электрондардың тығыздығының таралуын қарастырады. Органикалық заттардың құрылысын анықтауды, синтездеу әдістерін зерттейді. Химиялық реакциялардағы тепе-теңдікке әр түрлі факторлардың әсерін анықтайды. Тірі ағзалардағы биохимиялық үрдістерді зерттейді. Тәжірибе жүргізу дағдыларын қалыптастырады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Жалпы химия есептері мен жаттығулары
Жаттығулар арқылы есептерді шешудің түрлі әдістері мен тәсілдерін үйретеді. Химиялық мәліметтерден, ұғымдардан, заңдардан және теориядан тұратын химия ғылымының негіздерін түсіндіреді. Логикалық ойлауды дамытады. Математикалық ойлауды жеделдетуді, шығармашылық белсенділікті бағалайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Химиялық экология
Химиялық экология экологиялық мәселелердің негізгі ұғымдарын, табиғи ортадағы ластаушы заттар айналымының химиялық негіздерін зерттейді. Химиялық заттардың қоршаған орта сапасының және уыттылық кластарының нормативті көрсеткіштерін көрсетеді. Табиғи ортадағы әр түрлі ластаушы заттардың жай-күйін болжайды және олардың таралуын болжайды.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 6
-
Генетика
Генетика мен селекцияның негіздерін, заманауи ақпараттық білім технологиясын пайдаланып, жаңа мағлұматтарды қалыптастыру принциптерін қарастырады. Тірі ағзаға тән тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің материалдық негіздерін, белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарын түсіндіреді. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің молекулулалық механизмдерін, организмдердің тұқым қуалаушылық қасиеттерінің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеру заңдылықтарын тұжырымдайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Биоорганикалық химия
Органикалық қосылыстардың (биополимерлер, дәрумендер, биореттегіштер және т.б.) химиялық қасиеттері, қолданылуы және олардың ағза тіршілігіне әсер ететін жалпы заңдылықтары қарастырылады. Адам организмінің тіршілігінің процестерге қатысатын төмен және жоғары молекулалық органикалық қосылыстар құрылымы туралы және химиялық өзгерістері жүйелі білім қалыптастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Молекулалық генетика
Генетика негіздерін, гендердің жіктелуін және қасиетін қарастырады. Жасуша құрылысы, оның генетикалық құрылымдары және хромосоманы түсіндіреді. Белгілердің тұқым қуалаушылық молекулалық негіздерінің заңдылықтарын тұжырымдайды. Генетикалық инженерияның стратегиясы мен принциптерін, оның молекулалық биологияда қолданылу мүмкіншілігін және нуклеин қышқылдары мен ақуыздарды замануи әдістермен зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепте химиялық эксперимент жүргізу әдістемесі
Мектеп химия курсындағы эксперимент жүргізу формалары, мектеп химия экспериментінің дидактикалық функциялары, химияны оқыту әдісі ретінде мектеп эксперименті әдістемесі негіздері, ғылыми және оқу химиялық эксперименттің құрылымы мен міндеттерін талдау және оқу химиялық эксперимент пен оның ерекшеліктеріне қойылатын дидактикалық функциялар мен талаптары қарастырылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепте ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Мектептегі ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастырудың рөлі, мақсаты және негізгі міндеттері мен оны ұйымдастырудың ерекшеліктерін сипаттайды. Мектеп оқушыларының ғылыми білімі мен шығармашылығының әдіснамалық негіздерін және білім беру бағытына сәйкес ғылыми зерттеу бағытын таңдауды түсіндіреді. Зерттеу жұмысының кезеңдерін, ғылыми ақпаратты іздеу, жинақтау және жұмыс нәтижелерін өңдеу бойынша жұмыстарды қарастырады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектептегі биологиялық эксперимент
Биологиялық мазмұндағы көрнекі құралдар жасау дағдыларын қалыптастырады. Теориялық білімдерін зертханалық және практикалық жаттығуларда қолдануды түсіндіреді. Көрнекі құрал дайындау барысында шығармашылық көзқарасы кеңейеді. Көрнекі құралдарды жасау инновациялық әдістер мен тәсілдерді үйлестіре білуге баулиды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физикалық химия
Физикалық химияның негізгі түсініктерін және заңдарын, функцияларын, тепе-теңдік жүйелерін сипаттайды. Ерітінділер мен дисперсті жүйелердің молекула-кинетикалық және оптикалық қасиеттерінің айырмашылықтарын сипаттайды. Температураның тепе-теңдік константасына әсерін түсіндіреді. Жай сатыдағы тәуелсіздік принциптерін, тізбекті және ағымдағы реакцияларды қарастырады. пәннің заманауи мәселелерін зерттеуге және талдауға, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға бейімдейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Табиғи қосылыстардың химиясы мен технологиясы
Маңызды органикалық табиғи қосылыстарды, олардың классификациясын, құрылысын, алу және бөлу жолдарын түсіндіреді. Анықтау әдістемелерін, химиялық қасиеттері және генетикалық өзара қатынасы туралы ұғымды қалыптастырады. Негізгі биологиялық белсенді заттардың ерекшеліктерін сипаттайды. Табиғи қосылыстар технологиясының экологиялық мәселелерін өндірісте, медицинада, ауыл шарушылығында пайдаланылуын зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Микробиология
Микроағзалардың құрылымдық ерекшеліктерін, жіктелу принциптерін түсіндіреді. Микроағзалардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайындағы білімді сипаттайды. Микробиология саласындағы жетістіктердің перспективалары туралы ақпаратты тұжырымдайды. Микроағзалардың экология, ауыл шаруашылығы, тамақтану және химиялық өндірістердегі қолдану әдістерін талдайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Биохимия
Тірі ағзалардың химиялық құрамын, олардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін химиялық үрдістерді түсіндіреді. Дәрумендердің, гормондардың, ферменттердің, ақуыздардың, нуклеин қышқылдарының, көмірсулардың, липидтердің құрылымы мен қасиеттерін, механизмдерінің маңыздылығын анықтайды. Биохимияның зерттеу әдістерін тұжырымдайды. Зат алмасу үрдісінің жүру заңдылықтарын талдайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Химиялық технология
Маңызды химиялық өндірістерге және басқа өндірістер технологиясына қолданатын химиялық реакциялар туралы және химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен білімдерін қалыптастырады. Химиялық өндірістің барлық процестерінің, сонымен қатар химиялық өндірістің жабдықтары мен негізгі үрдістерінің өзара байланысын зерттейді.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Мектеп биология курсының мазмұнын, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырады. Зерттеу объектілерін жіктейді, нәтижесін өңдеп түсіндіреді. Биологиялық далалық және зертханалық зерттеулерді жүргізу әдіснамасын сипаттайды. Таңдалған ғылыми бағыт бойынша ізденіс жұмыстарын орындау дағдылары қалыптасады. Шығармашылық іздену қабілеттерін бағалайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Коллоидты химия
Коллоидты қосылыстар жүйелерінің табиғатта маңызын, жүйелердің жіктелуін анықтайды. Катализ туралы ұғымдар мен каталитикалық жүйелердегі катализатордың белсенділігін түсіндіреді. Ультрамикроскопия, электрондық микроскопия, ультрацентрифугирлеу (сүзу), электрофорез әдістеріне талдау жасайды. Күрделі қосылыстарды айқындайды, коллоидтардың әртүрлі түрлеріннің айырмашылықтарын анықтайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Микробиология және вирусология
Жалпы, вирусология вирустардың табиғатын, олардың құрылысын, көбеюін, биохимиясын, генетикасын түсіндіреді. Вирустан туындайтын аурулардан сақтану шараларын зерттейді. Микроағзаларды бөліп алу және өсіру бойынша практикалық дағдыларды қалыптастырады. Әр түрлі топтағы вирустардың құрылымын, морфологиясын, жіктелуін талдайды. Су мен топыраққа микробиологиялық диагноз қойып, талдау жасайды.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Адам анатомиясы, өсімдіктер мен жануарлар классификациясының негізгі заңдылықтары, паразитологияның қазіргі концепциясы саласындағы білімдерін көрсетеді.
- Адам ағзасындағы жасушаларда, ұлпаларда, өсімдіктерде және жануарларда тіршілік ету процестері мен оларды реттеу механизмдерін, морфологияны, физиологиялық процестерді, метоболизмнің, гомеостаздың, тірі организмдердің онтогенезінің функционалдық жағдайын зерттейді.
- Оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру үшін қажетті оқыту және тәрбиелеу саласындағы педагогикалық зерттеулердің негізгі бағыттарын талдайды.
- Аналитикалық химияның теориялық негіздерін, химиялық элементтердің қасиеттерін және бейметалдарды алу әдістерін түсіндіреді.
- Педагогикалық қызметте оқытудың заманауи, инновациялық технологияларын, білім беру нәтижелерін критериалды бағалаудың практикалық іскерліктері мен дағдыларын пайдаланады
- Табиғи ортадағы негізгі экологиялық мәселелерді, химиялық элементтердің қоршаған орта экологиясына, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне және Қазақстан экологиясына әсерін зерттейді.
- Әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық құбылыстардың қазақстандық қоғамды жаңғыртудағы рөлі тұрғысынан, тарихи үдерістердің ерекшеліктерін және шындықты философиялық пайымдауды сипаттайды.
- Тұрақты азаматтық ұстанымын, кәсіпкерлік қабілеттерін, көшбасшылық қасиеттерін, инклюзивті білім беру жағдайында экологиялық дүниетанымын және сыни ойлау дағдыларын көрсетеді.
- Химия мен биологияның әртүрлі есептеу есептерін шешу үшін теориялық және практикалық білімдерін қолданады, қазіргі мектеп бағдарламаларына сәйкес нақты химиялық және биологиялық эксперименттерде білімін көрсетеді.
- Химиялық технология бойынша есептерді шешуде, химиялық өндірістің барлық үдерістерінің өзара байланысын, негізгі органикалық табиғи қосылыстары, физикалық және коллоидты химияның заңдары, генетика мен селекцияның негізгі заңдылықтары туралы білімдері мен түсініктерін көрсетеді. Микроағзаларды өндірісте қолдану жолдарын және әртүрлі классификациядағы вирустарға қарсы сақтық шараларын талдайды.
- Ақпаратты жинау және түсіндіру үшін заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, пайымдау және ғылыми идеяларды қалыптастырады. Нақты және виртуалды салада мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде кәсіби ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын көрсетеді.
- Қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және халықаралық академиялық жазу нормаларын пайдалана отырып, тиісті кәсіби салада ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады
- Адам мен жануарлардың жасушалары мен ұлпаларының құрылысын, қызметін, бейорганикалық химияның теориясы мен заңдылықтарын, химиялық қосылыстардың қасиеттері мен байланыстарын, химиялық термодинамиканың негізгі ұғымдарын және дисперсті жүйелердің қасиеттерін түсіндіреді.
- Органикалық химия, биохимия және биоорганикалық химияның негізгі бағыттары, заттар мен қосылыстарды талдаудың негізгі химиялық әдістері саласындағы білімдерін көрсетеді.